Арыстанбак Молдашұлы. Мақала. азастан Республикасыны Мдениет айраткері Арыстанбек Молдашлынаарналанмірін нерімен рнектеген атты еске алу кеші
Скачать 1.5 Mb.
|
Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Арыстанбек Молдашұлынаарналған«Өмірін өнерімен өрнектеген» атты еске алу кеші Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы өлкеміздің дамуы мен өркендеу жолына сүбелі үлесін қосып жүрген ел азаматтарды ұлықтауды назардан тыс қалдырған емес. Осындай игі істердің қатарына Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайында 2015 жылғы 16-шы қаңтар күні қолөнер шебері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Арыстанбек Молдашұлынаарналған«Өмірін өнерімен өрнектеген» атты еске алу кеші және шебердің қолөнер туындылары бойынша көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: А.Молдашұлының қолынан туындаған ұлттық нақыштағы дүниелерді өскелең ұрпаққа насихаттау, рухына тағзым ету. Көрмеге шебердің қолөнер туындылары - гүл тәрізді оюлап бейнеленген қоңыр түсті шай сандық, аузына құлып салынған өрнекті сандықша, ағаштан оюлап жасаған қобдиша, қолшоқпары, ағаш ожау, жарға ұстайтын тақтайша, күмістен және жезден жасалған зергерлік бұйымдар коллекциясы, киіктің мүйізі, еңбек құралдары қойылып, көрермендерге кеңінен насихатталды. Шараға ҚР Мәдениет саласының үздігі Мұхамбетов Серік Қалжанұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, Махамбет атындағы қазақ драма театрының әртісі Махмудов Қайыржан Ерғалиұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Аққали Қабижанұлы, Ғабдошева Мнаура Төлегенқызы қатынасып, ағаның өнер жолындағы еңбектері мен тағылымды өмірі айтылып, жылы ықыластарын білдірді. Сондай-ақ, шебердің тума-туыстары мен құда-жекжаттары қатынасып, «ұлық болсаң-кішік бол» деген адамгершілік пен парасаттылықты биік ұстап, қарапайымдылық сынды қанға сіңген қасиеті арқылы өнердің биік шыңынан көрінген әмбебап шебер екендігі және оның қолөнер туындылары құнды сый естелік болып, ұрпақ жадында мәңгі сақталады деп қорытындыланды. Өнер өрінде өз өрнегі бар тума талант, белгілі шебер А.Молдашұлының өмірі мен өнерінен сыр шертетін «Өмірін өнерімен өрнектеген» атты кітапшасының тұсауы кесілді. Шара барысында Д.Нұрпейісова атындағы музыка колледжінің ІІ курс студенті Ермұханова Жанарымның «Жігіттерге өсиет» атты халық термесі мен мұражай қызметкері Тілекқабылов Ерланның Арыстанбек ағаға шығарған өлең туындылары келген көрермендерді зор әсерге бөледі. Шараға Қ.Дүтбаева атындағы Атырау педагогикалық колледжінің және Д.Нүрпейісова атындағы музыкалық колледжінің студенттері қатынасты. Осындай кештің ұйымдастырылуы, әсіресе жастар үшін тағылымы мол, алар ғибраты көп болды. Самал Қазиханқызы Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайының «Этнография және өлке табиғатын» ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі |