Бауыржан Әбдіғаппар Алашорда. Алашорда - Бауыржан Әбдіғаппар. азаты азат болуы кімні арасы Орындаан бдіаппар Бауыржан
Скачать 15.08 Kb.
|
Қазақтың азат болуы кімнің арқасы? Орындаған: Әбдіғаппар Бауыржан Тәуелсіздігімізді алмас бұрын қаншама жыл патша үкіметінің құрсауында болғанымыз барлығымызға белгілі.Патша үкіметінің боданы болып, төрт түлік малдың артында жүрген қазақ, қалай бірігіп, бүтін ел бола алды? Қилы заман, мықты тұлғаларды қалыптастырады. Еліміз жері мен тілінен айырылып жатқан ауыр заманда , қазақтың қарапайым ұлдары ұлы тұлғаға айналды. Сондай ұлы тұлғалардың бірқатары әрі бірегейі - алашордалықтар. Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш Орда жалпы қазақ мүддесі үшін жұмыс жасады. Бүкіл ғұмырын еліміздің болашағына, ұрпағының азаттығына жұмсады.Сол жолдағы азаттық үшін күресте «Алаш» деген аты көтеріп Қазақ дейтін елдің қандай екендігін көрсетті. Ұйқыда жатқан халықты оятты. Оқу, жазуға , білім алуға шақырды . Қара халықтың көзін ашты. « Қандай жерде? Қандай уақытта өмір сүріп жатқандығын» көрсетті. Жеріміз бен тіліміздің, дініміз бен ұлттық құндылықтарымыздың өшуіне жол бермеді. «Қазақ тілі - болашақ тәуелсіз елдің ана тілі» болатындығына сенді.Сол үшінде олар қандай жағдай болмасын өз жандарын құрбан етуге әзір болды. Сонымен қатар алаш зиялыларының барлығы қазақ деген елдің сауаттын ашып өзіндік бейбіт ел болуын қалады. Міне осының барлығын байқаған патша үкіметі алаш көшбасшыларына қырғидай тиіп құртуды көздеді. Қаншама зиялыларымызды атып , жала жауып, «ұлтшыл» деген айып тағып, жер аударып репрессияға ұшыратты. Мұнымен қазақ халқының азаттық жолындағы күресі бітпеді. Алашордашылар салып кеткен сара жол кейінгі қазақтың тәуелсіздік жолындағы күреске деген алғашқы қадамы бола білді. Алаш партиясы аз ғана жұмыс жасағанына қарамастан , елінің ертеңін ойлайтын жастардың санын ұлғайтып, басын қоса білді. Кешегі күнгі Алашорда бүгінгі тәуелсіздіктің құрбандарына айналды. Осыдан 100 жыл бұрын құрылған Алашорда арманының бүгінгі көрінісі - Тәуелсіз Қазақстан. Ал осы Тәуелсіз Қазақстан сол арыстардың бізге қалдырған аманаты. Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру мақсатында өткізілген әрбір іс-шаралардың маңызы жоғары болмақ. Міне сондықтан да, алаш орданың қазақ тарихында алатын орны мәңгілік. Аз ғана өткен ғұмыр мәңгілік елдің іргетасы бола білді. |