Главная страница
Навигация по странице:

  • ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.

  • ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.

  • 4. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.

  • 5.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

  • 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

  • лексия. тарих жауаптары. азастанны азіргі заман тарихын кезедеу


    Скачать 82.92 Kb.
    Названиеазастанны азіргі заман тарихын кезедеу
    Анкорлексия
    Дата15.12.2021
    Размер82.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих жауаптары.docx
    ТипДокументы
    #304224
    страница1 из 3
      1   2   3

    1. Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу. Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу.

    1)Кеңестік Социалистік Республикала Одағы: 1922-1991

    2)Тәуелсіздік кезеңі:1991- қазіргі кезге дейн

    1)Кеңес Одағы, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы, КСРО – бұрынғы Ресей империясы аумағының шегінде 1922 – 91 ж. болған мемлекет атауы. 1917 жылғы Қазан төңкерісі нәтижесінде коммунистер (большевиктер) мемл. билікті өз қолдарына алған соң, бұрынғы Ресей империясы құрамындағы неғұрлым дамыған ұлттық құрылымдар (Польша, Финляндия, Балтық теңізі жағалауы елдері) дербес мемлекет болып бөлініп шықты.

    РКФСР, УКСР, БКСР, ЗСФКР Кеңестерінің кезекті съездері одаққа бірігуді жақтап дауыс берді. Осыны негізге ала отырып, 1922 ж. 30 желтоқсанда шақырылған аталған төрт республика кеңестері өкілдерінің 1-съезі Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (КСРО немесе Кеңес Одағы) құру жөнінде Декларация қабылдады. Декларацияда КСРО-ға кіру теңқұқылық пен еріктілік негізінде жүзеге асырылады және Одақтан өз еркімен шығу құқы сақталады, әрі басқа да жаңадан құрылған республикалар одаққа өз еркімен кіре алады деп көрсетілді. Съезд КСРО-ны құру жөніндегі келісімшартты бекітті. ОАК-нің 2-сессиясында Кеңес Одағының үкіметі – В.И.Ленин бастаған КСРО Халық Комиссарлар Кеңесі құрылды. 

    1980 жылдың бас кезінде Кеңес Одағы экономикалық тоқырауға ұшырады. 1985 ж. билікке М.С. Горбачев келуімен бірге елде саяси-экономикалық реформалар басталды. Кеңес жүйесін реформалауға тырысу КСРО-ны дағдарысты жағдайға алып келді. Халықтың саяси белсенділігі бірден көтеріліп, ұлттық партиялар мен қозғалыстар пайда болды. Қазақстанда (қ. Желтоқсан көтерілісі), Балтық теңізі жағалауы елдерінде, Кавказ республикаларында халықтың жаппай бас көтерулері болып өтті. Экономика тұралап қалды, шахтерлердің, кеншілердің, мұғалімдер мен студенттердің, дәрігерлердің үкіметтің саясатына қарсы ереуілдері басталды. Кертартпа күштердің 1991 ж. тамызда мемл. төңкеріс жасау әрекеттері сәтсіздікке ұшырады. Кеңес Одағының бұдан әрі өмір сүруі мүмкін болмай қалды. 1991 ж. желтоқсанда Минск қаласында КСРО-ның бастапқы құрылтайшылары болған одақтас республикалар Беларусь, Ресей, Украина басшылары өздерінің КСРО-ны тарататындықтарын жариялады (қ. Беловеж келісімі). Сөйтіп, КСРО өзінің өмір сүруін тоқтатты. 1991 ж. 21 желтоқсанда бұрынғы КСРО республикалары Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина Алматы қаласында өздерінің Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құратындықтары жөніндегі декларацияға қол қойды.[1]

    2)Соңғы 20 жылда Қазақстандағы демографиялық ахуал түбегейлі өзгерді. 1992 жылы басталған халық санының төмендеу үрдісі 2002 жылы аяқталды. Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында халық саны 1,6 миллион адамға төмендеді, бұл ең бірінші халықтың кейбір бөлігінің өздерінің тарихи отандарына оралуына, өтпелі кезеңде өлім-жітімнің көп болуы және туудың төмен деңгейіне байланысты болды. 2002 жылдан бастап халық саны өсімнің тұрақты үрдісіне ие болды, ең бірінші табиғи өсім есебінен, 2004 жылдан бастап көші-қон өсіміне байланысты қалыптасты. Қорыта келгенде, тәуелсіздік жылдарында еліміздің халық саны жалпы 427 мың адамға немесе 2,6%-ға артты.. Қазақстан 20 жылдың ішінде әлемдік экономикаға терең интеграцияланды. Қазіргі уақытта республика іс жүзінде әлемнің барлық елдерімен сауда-саттық жүргізеді, барлық континенттердегі 212 мемлекет және аумақтар Қазақстанның сауда серіктесі болып табылады. Сыртқы сауда тауар айналымының көлемі 1995 жылғы 9,1 млрд. АҚШ долларынан 2011 жылы 125,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 2012 жылғы қаңтар-қазандағы сыртқы сауда тауар айналымы 113,6 млрд. АҚШ долларын құрады немесе 2011 жылғы сәйкес кезеңнен 11,6% артық.

    1. ХХ ғасырдың басындағы патша үкіметінің қоныс аудару саясаты. Столыпиннің аграрлық реформасы.


    ХIX ғасырдың 60-90-жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар арқылы кең көлемде отарлап алуға берік негіз қалады. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан жаппай қуу және ең құнарлы жерлерін күштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды.1903 жылы «Сырдария, Фергана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге шаруалардың өз еркімен қоныс аударуы туралы Ереже» бекітілді. Ол ереже бойынша жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса жаппай тартып алу көзделді. Тап сол жылы «Сібірге және Дала генерал-губернаторлығына қоныс аударушыларға үкімет атынан берілетін жәрдем түрлері туралы Ереже» бекітілді.1904 жылы патша үкіметі «Егін егумен айналысатын село тұрғындары мен мещандардың қоныс аударуы туралы уақытша Ереже» шығарды. Бұл ереже бойынша жергілікті отаршыл өкімет билігіне шаруалардың Ресей империясының азиялық бөлігіне қоныс аударуына ешқандай кедергі келтірмей, рұқсат етуіне құқық берілді.1904-1905 жылдары патша үкіметі Қазақстан аумағын қоныс аударушылардың бес аймағына бөлді. Олар Торғай-Жайық, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетісу аймақтары еді. Оларды құрғандағы жүктелген негізгі міндет қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» жерлерді іздеп табу болды. Патша үкіметі қоныс аудару басқармаларына қазақтардың жерлерін тартып алуына және оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен күштеп қуып шығуына толық ерік берді.1870—1914 жылдар аралығында Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария, Торғай және Орал облыстарының аумағына 1,4 миллионға жуық шаруа қоныстандырылды. Олардың тең жартысына жуығы (721 мың адам) Ақмола облысына жайғастырылды. Өйткені бұл облыстың жері өте құнарлы болатын. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына жеке болыстарға біріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды. 1902 жылдан бастап шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды.

    Столыпиннің 1906 жылғы аграрлық реформасы. Қазақ халқының занды құқығын мүлде елеп-ескермеудің бір белгісі қоныс аударушы шаруалар санының одан әрі арта түсуі болды. Бұл ретте жергілікті халықтың өкілдерімен алдын ала кеңесу, ақылдасу деген атымен болған жоқ. 1906 жылы Ресей Министрлер Кеңесінің төрағасы П.А. Столыпин шаруаларды Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аудару туралы шешім қабылдады. Шаруалар қауымын ыдырату, оларды Қазақстанға қоныс аудару жөніндегі реформа Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталды.Бұл реформаның көздеген негізгі бағыты қоныс аударушы шаруалар қозғалысының кеңінен етек алуын қамтамасыз ету болатын. Шаруалардың шығысқа карай атап айтқанда, Қазақстан аумағына қоныстануға құқық берілді. Ал олардың бұрынғы жерлеріне қайтып оралуына елеулі түрде шек қойылды. Шаруаларды жер телімдерімен қамтамасыз ету қазақтардан тартып алынған жерлердің есебінен құрылған отаршылдық қоныс аудару қорынан жүзеге асырылды.Жергілікті қоныс аудару мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45 десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді. Жер бөлумен айналысатын мекемелерге жергілікті халықтың жерін тартып алып, олардың жеріне келімсек шаруаларды орналастыруына рұқсат етілді. Қазақстанның оңтүстік аймақтарында қазақтардың егін суару құрылыстары да тартып алынды.Шаруаларға ең құнарлы жерлерді іздеп тауып, көріп келетін адамдарды кедергісіз жіберіп тұру құқығы берілді. Шаруалардың темір жолмен жүруге де жеңілдіктері болды. Оның үстіне, патша үкіметі шаруалардың Қазақ жеріне емін-еркін қоныс аударуын кеңінен насихаттады. Мәселен, 1907 жылы Ресейдің орталық губернияларындағы шаруалар арасында осы тақырыпқа арналған 6,5 миллион дана кітапша мен парақша таратылған. Оларда үкімет шаруаларды Ресейдін азиялық бөлігіне неғұрлым көбірек қоныс аударуға шақырды. Ол басылымдарда Қазақстан мен Сібір аумағында қалай ыңғайлы орналасуға болатыны жөнінде практикалық ұсыныстар мен кеңестер берілді.1917 жылға қарай жергілікті байырғы халықтың пайдалануындағы 45 миллион десятина жер тартып алынды. Бұл кезде Қазақстанға қоныс аударған шаруалардың жалпы саны 1,5 миллионға жуықтап қалған болатын.



    1. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда білім беру және ағартушылық идеялардың дамуы.


    XX ғасырдың бас кезінде дәстүрлі мектептер мен медреселер коғамның өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілдер болды. XX ғасырдың бас кезінен бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда бола баста- ды. Оқытудың бұл әдісінің негізін қалаушы белгілі түркі тілдес халық ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері И. Гаспринский болды.
    Жадидшілдер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәндерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Жаңа әдістемелік мектептерде білімді де білікті мұғалімдер сабақ берді, оларда қажетті оқу құралдары мен жабдықтары жеткілікті болды. Оның үстіне, оқыту әдістемесі де әлдеқайда тиімді еді Қазақстандағы ең алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 жылы Түркістан қаласында ашылды. Ондай мектептер Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда бола бастады. Қазақ зиялыларының едәуір бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде білім алып шыққандар болатын. Мәселен, Уфадағы «Ғалия» медресесінде Б. Майлин, Орынбордағы «Усмания» медресесінде Қ. Болғанбаев және басқалары оқыды. Абай Құнанбаев та Семейдегі Ахмет Риза медресесінде жаңа әдістемелік оқыту мето- дикасын жақтаушы ұстаздардан дәріс алған болатын.
    Алайда жаңа әдістемелік мектептер елге кең көлемде тарай алмады. Патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің ашылуына барынша қатты қарсылық көрсетті. Себебі ондай мектептерді панисламизм мен пантүркизмнің ошақтары деп білді. Соның салдарынан 1917 жылы Қазақстан аумағында 100-ге тарта ғана жаңа әдістемелік мектеп бар еді.

    1901 жылғы маусым айында Дала генерал-губернаторы Сухотин Ақмола және Семей облыстарының әскери губернаторларына орыс-қазақ мектептерін ашуға ұсыныс жасады. Алғашқыда бұл идеяға қазақтар қауіптеніп сақтыкпен қарады. Балаларын орыстандырумен қатар шоқындырып жібереді деп қауіптенді. Қазақтардың және бір қорыққан нәрсесі — орыс-қазақ мектептері арқылы балаларды орыс шаруаларына айналдырып жіберер, содан соң әскер қатарында міндетті қызмет атқаруға мәжбүр етер деп шошынды.
    Сондықтан Акмола облысындағы Халық училищесінің директоры А.Е. Алекторов ел арасында жаңа мектептерді ашудың мақсат-міндеттерін түсіндірді. Орыс-қазақ мектептерінің материалдық базасын қамтамасыз етуге баса назар аударды. Ол ауыл мектептеріне арналған «Ақмола және Семей облыстарындағы ауыл мектептерінде сабақ берудің тәсілдері мен оқулықтары», «Қырғыз хрестоматиясы» әдістемелік оқу құралдарын құрастырды. Оқудың қазақтардың ана тілінде жүргізілуі туралы айтты. Сонымен қатар ол қазақ өлкесін шоқындыруға бағытталған діни миссионерлік қызметін де белсенді түрде өрістете түсті. 1902 жылы Далалық өлкеде осындай 14 мектеп ашылған болатын. Олардағы оқу мерзімі екі жыл еді. Оқушылар қазақ және орыс тілдерін, арифметиканы оқыды. Кейінірек ислам дінінің негіздерін оқытуға да рұқсат етілді. Бірақ бұл ретте жұмсалатын қаржыны мұсылмандар өз қалталарынан төлеуге тиісті болды.
    1904 жылы болыстық жерлерде бір сыныптық және екі сыныптық училищелер жұмыс істей бастады. Бір сыныптық училищелерде балалар төрт жыл оқыды. Олар онда орыс тілін, дін оқуын, қазақ тілін, арифметиканы, ән сабағын оқып үйренді. Ал екі сыныптық училищелердегі оқу мерзімі алты жыл болды. Олар әлгі пәндерден тыс географияны, жаратылыстануды, сызуды, геометрияны және орыс тарихын оқыды. Оқу алғашқыда екі жылда қазақ тілінде, содан соң орыс тілінде жүргізілді. Алайда орыс-қазақ мектептерінде мұғалімдер жетіспеді. Өйткені олардың жалақы мөлшері төмен болды. Оның үстіне, ол мектептердің материалдық-техникалық базасы да қанағаттанарлық дәрежеде қамтамасыз етілмеді.

    4. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі.
    ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының саяси қызметіндегі басты мақсаты ұлттық және жалпы қоғамдық құндылық болды. Нағыз интеллигент өзі біліп қана қоймай, өз білгенін өзгеге де үйрете жүреді. Нағыз инеллигенттердің көп болуы қоғам үшін пайдалы. Себебі, ұлттың интеллигенциясы жойылса, ол ұлттың рухы әлсірейді. Бұны тарихтың өзі әлдеқашан дәлелдеп өткен. Қазақ зиялылары әрқашанда ұлттың рухын асқақтатып, тәуелсіздігін алу жолында көп күресті. Сондықтан да, олар  сталиндік саяси қуғын-сүргін құрығына жаппай ілікті. 1925 жылы 29 мамырда Сталиннің Алматыға жолдаған хаты қазақтың маңдай алды тұлғаларының көзін жою саясатының жүргізілуіне себепші болды. Олар ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының ұлттық санасының оянуына ықпал етті. Алаш зиялыларының басты армандарының бірі қазақ даласын сауаттандыру еді.

    30-шы жылдардың аяғына қарай толық салтанат құрған «сталинизм» қазақ интеллигенциясын жойғаныменен, Алаш идеясын өлтіре алмады. Ол Хрущевтің, Брежневтің билік жүргізіп тұрған тұсында да қазақ даласына рух сыйлады. 
    Ұлы Отан соғысы да қазақ баласына аз қиыншылық алып келген жоқ. Соғыс дүрбелеңі қалың бұқараның берекетін қашырды. Кеңес үкіметі тұсында өсіп жетілген интеллигенцияның басым бөлігі (1941-45 ж.ж.) Ұлы Отан соғысында ажал құшты. Соғыс оты талайларды жалмады. Осы кезде Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ғ. Мұстафин, Б. Бұлқышев, Ж. Саин, К. Әзірбаев, Қ. Аманжолов, Ж. Жабаев сынды ақын-жазушылар халықтар достығының жаршысы бола білді. Мәскеу түбіндегі қиян-кескі ұрыстарда батальон командирі аға лейтенат Бауыржан Момышұлының жеке басының ерлігі мен командирлік шеберлігі айқын көрінді. Қатаң идеологиялық тәртіп кезінде атақты жауынгердің қаһармандық ерлігі өз дәрежесінде бағаланбады, тек 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін жұртшылықтың көп жылғы талабы орындалып, Бауыржан Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

    Саяси репрессияның ұшқыны 40-жылдың соңы мен 50-жылдың басында идеологиялық тұрғыда өз жалғасын тапты. Осы жолғы қуғындау ғылым саласына, әдебиет пен өнер, тарихқа қарсы жүргізілді. Қайтадан ұлт зиялылары арасында «буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші» деген саяси кінә жайы қозғалған-ды. Қатты сынға іліккендер қатарында 1943 жылы басылған «Қазақстан тарихы» болды. Дәл сол уақыттарда Е. Бекмахановтың Алматыда қазақ және орыс тілдерінде «ХІХ ғасырдың 40-20 жылдарындағы Қазақстан» атты монографиясы жарық көрді. Асыра сілтеу мен күдікшілдік белең алған осы тұста, Е. Бехмахановтың Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген оның монографиясын да, өзін де жазаға тартты. Ол 1951 жылы университеттегі жұмысынан қуылды, партия қатарынан шығарылды. 1952 жылы Е. Бекмахановты 25 жылға бас бостандығынан айырып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдау жөнінде үкім шығарылды. Көп ұзамай тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, Анна Михайловна Понкратованың көмегінің арқасында 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі бостандыққа шықты.

    5.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс.

    Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты (одақтар):

    Үштік одақ (Германия, Австрия-Венгрия, Италия).

    Антанта (Англия, Франция, Россия).

    Соғыстың сипаты- басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

    Соғыстың себептері:

    Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі.

    Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы.

    Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы.

    Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді.

    Бұл соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Соғыс қажетіне деп өлке еңбекшілеріне 10-ға жуық салығы енгізілді

    Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты.

    Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.

    Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды.

    Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды.

    1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

    Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

    Көтерілістің негізгі себептері:

    1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
    2. Салықтар мен алымдардың кобеюі;
    3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі;
    4. Ұлттық араздықтың өршітілуі;
    5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы;
    6. Орыстандыру саясаты

    Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

    Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

    Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртүрлі болды:

    1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады.
    2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды.
    3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

    Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:

    1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков.
    2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов.
    3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев.
    4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев.
    5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов

    Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.

    Салдары:
    -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді.
    -161-і каторгаға айналды.
    -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.
    1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

    1. Көтеріліс бытыраңқы болды.
    2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді.
    3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі.
    4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды.
    5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады.
    6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады.
    7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

    Салдары: қазақтардың саны: Қазақ өлкесінде – 446 мыңға азайды
    Көтерілістің тарихи маңызы:
    1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті.
    2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды.
    3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды.
    4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды.
    5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті.
    6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.
      1   2   3


    написать администратору сайта