11 кт тжб 4. азастан тарихы пнінен iv тосан бойынша жиынты баалау тапсырмалары
Скачать 79.91 Kb.
|
«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары"Қырғыз-казак немесе қырғыз-кайсақ ордаларының және даланың сипаттамасы" атты А.И. Левшиннің еңбектерінен үзінділерді оқи отырып, сұраққа жауап беріңіз. 1.Қырғыз-қайсақтарды сипаттау үшін алдыменен аталуы жайында тоқталып өтемін. - «Қырғыз» деген қарақырғыз немесе бурут деп аталған халық. Қырғыз-қайсақтармен айтарлықтай байланысы жоқ. «Қайсақ» немесе «қасақ» деген екінші сөз. Кейбір деректерде «қасақ» атауы екімыңжылдық тарихы бар дейді. Әрине, бұның шын-өтірігін айырып жатпаймыз. Тек тоқтала кетейік дегеніміз, орыс тайпаларының ішіндегі «казак» аталып жүргендерде де бар. Бұл атауды олар орта ғасырларда иемденді. Негізгі иесі өздерін «қазақ» деп жүрген қырғыз-қайсақтар. Ал өздері және орыстардан өзге жақын көршілері өздерін «қазақ» деп атайды. Бұл атпен оларды парсылар, бұхарлықтар, хиуалықтар атайды. XVI және XVII ғасырлардағы жазбаларымызда «қазақ ордалары» дегеннен басқа атау кездеспейміз. Кейін анықтауыш ретінде «қырғыз» сөзі қосылды. Сөйтіп «қырғыз-қазақ», кейін «қырғыз-қасақ», аяғында «қырғыз-қайсақ» болып аталып кетті. Қорыта айтсақ, «қырғыз-қайсақ» емес, қырғыз-қазақ деп атауымыз керек деп ұсынамын. Осылайша халықтың негізгі атауын сақтауға болады. Жоғарыда атап кеткен «жаңа атау» XVIII ғасырдың басынан қолданыста. Бірақ Орынбор губерниясындағы іс-қағаздар кеңсесінде және сыртқы істер коллегиясындағы 1740-1760 жылдардағы хаттарда «Қазақ ордасы», «Қырғыз-қазақ әскері» деген жазбаларды кездестіруге болады. Ал, 1705 жылы в Амстердамдағы баспадан шыққан Витсеннің «Noord en Oost Tartarye» еңбегінде де бүгінгі қырғыз ордаларын «қазақ ордасы» немесе «татар қазақтары» деп келеді. Бұл еңбектерді кезінде Бірінші Петр арнайы алдыртқан. А.И.Левшинді «қазақ даласының Геродоты» деп атау себебіне 3 аргумент келтіріңіз. Ғалымның зерттеулері қаншалықты қазақ тарихына үлес қосты деп ойлайсыз? Дәлел келтіріңіз. [5] 2. А, В, С дереккөздерін қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз. А дереккөзі В дереккөзіС дереккөзіПатша өкіметі қазақ халқы арасында оқу-ағарту ісін бастауыш білім берумен, яғни орыс тілін және арифметиканың жай амалдарын үйретумен шектеу жеткілікті деп санады, ал орта білім беруге, оның үстіне жоғары білім беруге ол мүдделі болмады. Отаршыл өкімет орындары бастауыш мектептерді әсте де қазақтардың толық және жан-жақты білім алуы үшін емес, болыс басқарушылары жанында тілмаш, сұлтандардың іс жүргізушілері және т.б. болып жұмыс істеуге жарарлықтай аздаған білім беру үшін ғана ашты. Қазақстан аумағында: 1876 жылдан Верный және Орал қалаларында ерлер гимназиялары жұмыс істеді, 1871 жылы Орал мен Семейде қыздар гимназиялары ашылды. Орта мектептерде оқу үшін жоғары ақы төленуі оларға негізгі халықтын қолы жетпейтін етті. Өлкеде мектептердін үш үлгісі: педагогикалық, ауыл шаруашылық және қолөнерлік үлгілері болды. Төменгі ауыл шаруашылық мектептерінің негізгі мақсаты - көшпелі қазақ қоғамында егіншілік білімін тарату, қазақ санасына отырықшы тұрмыстын көшпелі тұрмыс салтынан «артықшылығын» сіңіруге тиіс болатын. Патша өкіметі қазақ халқы арасынан өзіне сенімді тірек жасауға, әкімшілік аппарат үшін, сондай-ақ орыстандыру рухында ағартушылық қызмет атқаратын сенімді кадрлар даярлауға ұмтылды https://el.kz/kz/news/archive/content-3786 ХІХ - ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан территориясындағы білім беру мекемелерінің дамуындағы 3 өзгерістерді анықтаңыз [3] Өзгерістердің себебін жазып, ойыңызды қорытындылаңыз. [2] Қазақстандағы кеңестік білім беру жүйесінің жетістіктері мен қайшылықтарын анықтаңыз.
Кеңестік білім беру жүйесінің кемшіліктері: 1. 2. 3. [6] Берілген дереккөзге сүйене отырып Қазақстан Республикасының білім және ғылым жүйесін жаңартудың маңызын көрсетіңіз.
Бағдарлама алдына қойған мақсаттарына жетті ме? Мысал келтіріңіз. 1. 2. Ауыл мен қала жастары арасындағы білім алудағы теңдікті қалай орнатуға болады. |Өз ұсынысыңызды жазыңыз. 1. 2. Еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды қалай дамытуға болады? Өз ұсынысыңызды жазыңыз. 1. 2. Жастардың бойында отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалай дамытуға болады? Ұсынысыңызды жазыңыз. 1. 2. [8] 5. «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасының елді жаңғыртудағы маңыздылығын талдаңыз. Болашақ - Қазақстан Республикасы Президентiнiң білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарлама. 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды. Бұл бастама дарынды жастарға келешекте өздерінің жинақтаған тәжірибелерін мемлекет игілігіне пайдалану үшін шетелде сапалы білім алуға көмектесу идеясына негізделген. Стипендия қызметте табысты өсудің, түлектердің кәсіби мамандануының кепілі іспеттес. Бұның дәлелі ретінде бағдарламаның көптеген түлектері мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, акционерлік құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, мемлекеттік және халықаралық жобаларға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосуда. Қазіргі кезде үміткерлер әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орындарында оқи алады. Бүгінгі таңда стипендияны іске асыруда магистрлік және докторлық бағдарламаларға, сондай-ақ біздің ел үшін анағұрлым қажетті болып табылатын техникалық және медициналық бейіндегі мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді. Ғаламтор материалдарынан
[6] Балл қою кестесі
|