Главная страница

Эссе. Нұрбай Аяулым. эссе. азіргі азастанны туризм саласыны жадайы


Скачать 14.59 Kb.
Названиеазіргі азастанны туризм саласыны жадайы
Дата22.02.2021
Размер14.59 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаНұрбай Аяулым. эссе.docx
ТипДокументы
#178468

Қазіргі Қазақстанның туризм саласының жағдайы

Біздің еліміздің жері бай, табиғаты әсем. Көрсе көз тоймайтын тауларымыз, алтын құмды шөлдеріміз, айнадай көлдеріміз қаншама.

Бірақ, менің ойымша, біздің еліміздің туризм саласы әлі де ақсап келеді. Оған бір де бір себеп – шектен тыс жоғары баға. Сырттан турист қабылдау туралы айтпағанда, өз отандастарымызға да бағаның жоғарлығы өте қолайсыз. Қазақстанда демалу шет елдегі демалыстан бірнеше есе қымбатқа түседі, сол себепті де бізде ішкі туризм саласы бір орнында тұр.

Тағы бір айта кетерлік кемшілік – қызмет көрсету сапасының төмендігі. Қазақстанда бұл сала әлі даму үстінде және түзету керек жерлері жеткілікті. Бұл қызметкерлердің жауапкершіліксіздігінен басталып, тұтыну заттарының төмен сапасымен аяқталады.

Жеріміздің сұлулығына қарамастан, кейбір әсем жерлерде әлі де қонақүйлер, тұрақтайтын және тамақтанатын жерлер әлі салынбаған және бұл туризм саласының дамуына айтарлықтай кедергі келтіріп отыр.

Дегенмен де, қазір біздің ел өз кемшіліктерімен қарқынды жұмыс жасауда. Қызмет көрсету саласының сапасын көтеруді мақсат етіп, туристтерге барынша қолайлы жағдай тудыруды мақсат етіп отыр. Ел жоспарында көптеген туристік мақсаттағы құрылыс бастамалар жоспарлануда. Қарқынды жұмыс және бірлік арқасында біз дегенімізге жетеміз деген сенімдемін.


написать администратору сайта