Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы. азастан Республикасындаы сот билігіні ыты жадайыдеу
Скачать 19.83 Kb.
|
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы[өңдеу] Қазақстандағы сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің дербес тармағы болып табылады. Ол Республика атынан жүзеге асырылады. Сот билігі өзіне азаматтардың, олардың бірлестіктерінің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құқықтармен заңды мүдделерін қорғауды, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтык актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларды шешуде қолданылады. Соттар шешімдерінің, үкімдері мен өзге де қаулыларының бүкіл Қазақстан аумағында міндетті күші болады. Қазақстан Республикасының сот жүйесі[өңдеу] Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік. Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді. Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды. Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі[өңдеу] Қазақстан Республикасының жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Судья қызметін алғаш рет атқарып отырған адам ант қабылдайды. Соттардың тұрақты судьялардан тұратындығын атап көрсету қажет; судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқына қолсұғылмаушылығы Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген негіздемелер бойынша ғана тоқтатылады. Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститудия мен заңға ғана бағынады. Судьяға ешкімнің ешқандай ықпал етуге құқығы жок. Судья сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті, судьялық этика (әдеп) талаптарын сақтауға тиіс, заңсыз араласуға жол бермеу жөн. Судьялардың кеңесінің құпиясың сақтауға міндетті. Судья оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқара алмайды. Судьяны тұткынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьялар мен оның отбасы мүшелері және мүлкі мемлекет тарапынан қорғалады. Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесі[өңдеу] Конституциялық Кеңес мемлекеттік орган ретінде елілгіздің барлық аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Конститудиялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экспрезиденттері ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын Президент тағайындайды және қызметінен де Президент босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Президент, Сенат төрағасы және Мәжіліс төрағасы сайлайды, қызметінен де солар босатады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады. Конституциялық Кеңес кұрамына тағайындау үшін мынадай талаптар койылады: Қазақстан Республикасынын азаматы; жасы отызға толған; республика аумағында тұрақты тұратын; жоғары заң білімі бар; заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс өтілі бар болуы керек. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері өздері тағайындалғаннан кейін ант береді. Конституциялық Кеңестің төрағасы мен мүшелері мемлекеттік қызметтің лауазым иелері болып табылады. Сондықтан да олардың мәртебесін Конституция мен "Конституциялық Кеңес туралы" Конституциялық заңнан басқа "Мемлекеттік қызмет туралы" Зан айқындайды. Конституциялық Кеңеске мүшелік белгілі бір шектеулермен байланысты (олар үкімет мүшелеріне койылатын шектеулерге ұқсас) болады. Конституциялық Кеңестің құзыреті[өңдеу] Конституциялық Кеңес Президенттің, Сенат төрағасының, Мәжіліс төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-министрдің өтініші бойынша: дау туған жағдайда Президент, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің дұрыстығы және республикалық референдум өткізу туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдардың Конституцияға сәйкестігін Президент қол койғанға дейін карайды; республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейін (яғни заңдық күшіне енгенге дейін), олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсіндірме (яғни мазмұнын, мағынасын белгілеу) береді; Парламент Президентті мерзімінен бұрын қызметінен босату немесе қызметінен кетіру жөніндегі мәселе бойынша шешім кабылдау үшін конституциялық рәсімдердің сақталғандығы туралы қорытынды шығарып береді. Конституциялық Кеңес адамның және азаматтың конституциялық құқыктары мен бостандьгқтарына нұқсан келтіретін заңды немесе езге де нормативтік актілерді конституциялық емес деп тану жөніндегі соттардың өтініштерін карайды. Конституциялық Кеңестің шешімдері қабылданған күннен бастап күшіне енеді, республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндетті және шағымдануға жатпайды. Сонымен, сот билігі біртұтас мемлекеттік биліктің өз алдына дербес тармағы болып табылады. Судьялар сот әділдігін жүзеге асыруда тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады. Қазақстан Республикасында сот әділдігін сот қана жүзеге асырады. Сот билігінің басты міндеті — азаматтардың, олардың бірлестіктері мен ұйымдарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін корғау, Конституцияның, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстанда сот жүйесін Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және соларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Соттардың шешімдері, үкімдері мен өзге де қаулыларының республика аумағында міндетті түрде орындалатын күші бар деп танылады. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің басты мақсаты — еліміздің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады.[1 |