Главная страница
Навигация по странице:

  • Байқаудың мақсаты

  • Байқаудың шарттары

  • Түлектеріміз

  • Байқаудың жүлдесі

  • Ұйымдастырушылар

  • көркемсөз байқауы ЕРЕЖЕ. Байау Отстік азастан мемлекеттік педагогикалы университетіні 85 жылдыына


    Скачать 20.92 Kb.
    НазваниеБайау Отстік азастан мемлекеттік педагогикалы университетіні 85 жылдыына
    Дата23.11.2022
    Размер20.92 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлакөркемсөз байқауы ЕРЕЖЕ.docx
    ТипДокументы
    #808394

    Байқау

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің

    85 жылдығына орай оқу ордамызды бітірген танымал ақын-жазушы түлектеріміздің шығармашылығынан көркемсөз оқу байқауы өтетінін хабарлаймыз.
    Байқаудың мақсаты: талантты, өнерлі жастардың талабын ашу.

    Байқаудың міндеті: оқу ордамыздың түлектерінің шығармашылығын насихаттау, жастар арасында көркемсөз оқу мәдениетін дамыту.

    Байқаудың шарттары: Байқауға оқу ордамыздың кез- келген факультетінен 1-4 курс білім алушылары қатыса алады.
    І кезең: мәнерлеп өлең оқу;

    ІІ кезең: прозалық шығармадан үзінді оқу (3-4 минуттан аспауы керек).
    Түлектеріміз: Мамытбек Қалдыбай ( 1963), Молдахмет Қаназов (1963), Нармахан Бегалыұлы (1966), Мұхтар Шаханов (1967), Исраил Сапарбай (1969), Ханбибі Есенқарақызы (1972), Баян Тіленшина (1972), Әмзе Қалмырза (1984), Әкім Ысқақ, Әбілда Аймақ (1990), Ақмарал Леубаева (1992), Маржан Есжанова (1995), Бақытжан Алдияр (1996), Анар Жаппарқұлова (1998), Қалдыгүл Әлімбаева, Серік Сейтман (2003), Бекмұрат Анарбаев (2006), Дәурен Ақсақалов (2017).
    Талапкерлер дайындаған мәтіндерін жатқа оқумен бірге сахналық бейнесі мен киімдерін байқау кезеңдеріне үйлестіре білулері қажет. Қатысушылардың шығармаларды жатқа және көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнері мен тіл тазалығына баса назар аударылады. Байқаудың жеңімпаздарын қазылар алқасы анықтайды.
    Байқаудың жүлдесі: Байқаудың жеңімпазы мен жүлделі бірінші, екінші және үшінші орындарды иеленгендерге тиісті дәрежедегі дипломдар мен сыйлықтар, барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
    Сайыстың өтетін уақыты мен орны: 01.12.2022 жылы сағат 15:00, «Тұмар» ғимараты

    Ұйымдастырушылар: Филология факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы, аға оқытушы Сапарбаева Қарлығаш және 4-курс 1701-29 оқу тобы.


    написать администратору сайта