кнжика. книжка. азастандаы бастауыш мектептерді алыптасуы мен дамуы xx асырды бас кезінде дстрлі мектептер мен
Скачать 218.5 Kb.
|
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола басталды Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды Медреседе бірнеше сынып бөлмелері болды. Олар шәкірттер тұратын, дәрет алып, жуынып-шайынатын, сондай-ақ тамақтанатын бөлмелер еді. Медреседе ұстаздыққа әдетте жасы 40-тан асқан адамдар ғана қабылданатын. Олардың медресені бітіргені туралы дипломының болуы талап етілетін. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды да өз бақылауына алуға тырысты. Мәселен, 1867—1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектептер мен медреселер ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек болды. Патша үкіметі мұсылмандардың оқу орындарын ашықтан-ашық кемсітіп, қорлау саясатына көшті. Қазақстандағы бастауыш мектептердегі оқу тәрбие үдерістерінің ғылыми педагогикалық негіздері Бірінші кезең (1861-1890 ж.ж.) отаршылдардың оқу ағарту саласындағы жұмыстары, бастауыш орыс, орыс-қазақ (орыс-түзем немесе аралас) мектептердің пайда болуы және олардың мұсылмандық ескі оқу жүйедегі оқу орындарымен косарлана дамуы. Екінші кезен (1891-1916ж бастауыш орыс-қазақ мектептері қызметінің дамуында оқуды, әр халыққа ана тілінде ұйымдастыру мәселелері және мұсылмандық жаңа оқу жүйесі жадизмнің қалыптасып дамуы мен қазақ ұлттық бастауыш мектептерінің іргетасының қалануы.Yшінші кезең (1917-1930 ж.ж.) Жадидтік оқу жүйесіндегі ұлттык қазақ бастауыш мектептері және кеңестік коғам кұрылымындағы мектеп, ондағы білім берудегі жаңашылдык сипат. XIX-ғасырдың екінші жартысынан бастап " қазақ өлкесіндегі мектеп жүйелерінің құрылысы өзгерістерге ұшырай бастады. Оған негізгі төрт себеп болды. Негізгі мақсаты балаларға діни ережелерін үйрететін оқу орны және мұсылман адамдар арасындағы қарым - қатынас жасау ережелерді орындауға үйрететін . Мұнда 6 - 14 жас аралығындағы балалар оқитын . Дегенмен, көп кездесетін жайлардың бірі мұсылмандық мектептердегі балалардың ұлтына қарай ақындардың поэзиялық шығармаларын ана тілінде оқытылуы жүзеге асырылып отырған , сондай - ақ , мұнда арифметика мен жазуды үйретті . Алған білімдерін олар кейіннен жеке сауда ісінде немесе аудармашы яки көшірмеші мамандығына пайдаланса , кейбіреулері , бұндай бастауыш мектептерді бітіргеннен кейін үлкен қалалардағы атақты медреселерде оқуын жалғастырып жатты . Қалалардағы медреселерде ислам дінін уағыздайтын бастауыш мұсылман мектептерінің молдаларын, казиларды, діндар сопылар мен шариғат заңдарын түсіндіретін жоғары лауазымды дін қызметшілерін даярлаған. Ол мұсылманшылық рәсімдерін таратушы оқу орны ғана емес, ірі мәдениет орталығы ретінде де қызмет атқарды. Белгілі ақындар, тіпті ағартушы-демократ ретінде танылған қазақ зиялыларының біразы осындай медреселерді тамамдаған. Мыс., орта ғ-дағы Отырар медресесінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі, екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фараби білім алды. Беріректе Уфадағы “Ғалия” медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыды. Бұл оқу орындарында дін жолын уағыздайтын пәндерден басқа заңтану, тарих, логика, риторика, география, философия, математика, астрономия, медицина, т.б. зайырлы пәндер оқытылған. Медреселердің жанында кітапханалар болды. Оқу мерзімі шәкірттің алғырлығына, үлгерім қабілетіне байланысты болған. Оқуды тамамдаған шәкірттерге ресми құжат табыс етілді. Киіз үйлерде оқытатын мұсылман мектептері ауылдармен бірге көшіп-қонып жүрген. Бай саудагерлердің қаржыларына салынған қала медреселері ғана арнаулы үйлерге орналасты. Бұл мектептерде оқу жоспары, бағдарламалары және тұрақты сабақ кестелері болған жоқ.
Бастауыш білім – білім беру жүйесінде алғашқы сатысында меңгерілетін дағдылар мен ұғымдардың жиынтық атауы. 1980-90ж. Елімізде халыққа жаппай орта білім беру саласында біраз жұмыс жүргізілді. Соның бірі 6 жастан бастап оқыту болды. Сондай-ақ ауылдық жерлердегі шағын мектептер мәселесін шешу, бастауыш мектепке алдын ала даярлау, жаппай орта білім беруге көшу, мектепаралық оқу шеберханаларын ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мектептегі оқу ісі мемлекеттік білім стандартынан туындайтын жаңа талаптарға сай келетіндей етіп ұйымдастыруды, көп қаржы жұмсауды және ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуді қажет етеді. Оның бірінші кезеңі 1994-97 ж., жалпы білім беретін мектептерді толық білім стандартына көшіру ісін аяқтау 2001-02 жылдарды қамтыды. Жалпы білім беретін базалық мектептердегі оқу жүйесі – 11 жылдық. |