СРС Метрология. азастан республикасыны білім жне ылым министрлігі стбаев университеті
Скачать 125.15 Kb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ Институт Автоматика және ақпараттық технологиялар Кафедра Автоматтандыру және басқару СӨЖ Тақырыбы «Айнымалы қысым құламалы шығынөлшегіштердің теориялық негіздері. Стандартты тарылу құрылғыларының схемалары. Айнымалы токпен қоректенетін электромагниті бар электромагнитті шығынөлшегіштер» Зертханалық жұмыстың орындалуын өлшеу құралы
Білім алушының аты-жөні Сейтжанов Бақдәулет Мамандық шифрі 6B07103 – Автоматтандыру және роботтандыру Оқытушының аты-жөні: Тлепберген Гульнур Алматы 2021 Мазмұны Кіріспе.................................................................................................... ..... 3 1. Қысымның айнымалы құлауының шығынын өлшегіштері................ 4 2. Электромагниттік шығын өлшегіштер................................................. 7 Қорытынды............................................................................................... 8 Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.......................................................... 9 Кіріспе XXI ғасыр ғылым мен өнеркәсіптік өндірістің шартты дамуымен сипатталады. Соңғысы, түрлi өлшемдер және өлшеу құралдарының кең қолданылмауы мүмкiн емес. Өлшеу техникасының қазіргі замандағы орнын келесі мәліметтер сипаттай алады. Өлшеу техникасының негізгі тұтынушысы ол - өнеркәсіп. Мұнда өлшеу техникасы технологиялық процестің ажырамас бөлігі. Бұл шикізат сияқты өнімдердің және басқада процестердің сапасына бақылау жасайтын өнеркәсіптерде осы жайлы ақпарат алу үшін режимдік параметрлерді қолданады. Өндірісіне түскенде маман, өлшеу жұмыстарына тура немесе жанама байланысты болады, көптеген өлшейтін тапсырмалармен кездеседі. Бұл жағдайды оңайлату үшін «Технологиялық өлшеу және аспаптар» пәнін қарау керек. Жақсы инженер маманы болу үшін өлшеулердің түрлерін және жолдарын игеру керек. Сонымен қатар, ең алдымен өлшеу әдісін таңдау керек. Себебі, әсіресе өлшеу әдісі және аспаптардың физикалық жұмыс жасау принципі ең тұрақты құрамы болып келеді. Оқу әдістемесі материалы құрамына 7 тарау кіреді, соның екінші тарауы қысымды өлшеу – қысымды өлшеу құралдарына арналған. 3 Қысымның айнымалы құлауының шығынын Өлшегіштері Сұйықтықтардың, газдардың және булардың шығынын өлшеудің ең таралған бір принципі тарылтатын құрылғыда қысымның айнымалы құлауының шығынын өлшеу принципі болып табылады. Қарастырылып жатқан принципке сәйкес құбырға тарылтатын құрылғыны қондырады. А-А қимасын өтіп (3.2 сурет) тасқын жұмылады және инерция арқасында жұмылу жалғасады және тарылтатын құрылғының шығысында одан кейінгі бір арақашықтықта ең үлкен мәнге жетеді. Ағыстың азаюы тасқынының тарылуға дейінгі жылдамдығымен салыстырғанда үлкеюіне әкеледі. Бұл тасқынның кинетикалық энергиясы көбейіп жатыр дегенді білдіреді. Энергияны сақтау заңына сәйкес, кинетикалық энергияның көбеюі потенциалдық энергияның азаюы есебінен жүреді. Ал бұл қысым тасқынының P тарылтатын құрылғы шығысында азаюына әкеледі. Тарылтатын құрылғыда дифманометрмен өлшенетін қысым құлауы ∆P=P1-P2 пайда болады. 3.2 сурет – Қысымның айнымалы құлауының шығынын тарылтатын құрылғыда өлшеу принципі 4 Стандартты тарылтатын құрылғыларға жатады (3.3 сурет) - стандартты диафрагма (а); - стандартты сіңбірік (б); - Вентури сіңбірігі (в); - Вентури құбыры (г). 3.3 сурет – Стандартты тарылтатын құрылғылар Қарапайымдылығы және құны аздығы диафрагмалардың кең қолданысын шарттайды. Бірақ тарылтатын құрылғыларды таңдау кезінде келесі факторларды да ескеру керек: 1) Тарылтатын құрылғыдағы қысым жоғалуы (δр) шектелсе, онда тарылтатын құрылғыны таңдау кезінде сызба бойынша анықталатын осы жоғалуды ескеру керек. 2) Диафрагма және сіңбірікті қолдану кезіндегі қысым жоғалуы іс жүзінде бірдей. 3) Вентури сіңбірігінде δр бірталай төмен. 4) Шығын коэффициенті α өзгере алады, өйткені жағымсыз әсерлер құбырда жергілікті кедергілер әкеледі. 5) δр/р қатынасы ε кеңейтілуіне дұрыстайтын көбейткіштің анықтау қателігіне әсер етеді. Жоғарыда келтірілген тарылтатын құрылғыларға талаптарына сәйкес, газдың және будың өлшеу кезінде тарылтатын құрылғысының оптималды модулін таңдау сұрағы қарама қарсы талаптарды қанағаттандыратын компромисті жолмен шешілуі керек. Тарылтатын құрылғы модулі (3.3) 5 мұндағы F0 , d – тарылтатын құрылғының кіру тесігінің ауданы мен диаметрі; F1 - қимасындағы тасқынның тік қимасының ауданы; D - құбырдың диаметрі. Шығын коэффициенті (3.4) мұндағы ReD - Рейнольдс саны; 66 - тарылтатын құрылғы модулі. Шығыс коэффициенті α әзірше теориялық жолмен дәл есептелінбейді. α мәндері тарылтатын құрылғылардың кейбір үлгілері үшін тәжірибелік жолмен анықталған. Тәжірибелік жолмен табылған Re Рейнольдс санынан α тәуелділіктері стандартты диафрагма (а) арқылы, сіңбірік пен Вентури сіңбірігі (б) арқылы жұмсақ құбырларда ағатын орнатылған тасқын шарттары үшін 3.4 суретте келтірілген . 3.4 сурет – Re Рейнольдс санынан және тарылтатын құрылғы модулінен шығын коэффициентінің тәжірибелік тәуелділіктері Сызбадантен көрінетіндей төмендеуімен Re төмендейді. Бұдан кішкентай m таңдағанда шығынды өлшеу үрдісінде оның азаюы α таңдалынған мәні өзгермейді деген кепілдік бар. Re аз болған сайын α=f (Re) тәуелділігі көбірек болады. Re көбеюімен оның шығын коэффициентіне әсері азаяды. α мәндері нормативті құжаттар кестелерінде келтіріледі. Көрсетілген тарылтатын 6 құрылғылар жекелік градуирлеулерді қажет етпейді және стандартты тарылтатын құрылғылар деп аталады. Стандартты тарылтатын құрылғылар құбырлардың D=50 мм кем емес диаметрлері үшін қолданылуы мүмкін, кері жағдайда шығын коэффициентін анықтау қателіктері көбейеді. 7 Электромагниттік шығын өлшегіштер Электромагниттік шығын өлшегіштер жұмыс істеу приципі (3.6 cурет) электромагнитті индукция заңына негізделген (Фарадей заңы), ол бойынша магнитті күштік сызықтармен қиысатын өткізгіште өткізгіштің қозғалысының жылдамдығына пропорционалды ЭҚК индукцияланады. 3.6 cурет – Электромагниттік шығын өлшегіштің сұлбасы 3.6-cуреттегі белгілеулер: 1 – металды магнитті емес құбыр; 2,3 - электродтар; 4 – өлшегіш құрылғы. Егер өткізгіш ретінде магниттің полюстері арасында ағатын электрөткізгіш сұйықтықтың тасқынын қолдансақ және сұйықтыққа баратын ЭҚК өлшесек, онда сұйықтықтың тасқын жылдамдығын немесе көлемдік шығынын анықтауға болады. Құбырдың ішкі беті электрооқшаулағыш материалмен (эмаль, әйнекті пластик, резина) қапталған. Электромагниттік шығын өлшегіштер электрөткізгіштігі 10-5 -10-6 См/м кем емес болатын сұйықтықтар үшін қолданылуы мүмкін. Тұрақты магнитті өрісі бар электромагниттік шығын өлшегіштерде үлкен кемшілігі - бар электродтарда гальваникалық және поляризация ЭҚК пайда болуы мүмкін. Бұл кемшілікті болдырмас үшін – айнымалы магнитті өрісі бар электромагниттік шығын өлшегіштерді қолдану. Бірақ та айнымалы магнитті өрісті қолдану пайдалы сигналды бұрамалайтын эффекттер қатарын тудырады, мысалы, трансформаторлық 8 кедергі пайдалы сигналдың 20-30% жетеді. Бірақ аталған кедергілер мен оларды кетіру қиындығына қарамастан, өндірісте айнымалы магнитті өрісі бар электромагниттік шығын өлшегіштер іске асады. Айнымалы магнитті өрісі бар электромагниттік шығын өлшегіштердің артықшылықтары: 1) сұйықтықтың (тасқынының) тығызыдығын өлшеудің қажеті жоқ; 2) шығын өлшегіштің көрсетулеріне сұйықтықтағы ілінген газдың бөлшектері мен торсылдақтары, сонымен қатар, температура t, тұтқырлық, тығыздық, сұйықтықтың қысымы P әсер етпейді; 3) өлшеулерді қысымның жоғалуынсыз өткізуге, сонымен бірге оларды стерильді объекттерде өткізуге мүмкіндік береді; 4) шығын өлшегіштер инерциясыз, сондықтан тез өзгеретін тасқындардың өлшеулерінде қолданыла алады. Дәлдік класы: 1,0 – 2,5. 9 10 Пайдалынылған әдебиеттер тізімі 1. С.Г. Хан, Б.С. Джумагалиев Технологиялық өлшеулер және аспаптар АЭжБУ, 2014 (64-67 бет Қысымның айнымалы құлауының шығынын өлшегіштері, 68 бет Электромагниттік шығын өлшегіштер) 2. https://allrefrs.ru/4-24061.html Все рефераты Тұрақты қысым құламасы бойынша шығын өлшеу құралдары (Все рефераты) 3. https://stud.kz/referat/show/87891 Stud.kz Қысымның ауыспалы ауытқуының шығыс өлшеуіштері 11 |