Главная страница
Навигация по странице:

  • Жауаптар: 1.

  • әлеуметтік стратификация

  • Автономиялық топ

  • 6)Кооперация

  • 8)Сығымдалған топ

  • Қоғамның әлеуметтік құрылымытоптар, ұйымдар, институттар. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Баылау жмысы


    Скачать 14.32 Kb.
    НазваниеБаылау жмысы
    АнкорҚоғамның әлеуметтік құрылымытоптар, ұйымдар, институттар
    Дата11.11.2021
    Размер14.32 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚоғамның әлеуметтік құрылымы.docx
    ТипДокументы
    #269704



    ОСӨЖ

    Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы:топтар, ұйымдар, институттар.

    Орындаған:

    Тексерген:

    2021ж

    Жоспары:

    1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым

    2.Әлеуметтік топ және оның түрлері

    3. Әлеуметтік стратификация жөніндегі концепциялар.

    Бақылау жұмысы

    Сұрақтар:

    1. Әлеуметтік құрылым дегеніміз?

    2. Әлеуметтік стратификация дегеніміз?

    3.Шағын топтардың түрлері ,және оларды ата.

    4. Таптық қоғамдар түрлері

    5. М.Вебердің  ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар. Олар:

    Жауаптар:

    1. Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар.

    2. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты қабаттарға бөлінуін-әлеуметтік стратификация деп атаймыз.

    3. Шағын топтардың 8 түрі бар. Олар.

          1)диффуздық немесе атаулық топтар-белгілі бір уақытша мақстаттық негізінде құрылған топтар.    Мыс, алыс жолға бірге шыққан бір купедегі, автобустағы жолаушылар

              2)ассоциациялық немесе уақытша тұрақты топтар-ортақ істіжүзеге асыру үшін жиналған топтар. Мыс, қысқа мерзімге жалданып жұмыс істейтін топ.

                 3)Корпорациялық топтар-әрқайсысы өз мақсатын басқаларсыз орындай алмайтын, бірақ бір-біріне ешқандай сыйластығы, іштей тілектестігі жоқ адамдардан құралған топтар.

                 4)Автономиялық топ-ресми құрылымның негізінде ұзақ уақыт бірге тұрақты жұмыс істейтіндердің топтары.

                      5)Гиперавтономиялы топ-қоғамнан ұзақ уақыт тәуелсіз өмір сүре алатын топ. Мыс, туристік, экспедициялық топтар.

                          6)Кооперация-ресми және бейресми құрылымдары қалыптасқан саны жағынан қоғамда ең көп тараған топтар.

                     7)Ұжым- қоғамдық имандылық және адамгершілік тұрғыдан алғанда сапасы жоғары әлеуметтік қарым-қатынастары қалыптасқан топ.

    8)Сығымдалған топ-саны жағынан аз, бірақ өзара үйлесімділігі өте жоғары топтар.

    4. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маңыздысы-таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілі, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылды. 

    5. Оның ойынша стратификациялаудың 3 өлшемі бар. Олар:

    1.    Байлық-экономикалық статус.

    2.    Билік-саяси статус.

    3.    Мәртебе әлеуметтік статус.


    написать администратору сайта