Контексттік сұрақтар. 3 сабақ контекст. Б з. б. 558 530 жж
Скачать 13.45 Kb.
|
Б.з.б. VI ғасырда парсылық Ахеменидтер империясының патшасы Орталық Азияға бірнеше жорық жасады. Ұлы Кир (б.з.б. 558 530 жж.) атанған патша аса үлкен империя құрды. Мидияны қиратып, Лидия мен Иранның батысындағы Вавилонияны басып алған оның әскері шығысқа бет түзеп, б.з.б. 539 жылы Үндістан шегарасына дейінгі жердің бәрін жаулап алады. Ұлы Кир Орталық Азпяның отырықшы-егінші аймағы -Маргиана, Соғды, Бактрия сияқты жерлерді басып алып, оларды өз империясының сатрапы (бағынышты аймағы) етеді. Сонымен қатар ол сақтарға қарсы бірнеше жорық ұйымдастырды. Кир патша Соғдының сақтар мемлекетімен шегарасында Курушката аталатын қала салуға бұйрық берді. Кир б.з.б. 530 жылы шығысқа массагеттерге қарсы жорыққа шықты. Геродоттын баяндауынша, осы жорықтан Кир қайтып оралмаған. Ол Әмудария жағасындағы шайқаста қаза табады. Кир қаза тапқан соң, оның империясы ыдырай бастайды: шет аймақтардағы бағынышты елдер еркіндік алып, империя қазынасына салық төлеуден бас тартады. 1. Ұлы Кирдің билік еткен уақыты? 2. Кирдің әскері б.з.б 539 жылы қай жерге дейін жетті? 3. Кир салдыруға бұйрық берген қала қалай аталады? 4. Кирдің массагеттерге қарсы жорығы басталған уақыт? 5. Кир қай шайқаста қаза табады? Б.3.б. 331 жылы Александр Македонский Гавгамела шайқасында парсы патшасы III Дарий әскерін тас-талқан етіп жеңіп, Азияның билеушісіне айналады. Осы соғыста сақтардың дах тайпалары бактриялық атты әскермен бірігіп, македондықтардың ең мықты жауынгерлеріне қарсы шайқас жүргізеді. Бұл туралы Арриан: «скифтердің өздері [дахтар] де, олардың аттары да сауытпен қорғалған», - деп жазды. Бұдан б.з.б. IV ғасырда сақтар парсы әскерінің таңдаулы жауынгерлері болғанын білеміз. III Дарий патша қаза тапқан сон, дахтар македондықтар жағына өтіп, тандаулы атты садақшылар ретінде Үндістан жорығына катысады. Б.з.б. 331 мен 327 жылдар аралығында төрт жыл бойы Александр Орталық Азиядағы - отырықшы бактриалық соғдылық халықтар мен көшпелі сақ тайпаларына басқыншылық жорықтарын жүргізеді. Көшпелілер батыс басқыншыларына қарсы соғысқан соғдынын әскери қолбасшысы Спитаменнің негізгі күшінің құрамында болды. Спитаменнің жауынгерлері грек-македон күштеріне карсы бірнеше мәрте күйрете соқкы береді. Акыр сонында Спитаменнін көтерілісі женіліс тауып, Соғды мен Бактрияны Александр жаулап алады. Сырдарияның солтүстігін мекендеген сақтар өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалады. 1.Азияның билеушісіне айналған парсы патшасы кім? 2. Бактриялықтар А.Македонскийге қарсы сақтардың қай тайпасымен күш біріктіреді? 3.Сақтардың македондықтарға қарсы соғысы туралы жазған ғалым? 4. А.Македонскийдің Орталық Азияға жорықтары қанша жылға созылды? 5.А.Македонский жаулаушылығынан өз тәуелсіздігін сақтап қалған халық? |