тест семинар аудандық жинақталған. азастан тарихы 1 нса
Скачать 192.36 Kb.
|
5 – нұсқа
6- нұсқа 1. Қазба жұмыстары нәтижесінде Қазақстан территориясының қай жерінен қола кезеңінің қорыту пештері табылғанын көрсетіңіз: А) Арқалық түбінен В) Жетісудың оңтүстігінен С) Тарбағатай тауларынан Д) Қанай елді мекенінен Е) Желқуар өзені алқабынан 2. Шабақты қонысы жататын дәуір: А) ерте палеолит В) орта палеолит С) кейінгі палеолит Д) неолит Е) қола дәуірі 3.Үйсіндердің саз балшықтан жасалған ыдыстары мен заттарында ненің бейнеленгенін көрсетіңіз А) Күн В) Ағаш С) Жолбарыс Д) Арыстан Е) Аю 4. ХІ-ХІІ ғғ. Қазақстан территориясында «күміс дағдарысына» байланысты А) күміс монеталар тауар функциясын атқара бастады В) күмісті қолдануға тыйым салынды С) дирхемді мыстан соғып, күміс жалатты Д) күміс бұйымдар жоғала бастады Е) айналымға күміс монеталар фрагменттері енгізілді 5.ХІІ ғасырдан бастап қыпшақтар ...... билей бастады А) Орта Азияны В) Жетісуды С) Шығыс Түркістанды Д) Мауереннахрды Е) Арал теңізінің маңын 6. Тараздық саудагерлер саудаға шығарған Талас өзенінің жоғарғы сағасынан өндірілетін пайдалы қазба А) күміс В) алтын С) кәріптас (янтарь) Д) інжу Е) лазурит 7.Орта Азияның басқарушы жүйесін өзгерткен Батыс-Түрік қағанатының басшысы А) Құтлық хан В) Үшлік хан С) Шегу қаған Д) Тон қаған Е) Тардуш қаған 8.Темір мен Тоқтамыстың қақтығысы мен күресі қай жыраудың жырында көрініс тапқанын көрсетіңіз А) Сыпыра В) Асан қайғы С) Қазтуған Д) Қотан тайшы Е) Шалкиіз 9.Отырарда басып алған моңғол қолбасшысы: А) Шыңғысхан В) Бату С) Жошы Д) Төле Е) Шағатай 10.ХІV- ХV ғғ. Қазақстанда қатар жүрген діндер А) ислам мен буддизм В) шиизм мен суннизм С) несториандық пен буддизм Д) ислам мен зороастризм Е) ислам мен шаманизм 11.Өздерінің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында 1742 жылы Ресей жоңғар басшыларына қойған талабы А) сауда жолдарын қауіпсіздендіру В) олардың солтүстік иеліктерін беру С) агрессияны тоқтату Д) Жетісу аймағын босату Е) Орта Азия нарықтарына жолдарды ашу: 12.1749 ж 10 шілдеде Ресейге бодан болуға ант берген Кіші жүз ханы А) Батыр В) Барақ С) Нұралы Д) Әбілқайыр Е) Ералы 13.Халықты өз жағына күшпен тартып, қателік жасаған көтеріліс басшысы А) Сырым Датұлы В) Исатай Тайманұлы С) Кенесары Қасымұлы Д) Жанқожа Нұрмұхамедұлы Е) Есет Көтібарұлы 14. 1857 жылы 9 қаңтардағы Ж. Нұрмұхамедұлы отряды мен жазалаушы Фитингоф отряды арасындағы шешуші шайқас қай жерде болғанын көрсетіңіз А) Сырдарияның төменгі ағысының маңында В) Арықбалық мекенінде С) Амударияның оң жақ жағасында Д) Балқаш көлі жағасында Е) Маңғыстауда 15. 1831 жылы мол әскерімен қазақ руларының жеріне басып кірген Хиуа ханы А) Құдияр хан В) Мұхамед Рақым С) Аллақұл Д) Мүбәрак қожа Е) Даваци 16.1869жылы Орал облысының қазақ шаруалары көтерілісін жазалауды басқарған генерал –губернатор: А) Черняев В) Рукин С) Белобородов Д) Веревкин Е) Семенов 17.Солтүстік Қазақстандағы энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші А) Сексеуіл В) Усть Нарым С) Зеленая Балка D) Пеньки Е) Ботай 18.Көкшетау жеріндегі қола шалғы табылған қоныс: А) Шағалалы В) Степняк С) Атасу D) Беғазы Е) Алексеевка 19. 1837жылы 15 қарашада Исатай әскері жеңіліске ұшыраған шайқас: А) Тастөбе шайқасы В) Майтөбе шайқасы С) Ақбұлақ шайқасы Д) Арықбалық шайқасы Е) Жалаңашкөл шайқасы 20. Қай өнеркәсіптің жұмысшылары мен қызметшілерінің талаптары мәтінде көрсетілген: « Біз француз азаматы, тау-кен өнеркәсіпшісі К.Э. Карноның кенішіндегі қызметшілері мен жұмысшылары .... кеніштегі өмірдің қазіргі ауыр жағдайында өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алмаймыз, ол кеніштегі жағдай түзеліп, жақсарған кезде ғана мүмкін болады деп санаймыз және...... талап етіп, қаулы қабылдадық» А) Риддер түсті металл кеніші В) Қарағанды шахтасы С) Спасск мыс зауыты Д) Шымкент зауыты Е) Успенск мыс кеніші 7-нұсқа 1. Қай жылы Ертістің оң жағалауында көшіп-қонып жүрген қазақтар үшін «Семей ішкі округі» құрылды? А) 1853 ж В) 1855 ж С) 1851ж Д) 1854ж Е) 1856 ж. 2. «Спаск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы» ұйымы қай елде құрылды? А) Англия В) Франция С) Австрия Д)Германия Е) Италия 3. Монғолдардың Оңтүстік Қазақстанда жойып жіберген үш қаласы: A) Отырар, Сайрам, Тараз. B) Ашынас, Яссы, Икан. C) Отырар, Сығанақ, Ашынас. D) Икан, Отырар, Сайрам. Е) Сығанақ, Яссы, Икан 4. 1918 жылғы наурыздың 21-і мен сәуірдің 3-і аралығында Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болған қала: A) Ташкент. B) Қызылорда. C) Алматы. D) Семей. E) Орынбор. 5. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен ақталған көрнекті ақын, философ: A) Ж.Аймауытов B) С.Сейфуллин C) Қ.Мырзалиев D) Ш.Құдайбердиев E) М.Әуезов 6. Шыршық өзенінің оң жағындағы қаңлы каналы: A) Қостөбе B) Шаш-Илақ C) Ханарық D) Көк-Мардан E) Зах 7. Қырғыздар мен орыстардың қарым-қатынастарын реттеу тәсілдерін, 1917жылдың сәуірінде босқындардың Қытайдан қайтып келуін қарастырған сьезд: А) Жетісу сьезі В) Мұсылман сьезі С) Түркістан сьезі Д) Құрылтай сьезі Е) Орынбор сьезі 8. 1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді: A) Бұрын қоныстанған шаруаларғаB) Жергілікті шаруаларға C) Жер берілмейтін болды D) Жаңадан қоныстанған шаруаларғаE) Барлық шаруаларға 9. XVI-XVII ғасырлардағы қазақ тарихының маңызды ескерткіші-Қадырғали Жалайырдың шығармасы: A) "Бадап әл-уәкәй". B) "Тарихи рашиди". C) "Диван лұғат ат-түрік". D) "Диуани хикмат". E) "Жамиғат тауарих". 10. Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл: A) 1868 жылы B) 1883 жылы C) 1865 жылы D) 1861 жылы E) 1870 жылы 11. Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене: A) Алаша хан кесенесі B) Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі C) Көккесене D) Арыстан баб кесенесі E) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі 12. Ауылдарда Кеңестік билікті нығайтуда және жер –су реформасын өткізуде үлкен рөл атқарған А) «Қосшы одағы» В) ағартушылық орталықтар С) Казревком Д) Қызыл киіз үйлер Е) Көшіп келген шаруалар 13. «Қазақ» газетінде басылған «Тағы соғыс» мақаласының авторы: A) Ж.Аймауытов. B) М.Дулатов. C) А.Байтұрсынов. D) Ә.Бөкейханов. E) Ш.Құдайбердиев. 14. 1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны A) Бітістіруші сот B) Соттардың төтенше съезі C) Облыстық сот D) Халық соттары E) Уездік сот 15. 1905 жылы 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер A) Ақмола B) Орал C) Семей D) Жаркент E) Қарағанды 16. Қазақстанда Кеңес үкіметін орнату үшін күрескен қазақ большевигі: А) Ш.Құдайбердиев В) А.Иманов С) М.Тынышпаев Д) А.Байтұрсынов Е) Т.Бокин 17. Сақ қоғамындағы тайпалар мен рулар арасындағы даулы мәселелерді шешті A) Абыздар B) Тайпа көсемі C) Билер D) Патша E) Халық жиналысы 18. Түрік қағанаты мен Византия мемлекеті қарсы одақ құрған ел: A) Эфтелиттер B) Иран C) Парсы D) Хорезм E) Қытай 19.Моғолстан ханы Жетісу мен Ыстық көлдің маңындағы жерлерді басып алу үшін Қазақ хандығына қарсы үлкен соғыс бастаған кезең: A) XVII ғасырдың басы B) XVI ғасырдың I жартысы C) XVI ғасырдың 50-60 жылдары D) XVI ғасырдың 70 жылдары E) XVI ғасырдың 30 жылдары 20. Мәтіндегі тарихи тұлғаны анықтаңыз: « Хандықты өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге, күнкөріс тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандардың одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға да көңіл бөлген.» А) Күшлік В) Дайын С) Инанч білге Д) Бұйрық Е) Құршақұз 8 - нұсқа 1.Қарақұдық тұрағы қай дәуірге жатады? A) Орта палеолитке. B) Неолитке. C) Қоладәуіріне. D) Ертепалеолитке. E) Кейінгіпалеолитке. 2. Қазақстан КП ОК-ң 1947 ж. 21 қаңтардағы қаулысы бойынша тиым салынған мәселе: A) Қоғамдық ғылымдарды қадағалауға.B) XX ғ-дың басындағы рухани мұрасын зерттеуге. C) Тарихты зерттеуге. D) Ғылыми ойлау бостандығына. E) Тарихты ғылыми тұрғыдан байытуға 3. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы A) Ошақты B) Дулат C) Үйсін D) Жалайыр E) Қаңлы 4. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан: A) Сүйік Абылайханұлы B) Арыстан Жантөреұлы C) Қайыпқали сұлтан D) Тайшық сұлтан E) Баймағамбет сұлтан 5. «Уақытша ереженің» талаптарына қарсы 1869 жылғы көтеріліске қатысқандар саны: A) 2000 B) 4000 C) 1000 D) 5000 E) 3000 6. XIV-XV ғ. жататын эпостық жыр A) «Ертөстік» B) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» C) «Қодан тайшы» D) «Қобыланды батыр» E) «Баян батыр» 7. 1922 жылы Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулар саны: A) 75%. B) 60%. C) 82%. D) 65%. E) 70%. 8.Дүние жүзіне белгілі ғалым «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» еңбектерінің авторы. A) Ш.Уәлиханов. B) В.Радлов. C) Н.Пржевальский. D) П.Семенов-Тян-Шанский. E) Г.Потанин. 9. Столыпин реформасынан кейін Ақмола облысындағы қазақтар санының үлесі: A) 73 % B) 60,5 % C) 56,7 % D) 40,8 % E) 36,6 % 10. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы: A) Күйші Ұзақ. B) Құрманғазы Сағырбайұлы. C) Дәулеткерей Шығайұлы. D) Ықылас Дүкенұлы. E) Дина Нұрпейісова. 11. Шығыс Еуропа елдерінде болған өзгерістердің салдарынан : A) Көптеген Қазақстандықтар Отанына оралуға мүмкіндік алды. B) Авторитарлық режимдер құлатылды. C) Варшава Шарты елдері әскери одағының жұмысы ұзартылды. D) Варшава Шарты елдерінің әскери одағы таратылды. E) Бұл елдерде орналасқан әскерлерді әкетуге мүмкіндік туды. 12. Патша үкіметінің сайлау заңына сәйкес ’’түземдік’’ халық арасында екінші мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан кім сайланды? A) М.Шоқай. B) М.Тынышпайұлы. C) Ш.Қосшығұлұлы. D) Т.Нүрекенұлы. E) А.Бірімжанұлы. 13. ХVІІ ғ. соңы мен ХVІІІ ғ. басындағы Қазақ хандығындағы саяси жағдайды реттеген хан: A) Хақназар. B) Тәуке хан. C) Есім хан. D) Абылай хан. E) Қасым хан 14. Б.з.-дан бұрынғы III ғасырда Қазақстанның оңтүстігінде құрылған тайпалық бірлестік: A) Үйсіндер. B) Аландар. C) Қаңлылар. D) Қыпшақтар. E) Сарматтар. 15. 1905 жылы қарашада Семей облысының губернаторы Галкиннің әскери күш шақыруына себеп болған ереуіл. A) Жергілікті интеллигенцияның. B) Почта-телеграф қызметкерлерінің. C) Ұсақ шеберханалар жұмысшыларының. D) Кеніш жұмысшыларының. E) Теміржолшылардың. 16.Жетісудағы ұлт азаттық көтерілісте орыс шаруаларының ішінен көтерілістің Қарқара ошағын ұйымдастырушылардың бірі: A) Д.Федосов. B) И.Долматов. C) С.Вербицкая. D) Е.Курев. E) П.Аркадьев. 17.Мамайдың Куликово даласындағы жеңілісін пайдаланған қай хан Алтын Ордадағы билікті тартып алды? A) Жошыхан. B) Тоқтамысхан. C) Өзбек хан. D) Мөңке хан. E) Берке хан. 18. 1970 жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі. A) 25% B) 70% C) 80% D) 50% E) 10% 19.ХХ ғ. 60 ж. ғылыми техникалық прогресс негізінде электротехникалық машина жасау жөніндегі пайда болған ірі кәсіпорындар дың бірі: A) Шымкент гидролиз зауыты. B) Өскеменқорғасын-мырыш комбинаты. C) Ақтөбе трикотаж фабрикасы. D) Өскемен конденсатор зауыты. E) Шымкент қорғасынзауыты. 20. Мәтінді жазған деректің авторын анықта: «Сібір шекаралық шебінде ұзақ уақыт қызмет етіп, қазақ халқының өмірі мен тұрмысын жақсы зерттеген еді. Ол өзінің кітабында Орта жүздің тарихы мен шекарасы туралы егжей-тегжейлі мәлімет қалдырды. Онда далалықтардың әдет-ғұрыптары мен салт –жоралары жан –жақты суреттеледі. Сондай-ақ қазақтардың Ертістің оң жағалауына қашан өткені туралы айтты» А) П.Рычков В) И.Г.Андреев С) Г.Миллер Д) П.Паллас Е) И.Фальк |