поьргшд. Аш бөрі. Бала асы ойнап жатыр
Скачать 22.29 Kb.
|
«Аш бөрі» әңгімесі қазақтың ұлы күйшісі, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының өмірінен алынған бір үзідісі. Күйші кезінде байларды ашық сынға алғаны үшін қудаланып, қамауға алынған екен. Сөйте тұра халқын өз туындыларымен қуантып отырған. Ұлы күйшінің теңіз тамшысындай ғана ғұмыр дерегін ұсынамыз. Бала асық ойнап жатыр. -Қап әттегенай, тағы да тимеді! –деп баланың көңілі құлазып отырып асықтарын ретке келтіре бастады. -Өй , айналайын, шырағым, асық ойнап жатқан түріңнен .-деп немересін әжесі құшақтап, маңдайынан иіскеп бір мауқымын басқаннан кейін шаруасына қайта кірісті. Бала болса асық ойынына қайта кірісіп... -Ай, бәрекелді! Сақам дөп тиді! Әже:- Әй, шырақ.! Немере:- Әу, әже! -Балам, тезек алып келші- деді әжесі пеш жанында бос жатқан қапты немересіне ұсынып. Немере:- Қазір әже- деді де сақасын қоя сала, қапты алып далаға шығып кетеді. Ал әжесі болса күбідегі қымызды пісе бастады. (Әже ән айта бастайды.) Кенет үй сыртында біреудің жан айғайы естілгендей болады. Үй ішіне айқайлап бала кіре сала. -Әже, әже-деп демі таусылып сөйлеуге қиналған- әже, анау жақта, ана жақта... -Не болды? Айтсаңшы енді?!-үрейленген әжесі. -Әже ( қолын сырт жаққа сермеп) әкемді сібірге айдап бара жатыр! -Ойбай, не дейді? Жүр кәне, мән жайды білейік!- деп немересімен комиссариат жаққа жол тартады. --------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 2 Эпизод Әжесі мен немересі комиссариатқа кіре сала қарсы келе жатқан екі шеңді кісілердің біріне: Балам, балам тоқтай тұршы. Құрманғазы Сағырбайұлымен кездессек деп едік. Мен анасы , мынау баласы ғой. Щеңді жігіттердің бірі қолындағы тізімге қарап: -Құрманғазыы Сағырбай дейсіз бе? АА,Иә-деп жанындағы сарбазға: -Алып кел Сағырбайұлын!!-деп бұйыра сөйледі. Сарбаз сыртқа жүгіріп шығып, біраздан соң Құрманғазыны ертіп кіреді. Бала әкесін көре сала, құшағына алғаны сол еді,.. - Әрі тұрр!!! –деп жекіп баланы итеріп жібергеннен соң, жанында тұрған сарбаздарға: - 15 минуттан кейін Құрманғазыны абақтыға апарып қамайсыңдар!-деп сыртқа шығып кетеді. - Әке, әкетайым!- деп әкесін құшағына алып көзінің жасын сүртіп... (Бала жерге отырып, тізетін құшақтап жылап отырады) Әкесі жақындап: -Балам, сенің осыншама өсіп кеткеніне қайран қаламын. Жұрт сияқты балаларының қашан жүріп, қашан тіл шыққаныңды байқамай да қалыппын.. Талай айлап, жылдап елім деп сағынып келгенде маңдайынан сипаған да жоқпын! Кешір мені, ұлым!- деп анасының алдына барып. -Әлпештеп өсірген анама, әлі күнге дейін қайырымды іс істемегеніме өкінемін, енді міне( көзіне жас алып басындағы тақиясымен жасын сүртеді) айдалып бара жатырмын. - Мен ұл таптым ба деп жүрсем, жаман жасық неме туған екенмін ғой! Кімнің алдында көз жасыңды шығарып тұрсың?!-деп анасы баласының басынан нұқып қалады. Осы кезде екі шеңді Құрманғазының қолын қайырыа сыртқа әкетеді. -Әке, әке- деп бала әкесінің артынан сыртқа шығып кетеді. Құрманғазының күйі ойналады...анасы көз жасына ерік беріп: - Естимісің, естимісің халайық! Бұл Құрманымның күйі ғой?! Тар төсекте тарығып жатырмысың, жарығым? Ана жүрегі алдамайды қашанда, сенімен кездесер күнім алыс емес екенін сеземін, ұлым-ай!- деп ақырын аяңдап үй жаққа бет алады. ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- 3 Эпизод Арада біраз уақыт өткен соң Құрманғазы тұтқыннан босап еліне қайтып келе жатады. Киіз үй ішінде екі кісі келген қонағын қарсы алып: -Уа, Әбеке, қош келдің, төрлет!-деп үшеуі әңгіме дүкен құрып кетеді. Дәл сол кезде Құрманғазы қолына домбырасын алып: -Ей, мынауың тау болды-ау, тау болса, ендее Алатаудың өзі! Онда бұл жерде ауыл болса керек. –деп жөнімен келе жатса алдынан бір боз кийіз үйге көзі түседі. -Ей, мұнда кім бар?!-алдынан ыдыс –аяғы бар келіншек шығады. - Амансыз ба, қош келдіңіз! Кім боласыз? -Құдайы қонақ едік! -Құдайы қонақ болсаңыз, өтіңіз, төрлетіңіз. –дер қонағын ішке кіргізеді. Үйге кірген мейманмен дастархан басындағылар қол алысып амандасуда. -Ассалаумағалейкум» -Уағалейкумассалам!-деп Құраманғазы датархан басына отырғаннан кейін үй қожайыны: -Е, жолаушым, жөнінді айта отыр. -Тұтқыннан босап келе жатқан жолаушы едім. Елім сонау күн батыста. Өздеріңнен де жөн білісіп отырайын. -Е, біз де осы үйдің бір шалы-деп дастархан басынан бауырсақтан дәм татып. Қасыңдағы жігіт: -Бұл кісінің есімі Дөңбай. Елімізді Дөңбай билейді. Еліңіз күн батыста болса, алыс екен. Сіз естімеген шығарсыз, бұрындары бұл кісіге арнап айтыс айтқызған едік. Дөңбай: - Е, ол кезде кісі едік . Қазірде көсеумен жолдас, қатынмен ымдас үй кісі болдық. Құрманазы:- Мынау жігіт ше? Дөңбай жанында отыран жігіттің арқасынан қағып. Е, бұл да бір ағайын, аты Әурен. Ат үстіндегі ер азаматтардың бірі. Қалада қызмет атқарады, еліне келіп жатыр екен, міне, маған көріскелі келіпті. Жолаушым, мынаны деген босқа арқалап жүрмеген шығарсың?-деп Құраманғазының домбырасын алып пернелерін шертіп , иесіне ұсынды. Құдай күні тап болдың, ендеше өнерінді көрсет, көріп қалайық! Құрманғазы:- Ал, домбырамды шертсем, шертейін- деп Алатау күйін ойнай бастайды... |