Алдар көсе тастар. Бай Ерболат Атасы Нурхат Алдар
Скачать 15.61 Kb.
|
Бай – Ерболат Атасы – Нурхат Алдар – Алихан Қыз- Үкілай Қыз жылап отырады Алдар : Саған не болды? Неге жылап отырсың ? Қыз (; Мынау сараң бай менің атамды түрмеге жаппақшы сол кезде бай жүгіріп келеді, атасы үйден шығады. Атасы: Ол жексұрынға мен көп ақша қарыз едім. Оған сені ренжітуге мен жол бермеймін Бай; ия кім оңбаған а? Ақша керек кезде мен жақсымын ия? Ал қарызымды қайтар дегенде мен жексұрынмын ба? Атасы: маған ақша бергенде сен қайырымды едің, маған қайырымдылық жасап көмектесемін дедің, енді келіп түрмеге отырғызамын дейсің Бай: сендермен сөйлескім де келмейді, кәне айтшы маған қарызымды қайтарасың ба? Қарызыңды қайтарсаң кешіремін, қайтармасаң түрмеге қамаймын. Қыз: Жоқ, атамды қамамаңыз Бай: Әй әскерлер, әй әскерлер дим мына алаяқты дереу түрмеге қамаңдар менен қарызға ақша алып енді қайтарғысы келмейді Алдар: Әй сендер неге ұрсысып тұрсыңдар, бұл мәселені таласпай шешуге болады ғой? Бай: ия сенің қандай шешімің бар? Алдар: Таластарыңды жеребе шешсін, мына дорбаның ішіне тастар саламыз Бай: Әкел, ал енді не істейміз? Алдар: Таңдауды немересі өзі таңдасын, егер ақ тасты таңдаса онда атасын жібересің, егер қара тасты таңдаса онда атасын түрмеге жабасың э Атасы: Жоқ балам, олай бола қоймас ондан да мына жауыз мені түрмеге қамасын Қыз : басқа амал жоқ ата, солай істейік жеребе шешсін Бай: Мен келістім Әй қарамаңдар, әй жабыңдар Міне болды. Ха ха ха ха күледі Қыз таңдау жасап бір тасты алып шығады . Алдар көсе; Үй тоқта тоқта маған берші, «уп деп лақтырғандай болады» Бай : Өй оңбаған сен не істеп тұрсың а? тас қайда? Алдар: Онда тұрған не бар? Қабыңда екінші тас бар ғой, қазір оның түсінің қандай екенін біліп, мен лақтырған тастың қандай болғанын біле аламыз Әкел бері О мынаны қара, әй мынау қара түсті тас қой. Демек атасы түрмеден аман қалады. Қыз: Алақай , Алақай Бай : Жо жоқ дұрыс емес, Қайтадан ойнауымыз керек ол қара тасты суырып алған Сен оңбаған оны лақтырып жібердің Алдар: Сонда сен қаптың ішінде екі қара тас болды деп айтқын келеді ма? Бай: Болды делік, саған не жоқ? Алдар: Ештеңе, сен өзің ғой жаңа ғана жұрттың алдында өзіңнің алаяқ екеніңді дәлелдедің Бай: Әй сенің оған қандай дәлелің бар? Алдар: Міне дәлел , мынау қыздың суырып алған тасы, ал мынау қаптың ішінде қалған тас, екеуі де қара демек сен алаяқсын Сенің өзіңді түрмеге жабу керек Бай. Әй тоқта тоқта тоқтаңдар деймін. Мені түрмеге жабуға болмайды. Мен ауқатты адаммын деймін Тоқта тоқтаңдар деймін. Атасы: Байдың екі қара тасты жасырғанын қалай біліп қойдың? Алдар : күледі. Байға қаптың ішіне ақ пен қара тасты өзіне салуға мүмкіншілік бергенімде не істейтінін анық білдім, өйткені алаяққа алдап соғуға мүмкіншілік берсең ол міндетті түрде солай жасайды ғой, әйтпесе ол алаяқ емес адал адам болмайды ма? Қыз: Рахмеет алдар аға. |