план. план Зерде. Бадарламаны масаты
Скачать 43.67 Kb.
|
Түсінік хат Әрбір үйірме оқушысының өзіндік шешімін таппаған мәселелері мен қиындықтары бар екендігі бәрімізге мәлім. Осы мақсатта жасөспірім балалар үшін психология үйірмесі өте маңызды деп ойлаймын. Үйірме барысында балалардың жеке эмоционалдық аймағын коррекциялап, құрдастарымен және ересек адамдармен еркін қарым-қатынас жасауға үйретіледі. Психологиялық тұрғыдан адам өзін танып білуі үшін ол адамның ішкі күйі, әртүрлі өмірлік жағдаяттармен әрекеті, өзінің психологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттарды білуі керек. Оқушының өзін танып білуі, танымдық процестері (ес, зейін, қабылдау, ойлау және сөйлеу), психологиялық күйі эмоция мен түрткісі, психологиялық сипаты темперамент пен мінезді түсіне білуі, өзінің бейіні, қызығушылығы бойынша мамандықтарын таңдауға, өз ерекшеліктерін білуі және өзгені түсінуге көмектеседі. Адам өзінің жалпы қабілеттерін дамытуға тікелей байланыс. Үйірме барысында оқушылар тек білім алып қана қоймай бір бірімен сұхбаттасуға, әртүрлі іс-әрекет жасауға, бір-бірімен жақын қарым-қатынас жасауға, өзгені танып-білуге, шығармашылық қабілеттерін дамытып үйренеді. Сонымен қатар оқушы әр түрлі пікірталастарға, топтық жұмыстарға, рөлдік ойындарға, шығармашылық жұмыстарға, топтық тестілеуге ерекше көңіл бөле отырып, қалыптасады.Оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрей жойылып, төзімділік пен шыдамдылық дағдылары дамиды. Осы бағдарлама эксперименталдық бағдарлама болып табылады, бір оқу жылы бойы болжау-бағдарлау жұмыстары жүргізіледі. Бағдарламаның ерекшелігі Мектептен тыс жұмыс орталығы базасындағы білім беру үрдісіне үйлестіріле отырып дайындалған. «Зерде» психология үйірмесінің бағдарламасы 1-7 сынып оқушыларына арналған. Барлығы 144 сағат.Үйірме аптасына 4 сағатқа құрастырылған. Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың әлеуметтік бейімделуде, оқушылар бойындағы сенімсіздік пен үрейді жоюда, кәсіптік бағдарлануда, қиын өмірлік жағдайларда аутогендік жаттығулар, психотехнология элементтерін, өзін-өзі ретке келтіру әдістерін, басқа да психолоиялық техникаларды пайдалану арқылы өзін жан-жақты танып білуге үйрету. Бағдарламаның білімділік мақсаты: Жалпы және әлеуметтік психология, қарым-қатынас психологиясы, эмоциялар, қақтығыстану, танымдық үрдістер психологиясы, психологиялық терапиялар туралы негізгі ұғымдарды, кикілжіңдер түрлері және оларды шешу жолдарын, командада жұмыс істеудің тиімді әдістерін, өз темпераментін, кәсіби бағдарын, толеранттылығын анықтау әдістерін, психологиялық-диагностикалық материалдармен жұмыс жасау әдістемесін, қазіргі қоғамдағы АҚТЖ және нашақорлық, жыныстық тиіспеушілік сияқты өзекті мәселелерді, өзін және қасыңдағыларды қорғау мүмкіндіктерін үйрену. Бағдарламаның дамытушылық мақсаты: Топта жұмыс жасау икемділігі, өмір жағдайында туындайтын түрлі мәселелерді шешудің жолдарын игереді, бір-біріне сенімділіктері артып, өз мінез-құлқын реттеуді, өзінің жобасын жасап, жүзеге асырады, өзінің зейінін, қабылдауын, қиялын, ойлауын өзбетті дамытады. Бағдарламаның міндеті: балаға өзін танудағы білім берумен қатар сол білімді алуға үйрету, белсенді түрде өзіндік сананың қалыптасу қабілеттігін және өзін-өзі ретке келтірудегі еріктік дағдыларға үйрету. жекелік өсудегі (жеке адам) шығармашылығының қабілеттерін ашумен қатар адамгершілікке тәрбиелеу. оқушылардың өзін-өзі танумен қатар, қиындықтарды жеңу, одан шығу жолдарын үйрету. Бағдарламаның ерекшелігі: Сабақ әр түрлі форматта, түрлі тренингтер мен миға шабуылы бар әдістері арқылы жүзеге асады. Арт-терапия жаттығулары, психотехнология элементтерін, өзін-өзі ретке келтіру әдістерін, басқа да психолоиялық техникаларды пайдаланылады. Біздің үйірме арт-терапияның сан алуан түрлері мәселен, терапия, бейнелеу өнері, әдеби туындыларды оқу, ойын терапиясы, би терапиясы, т.б. бойынша жұмыс жасайды. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі: Қосымша білім беру бағдарламасы- 1 жыл, оқу сағат саны: 144 сағат. Сабақтың түрі мен тәртібі: Сабақ жаңа сабақтан басталып, зерттеу, панорамалық, пысықтау, саяхат, жарыс, конференциялық, сынақ, ойын, жұмбақ, танымдық, сахналау сабақтарымен жалғасады. Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, психологиялық жаттығу тренингтары арқылы оқушыларды ынталандыру. Лекция әдісін қолдану, жеке адамды зерттеудегі психодиагностикалық әдістер, психологиялық тренинг әдістері: психологиялық әртүрлі мәселелерді талдау, талқылау, нақты жағдайға қатысты талдау әдістері, ойындық модельдеу әдісі, сурет және сөздік түрдегі проективтік әдістер, аутогендік жаттығулар, психотерапия элементтерін пайдалану. Күтілетін нәтижелер: Үйірменің мазмұны мен логикасы, білім игеру сипаты оқушыларды өздігінен және шығармашылықпен ойлау, талдау, салыстыру, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту, оқушылардың өзін-өзі танумен қатар, қиындықтарды жеңу, одан шығу жолдарын үйрету. Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, құқық негіздері, өзін – өзі тану, педагогика, философия. Үйірмені ұйымдастыру формасы: Лекция,практикалық жұмыс, топсеруен, шығармашылық жұмыстар, тренингтер, тесттер, терапиялар, ойындар. Үйірмені қорытындылау формасы: Өтілген тақырып бойынша интеллектуалдық ойындар өткізу. Өткізілген тесттар бойынша қорытынды жасап, шығарылған нәтижелерге байланысты жұмыстану. Болжамы: Сабақ барысы бірқатар теориялық және практикалық сабақтармен қарастырылған. Егерде балалардың әлеуметке бейімделу деңгейін анықтап, осы санаттағы балалармен түзету жұмыстары тиімді ұйымдастырылса, онда психологтың әлеуметтік -психологиялық жұмысы тиімді болған болар еді. Үйірме бағыты: Гуманитарлық Тәрбие бағыты: Рухани-адамгершілік, ұлттық, көпмәдениетті, ұжымдық, әлеуметтік – психологиялық тәрбие. Берілетін білім мен тәрбие және дағды: ұжымда жұмыс жасай алу қабілеті ұлттық,патриоттық, эстетикалық тәрбие беру; құқықты қорғау талабы; өзін-өзі жетілдіру; өзіндік өмір стратегиясы; әлеуметтік бейімделу Оқушы біліміне қойылатын талаптар Оқушылар білуі тиіс: ҚР-ның Конституциясын құрметтеу; оқу бөлмесіне кіргенде, сабаққа қатысты емес құжаттарды қозғамау; берілген тапсырманы уақытында орындау; техника қауіпсіздігін сақтау; идея ойлап табу; бәсекеге қабілеттілік. Оқушылар орындай алуы тиіс: берілген тапсырмаға сәйкес жұмыс жасау; жоба жасап, уақытында қорғау; талдау синтезі; мақсат қоя білу. ұжымда жұмыс жасау кикілжіңдерді шеше білу Бағдарламаны іске асыру шарттары балалармен тұрақты байланыс жасау; сабаққа қажетті құжаттарды дер кезінде толтыру; сабақ өтетін бөлмені дайындау; бір-бірінің жұмысын тыңдап, сынай отырып талдау. танымдық белсенділігін және ойлау қабілетін арттыру. Күтілетін нәтиже: Кикілжіңдер түрлері және оларды шешу жолдарын шығармашылық қабілетін арттыру; шығармашылық ізденісін қалыптастыруға ықпал жасау; өз құқығын жете білуге көмектесу; өз пікірін еркін жеткізу; балалардың дарындылық қасиеттерін анықтауға әр түрлі әдістемелер жинақталады; жеке, топтық жұмыс жасауға үйрену; ақпаратты өз бетінше меңгеруі. Күнтізбелік тақырыптық жоспар
Оқу тәжірибенің жүзеге асуы: Бағдарламаның қысқаша мазмұны: БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ Кіріспе сабақ. Психологияға кіріспе(4 сағ.) Психология дегеніміз не? Сәлем, кел танысайық. Менің бір күнім (4 сағ.) 2.1. «Менің есімім» 2.2. Менің бір күнім? Есте сақтауды анықтау және есте сақтауды нығайту(16 сағ.) Есте сақтауды анықтау, жаттықтыру Зейін. Зейінді дамыту әдістері Менің ой-өрісім. Ой-өрісті қалай кеңейтуге болады? Менің қиялым Балалардың зейін, ес, ойлау, қабылдау, сөйлеу, қиял ерекшеліктері 5. Тренинг сабақтар (18 сағ.) 5.1. «Өзіңнің қорқынышыңды басқар» тренингі 5.2 Тұлғаның өз-өзіне сенімділігін арттыруға арналған тренингтер 5.3 Қарым-қатынас тренингтері 5.4. Тұлғалық өсуге арналған тренингтер 5.5 Аутотренингілер 5.8. Менің қорқыныштарым және онымен қалай күресемін. 5.9. «Менің көңіл-күйім» тренинг жаттығуы 6. Ертегі терапиясы. Ертегі терапиясының элементтерімен психологиялық сабақ (8 сағ) 6.1. Ертегі дегеніміз не? Практикалық сабақ. Ойын түрінде. 6.2. Ертегі терапиясының элементтерімен психологиялық сабақ . Ертегі желісімен танысып, қабілетін айқындау 6.4 Практикалық сабақ. 7. Мейрімділік мекені (20 сағ.) 7.1 Мейрімді жүрек – жылы тілек (топтық тренинг) 7.2. Мінез – адам көрсеткіші 7.3 Баланың ашушандықтан және агрессиясын басу. Құм терапиясы 7.4 Эббингауз иллюзиясы 7.5 Логикалық жаттығулар 7.6 «Балалығым бақытым» жаттығуы. 8. Арттерапия элементтерімен психологиялық сабақ (22 сағ.) 8.1. Құм терапиясымен танысу. Құм терапиясы элементтерімен психологиялық сабақ 8.2. «Кинотерапия» технологиясы бойынша психологиялық сабақ 8.3. Түстер психологиясын қолдану арқылы сабақ 8.4. Би терапиясына арналған жаттығулар 8.5. Драматерапияға арналған жаттығулар 8.6. Фототерапияға арналған тапсырмалар 10. Қарым-қатынастағы ұстанымдар (14 сағат) 10.1. Социометрия әдісі 10.2. Кикілжің және оның адам өміріндегі орны 10.3. Басса – Даркий тесті 10.4. Агрессия. Агрессияның адам өміріндегі орны. 11. Менің құқығым және өзгелердің құқығы ( 8 сағ.) 11.1. Балалардың еңбек құқығы Практикалық сабақ. 11.2. Интеллектуалдық ойын 11.3. Сұрақ-жауап. Миға шабуыл 12. Менің отбасым. (12 сағ.) 12.1. «Отбасым байлығым» тренинг сабағы 12.2 «Отбасылық қобалжуды анықтау» әдістемесі 12.3 «Отбасы суреті» әдістемесі 12.4 «Отбасы құндылықтары» 12.5 «Үй-ағаш-адам» проективті әдістемесі 13. Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым – қатынас жасай алу қабілеттерін дамыту (20 сағ) 13.1 Г.Айзенк сұрақнамасы 13.2 Балаларға қатысты зорлық – зомбылықтың алдын алу. 13.3 Проективті әдістемелер 13.4 «Ұйірмеден қандай әсер алдыңыз, сізге көмегі тиді ме?» тренинг сабағы 14. Қорытынды ( 4сағ.) Қорытынды сабақ: кері байланыс және рефлексия Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Немов Р.С. Психология образования. 1995, 2-е изд., 496с. 2. Истратова, О.Н. Справочник психолога начальной школы / О.Н. Истратова, Т.В. Экзакусто. - Ростов-на-Дону: Феникс, 2010. 3. Игры, ребусы, загадки: пособие для родителей / сост. Т.И. Линго. - Ярославль: Академия развития, Академия К, 2014. . 4. Винокурова, Н. Лучшие тесты на развитие творческих способностей / Н. Винокурова. - М.: «ACT-Пресс», 1999. 5. Сиротюк, А.Л. Нейропсихологическое и психофизиологическое сопровождение обучения / А.Л. Сиротюк. - М.: Творческий центр, 2008. 6. Хухлаева О.В. Тропинка к своему Я/О..Хухлаева.-генезис, М.2012г. 7. Гин, С. Мир логики / С. Гин. - М.: Вита-пресс, 2013. 8. Гин, С. Мир фантазии / С. Гин. - М.: Вита-пресс, 2001. 9. «Қызықты психология» журналы // Алматы. – 2017. №4. 10. Аверина, И. С. Методика экспресс-диагностики интеллектуальных способностей / И.С. Аверина, Е.И. Щебланова, Е.Н. Задорина // Вопросы психологии. - № 5. - 1991; № 4. - 1994. |