ОББ. азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Шыыс азастан облысы кімдігі білім басармасыны Аягз аласыны политехникалы колледжі
Скачать 360.5 Kb.
|
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Бекітемін» Аягөз қаласының политехникалық колледжінің директоры _____________________ __ ___________ 2016 ж «Объекті бағытталған программалау негіздері» пәнінің жұмыс бағдарламасы 1304000 «Есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандықтарына арналған Құрастырған «Объектілі бағытталған программалау негіздері» пәнінің оқытушысы Ардашева Дина Ерболатовна Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «25» желтоқсан 2009 жылғы № 595 шешімімен бекітілген типтік оқу жоспарына негізделіп құрастырылды. Бағдарлама ақпараттық технологиялар бірлестігінің отырысында қарастырылып бекітілді. Хаттама №__ «___» «______» 2016 ж. Пән бірлестігінің жетекшісі: ____________________ Нуржанова А.Б. Аягөз қаласы, 2016 жыл 1 Түсіндірме жазба Берілген жұмыс оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру стандартының (ҚР МЖМБС 4.05.046 - 2009) техникалық және кәсіптік білімнің «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздаңдыру» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 25.12.2009 ж. № 595 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына негізделіп құрастырылды Бұл берілген жұмыс оқу бағдарламасы білім алушыларға обьектілі-бағытты бағдарламалаудың негізгі түсінігін және мәліметтерді өңдеудің қолданбалы жүйелерін құруда тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруды қарастырады. Бағдарламаны құрастыруда негізгі тіл ретіңде қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерінің ішіндегі көп таралған С++ тілі және қосымшаларды жылдам құруға, соның ішінде мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған қосымшаларды құруға мүмкіндік беретін С++ Builder жүйесі таңдалған. Обьектілі-бағытты Java тілінің бағдарламалау негіздері, технологиясы қосымша қарастырылады. Жалпы көлемі – 152 сағат, олардың ішінде: - теориялық сағат – 98 сағат; - зертханалық сағат – 60 сағат; Берілген жұмыс оқу бағдарламасын іске асыруда қаралғандар: - бақылау жұмысы - 2; - сынақ – 1; - емтихан - 1; Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау мақсатында, оқу бағдарламасын іске асыруда дәстүрлі оқу жүйесін, жаңа технологияларды дидактикалық және көрнекі құралдар: плакаттар, модельдер, оқу-әдістесмелік құралдар қолдануға ұсынылады. «Обьектілі-бағытты бағдарламалау негіздері» пәнінің берілген жұмыс оқу бағдарламасын құрастыруда оқытуды ұйымдастырудың келесі түрлері: лекциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, бақылау жұмыстары және басқалар ұсынылады. Теориялық білімдерді бекіту және қажетті тәжирибелік дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруда пән бағдарламасында зертханалық жұмыстар өткізу қарастырылған. Берілген жұмыс оқу бағдарламасы білім алушылардың пәндерден алған білімдеріне, біліктіліктеріне және дағдыларына негізделеді: - Информатика - Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері: - Бағдарламалық қамтамасыздандыру құру технологиясы Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады: - Микропроцессорлық техника негіздері; - Автоматтандырылған жүйелерді ақпараттық қамтамасыздаңдыруды құру және жүргізу; - Желілік технологияға кіріспе. «Обьектілі-бағытты бағдарламалау негіздері» пәнінің бағдарламасы 5 бөлімнен тұрады. Пәнді оқытуда лекциялық, зертханалық жұмыстар қарастырылған. Зертханалық жұмыстар компьютер арқылы өткізілуі керек. Есептеуіш техника құралдарының қарқынды дамуы пәннің мазмұны үнемі өзгеріс еңгізіп отыруды қажет етеді. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар білуі керек: - өрт қауіпсіздігі мен техника қауіпсіздігі ережелерін; - қойылған есепті шешу тәсілдерін; - негізгі мәліметтер типтерін және оларға қолданылатын амалдар, операторлар, көрсеткіштер, сілтемелер, функциялар, жиымдарды функция параметрі ретінде беруді, препроцессорлық құралдарды; - объектілі-бағытты бағдарламалаудың негізгі принциптерін; - С++ тілінде енгізу-шығаруды; - біріктірілген орта интерфейсін; - негізгі кластардың қасиеттерін, әдістерін, оқиғаларды; - жоба құрылымын, негізгі компоненттерді; - мәліметтер қоры және қосымшаларды; - мәліметтерге қатынау механизмі сипаттамасын; - Java тілі негіздерін; - апплеттерді құру және олармен жұмыс істеуді; - қолданбалы есептерді талдау, жобалау және бағдарламалауды; - бағдарлама құрудың барлық кезеңінде дұрыс технологияны таңдауды; - бағдарламалау тілін таңдауды меңгеру керек: - С++ тілінде бағдарламалар құруды; - Borland C++ Builder ортасында жұмыс; - Borland C++ Builder ортасында қосымшалар құруды; - Borland C++ Builder ортасында мәліметтер қорымен жұмыс; - тесттерді құру және бағдарламаларды тестілеуді; - ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйелерін тұрғызуды; - BDE-де мәліметтер қорымен жұмыс істеу қосымшасын құруды; - есеп беру құруды; - Java қарапайым қосымшасын құруды; - бағдарламалық өнімді қорғау тәсілдері мен құралдарын қолдануды; - бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді тестілеуді. Оқушыларға ұсынылған әдебиеттер курсында зертханалық және бақылау жұмыстары орындалады. Бағдарламаның негізгі бөлімдерінде лекциялар оқылады, зертханалық сабақтар жүргізіледі. Зертханалық жұмыстардың есебін құруы керек: - есептің құрылуын; - алгоритмдік ауызша сипаттауын және блок-схемасын; - бағдарлама мәтінін; - мәтіндік мысалын; - қорытындысын.
2 Пәнді оқытуға жоспарланған нәтижелер
|