Главная страница

геодезия 2 (1). Баылау сратары Топографиялы карта


Скачать 5.22 Kb.
НазваниеБаылау сратары Топографиялы карта
Дата24.11.2021
Размер5.22 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлагеодезия 2 (1).docx
ТипДокументы
#281044

Бақылау сұрақтары

1.Топографиялық карта (Топографическая карта) — шартты белгілермен, барлық сызықтарын белгілі бір мөлшерде бірнеше есе кішірейту арқылы жергілікті жерді қағаз бетінде дәлме-дәл әрі жан-жакты бейнелеу. 

Горизонтальдық жазықтықта жергiлiктi жердегі учаскенiн проекциясын кiшiрейтілген түрдегі бейнесі топографиялық план деп атайды .

Екеуінде де жер бетiндегi заттар масштаб бойынша кішірейтіліп бейнеленеді. Олардың нақты пiшiнiнiц орнына шартты белгiлер колданылады. Масштаб айырмашылығы . План өте ірі масштабта сызылады: 1 см - 5 м, 1 см - 10 м, т.с.с. Масштабынын ірілігіне байланысты планда жер бетiндегi заттар барынша егжей - тегжейлі көрсетіледі. Географиялык карта үлкен алқапты, яғни облыс, мемлекет, материк, тiптi бүкіл жер шарын камтитындықтан, ұсак масштабта сызылады. Жер бетін егжей - тегжейлі бейнелеуі және дәлдiгi женiнен топографиялык карталар ғана планға бiраз жақын тұрады. Сол жағы Камтитын аумағынын үлкен - кішілігіне қарамастан, картада меридиандар мен параллельдер мiндеттi түрде сызылады Меридиандар солтүстік - онтүстік. Параллельдер батыс - шығыс бағыттарды көрсетеді . Планда ондай сызыктар болмайды. Планнын дәл жоғарғы жағы - солтүстік, төменгі жағы - оңтүстік, батыс, оң жағы шығыс бағыттарына тура келеді. Шартты белгiлердiн айырмашылығы. Пландағы шартты белгілер бойынша көптеген заттардыя нақты мөлшерін аныктауға болады (жолдын, өзеннiң ұзындығы. көлдiн немесе бақшанын ауданы және т.с.с). Картада ондай мүмкіндік жоқ. Мәселен, планнан елдi мекеннiн қандай пішінде екендiгiн, кешелерiнiн кай багытта созылып жаткандыгын онай аныктауга болады. Ал картада онын алып жаткан орны ғана белгіленедi .

2. Сызықты бағдарлау деп оның бастапқы сызыққа қатынасты орнын анықтауды айтады.

Бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті немесе картадағы горизонталь бұрышты азимут деп атайды.

Румб деген жер бетіндегі сызықтың X осінің солтүстік немесе оңтүстік бағытынан ауытку сүйір бұрышы.

3. Сызықтың негізгі азимуты деп негізгі меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойынша сызыққа дейін есептелген бұрышты айтады.

Сызықтың дирекциондық бұрышы деп зонадағы ортаңғы меридианның солтүстік бағытынан сағат тілі бойынша сызыққа дейін есептелген бұрышты айтады. Бағдарланып отырған сызықтың дирекциондық бұрышы азимуты сияқты тура және кері бола алады және бір-бірінен ±180°-қа айырмашылығы болады.

4. Меридиандар жақындасуы деп негізгі меридианынан ортаңғы мериадианның ауытқуын айтады.

Егер дирекциондық бұрыш(α) белгілі болса, онда негізгі азимутты мына формула арқылы анықтайды: Анег.= α+γ

5.Сызықтың магниттік азимуты деп магнит тілінің оңтүстік бағытынан сағат бойынша сызыққа дейін есептелген бұрышты айтады.

Дирекциондық бұрыш пен магниттік азимут арасындағы байланыс мына формуламен анықталады: Анег=Ам+δ

α= Анег -φ= Ам+δ-φ

Жалпы түрде: α= Анег+(±δ)-(±φ).

6. Қабаттас қима жазықтықтар аралығындағы тіке қашықтық hқ жер бедерінің қима биіктігі, қатарлас горизонталь иректері аралығындағы көлденең қашықтық d салынды деп аталады.

7. М нүктесі 250 және 255 горизонтальдың арасында орналасқан дейік. М нүктесінің белгісін анықтау керек. Нүкте арқылы горизонтальдарға перпендикуляр АВ сызығын жүргіземіз(d салынды). Анықтау үшін АВ сызығы бойынша вертикаль қиманы саламыз. Х шамасы М нұктесі кіші горизонтальдың үстінде орналасу арттыруы болып саналады. Арттыруды анықтау үшін екі ұқсас ВМ'М және ВА'А үшбұрыштарын қарастырамыз. Онда Δh/l=h/d, Δh=lh/d. Кіші горизонтальдардың белгісіне Х арттыруды қосқанда М нүктесінің биіктік белгісі табылады: HM=250,0+lh/d.

8. Нүктелердiң географиялық координаталарын анықтау Yшiн градустық рамка салынған , ол қара және ақ тустi шкала , онын әрбiр бөлiгi ендiк немесе бойлық бойынша бір минутқа сәйкес болады . А нуктесiнiн φ ендiгiн анықтау үшін олар арқылы градусты минуттық рамкага ( батыс немесе шығыс ) дейін параллельдi жүргiзедi . Онда А нүктесiнiн ф ендiгi келесi екi шаманын қосындысы болып табылады: φA=φ0+Δφ

А нүктесiнiң бойлығын анықтау үшін ол арқылы меридианды жүргізеді . А нүктесiнiң бойлығы келесi екi шаманын қосындысы болып табылады: λA=λ0+Δλ

С нүктесінің ( X , Y ) тікбұрышты координаталарын анықтау үшiн километрлік тордын белгiлерiн қолданады, берілген нүкте жатқан квадраттың оңтүстік - батыс бұрышының (Х0 , Y0 ) координаталарын анықтайды . Содан соң С нүктесінен сол квадраттың қабырғаларына перпендикуляр түсіреді және карта масштабын есепке ала отырып , олардың ( ΔХ , ΔҮ ) ұзындықтарын өлшейді. Онда С нүктесiнiң тiкбұрышты координаталары келесі формула бойынша анықталады : XC= Х0+ΔΧ

ΥC= Y0+ΔΥ.



написать администратору сайта