| Күні:
| 07.03.2023
| ТАНЫСТЫ
ӘБ жетекшісі:
Жармухамбетов С.Б.
____________________
« »______20__ж.
|
Мұғалімнің аты-жөні:
| Өмірқұл Б.Ә.
Аманбаев С.П.
|
Сынып: 7 А, 7 В, 7C
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
| 7.3В Қатты дене, сұйық және газ қысымы
|
Сабақ тақырыбы
| Архимед күші. Денелердің жүзі шарттары
|
Сабақта іске асатын оқу мақсаты
| 7.3.1.4 - сұйықтар мен газдардағы итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.5 - есептерді шығару кезінде Архимед заңын пайдалану
|
Бағалау критерийлері
| Оқушы
Сұйықтар мен газдардағы денеге әрекет ететін итеруші күштің табиғатын түсінеді; Есептерді шығару кезінде Архимед заңын қолданады. Денелердің жүзі шарттарын түсінеді және сипаттайды.
|
Тілдік мақсаттар
| Пәнге тән лексика мен терминология:
Қазақша
| Русский
| English
| Күш
| Сила
| Force
| Аудан
| площадь
| Area
| Биіктік
| Высота
| Height
| Көлем
| Объем
| Volume
| Тығыздық
| Плотность
| Density
| Архимед күші
| Сила Архимеда
| Archimedes force
| Денелердің жүзу шарттары
| Условия плавания тел
| Bodies floating conditions
| Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Қатты заттардағы қысым …
Сұйықтардағы қысым ….
Газдардағы қысым……
Кысым артады /азаяды …
Газдар туралы айтқанда (менің ойымша) қысым үлкенірек/кішірек бола алады …
Басқа физикалық шамалар сияқты қысымның да өлшем бірлігі …. болады.
|
Құндылықтар
| Сыйластық қасиеттерін дамыту (бір-бірінің ойын тыңдау);
Ынтымақтастық (жұптық жұмыс барысында);
|
Жаһандық азаматтыққа тәрбиелеу
| Архимед заңын білу әртүрлі жүзу және ұшу аппараттарын жасау барысында инженерлер үшін өте маңызды
|
Өмірмен байланыс
| Әуе, су және су асты көліктерінің қозғалысы Дененің жүзі шарттары мен Архимед күшіне бағынады.
|
Пәнаралық байланыс
| Математика: Үлкен және кіші сандарды жазу
|
Алдыңғы білім
| Атомсфералық қысым. Паскаль заңы
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған кезеңдері
| Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
| Дереккөздер
|
1сабақ
1-15 мин
| (W) Ұйымдастыру кезеңі.
Проблемалық жағдаят:
Неліктен суреттердегі денелер суға батпайды?
Күтілетін жауап: оларды судан итеретін күш болуы мүмкін.
Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
(W) қайталау тапсырмасы: қолыңызды суламай, су ішінен тиынды алып шығыңыз.
Құрал-жабдықтар: суы бар тәрелке, тиын, сіріңке, стакан және шырақ (свечка)
Дескрипторы:
Тапсырманы орындайды; Құбылысты түсіндіреді.
(P) Эксперимент жасайық:
«Один опыт я ставлю выше, чем тысячу мнений, рожденных только воображением».
М. В. Ломоносов
«Без сомнения, все наши знания начинаются с опыта».
И. Кант
Берілген дененің ауадағы салмағын өлшеңіз; Дененің судағы салмағын өлшеңіз (дене суы бар ыдысқа толық бататындай етіп енгізіңіз, алайда түбінде жатпауы қажет. Нәтижелерді салыстырыңыз және қорытынды жасаңыз.
Дескрипторлары:
Эксперимент жасау барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды; Нәтижелер бойынша қорытынды жасайды.
Бағалау: Мұғалім оқушыларды формативті бағалайды. Ұсыныс айту арқылы оқушыларға кері байланыс береді.
| Презентация
|
16-22 мин
21-30 мин
ин
| (W) Жаңа тақырыпты меңгеру:
Тәжірибе нәтижесінде қандай қорытынды шығаруға болады?
Күтілетін жауап:
Суға батырылған денеге ығыстырушы (итеруші) күш әрекет етеді.
Сұйық ішіндегі денеге әрекет ететін күштің бағыты жоғары бағытталған.
Неліктен бұл күш жоғары бағытталған?
Сұйық ішіндегі қысым туралы білімімізге сүйене отырып, сұйық биіктігі артқан сайын төменгі қабаттағы қысым артатынын білеміз . Ендеше h1 биіктікте денеге p1 қысым әрекет етеді де, ал h2 биіктікте p2 қысым әрекет етеді. Қатты дененің жоғары жағында сонда р1 қысым, ал төменгі жағынан р2 қысым әрекет етеді. Күштерін салыстырсақ, қатты дененге түсірілген қысым дененің төменгі жағынан көбірек болады.
Сұйықтың тығыздығы
Дененің еркін түсу үдеуі g
Қатты дене үшін ескерсек,
Архимед күші дененің ығыстырған сұйығының салмағына тең және сұйыққа батырылған дененің пішініне тәуелсіз. Тек батқан көлеміне тәуелді.
Архимед заңы: Сұйыққа батырылған денеге осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әрекет етеді.
(W) Үйге тапсырма: Легенда об Архимеде («Эврика»). Дифференциация: оқушылар өлең жолдарымен жұмыс жасай отырып, заңның ашылу тарихын түсінеді. Қорытынды:
Тапсырманы ауызша орындаңыз (суреттер презентацияда):
Қай денеге әсер ететін ығыстырушы күш көп? Сұйыққа батырылған дененің орналасуын а түрден б түрге ауыстырсақ, ығыстырушы күш өзгере ме? Көлемдері бірдей екі шарды сұйыққа суреттегідей батырды.
Қай жағдайда таразы теңдігі өзгереді? Неліктен? (I) Есептерді шығарыңыз:
Дескрипторлары:
Есептің берілгенін жазады; Физикалық шамаларды ХБЖ-не келтіреді; Қажетті формулаларды қолданады; Математикалық түрлендірулер мен есептеулерді жүргізеді; Жауабын көрсетеді
| презентация
Сабақта қолданылған материалдың көп бөлігі
Физика және астрономия,
7 сынып оқулығынан (авт.: Башарұлы Р., Тоқбергенова У., Қазақбаева Д.) және
Ferst step to phycics (авт.: S. Aydin) алынды
|
38-40 мин
| Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
|
2 сабақ
1-8 мин
| (W) Ұйымдастыру кезеңі
Starter: Неліктен әртүрлі сұйықта денелер орналасуы өзгеше? Күтілетін жауап: себебі денелер әртүрлі сұйықтықтарға батырылған.
Оқушыларға сабақ тақырыбын, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады.
(W) Қайталау сұрақтары:
Қандай суда жүзу оңайырақ: өзен суында ма, әлде теңіз суында ма? Неліктен судағы денені қозғалты жеңілірек те, осы денені ауада қозғау қиынырақ? Архимед күші қандай параметрлерге тәуелді?
| презентация
|
9-15 мин
16-23 мин
24-37 мин
| (W) Жаңа білім: Денелердің жүзу шарттары
Бейнебаян: Плавание тел. (үштілділік құзыреттілігін дамыту)
Бейне баян бойынша талдау жұмысы.
Бағалау: оқушылардың жауаптарына формативті баға бер; қажет болса, олардың ойын дұрыс бағытқа бұру.
Бейне баян бойынша талдау жұмысы. (W) Су және әуе көліктері: бейнебаян
Кері байланыс (I)Есеп шығару:
Дескрипторлары:
Архимед заңын біледі; Есептер шығаруда жүзу шарттарын қолданады.
| Презентация
Видеоролик: (инфоурок, Плавание тел)
|
38-40 мин
| Рефлексия «екі жұлдыз, бір тілек»
| презентация
|
Үйге тапсырма
| Архимед аңызы. Есептерді аяқтау
|
|
Денсаулықты және қауіпсіздікті сақтау
| Қауіпсіздікті сақтау бойынша нұсқаулық жүргізіледі. Оқушылар танысқандығы туралы белгі қалдырады
|
Қорытынды бағалау
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақтың қандай аспектілері жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқу және оқу туралы ойлаңыз)?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарынан не таптым, келесі сабақтарда неге наздару керек?
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|