Главная страница
Навигация по странице:

  • Тренинг барысы

  • 1.«Есімдер аллитерациясы» Нұсқау

  • 5. Суретті жалғастыр әдісі.

  • 6. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» әдісі.

  • Осы әдісті түйіндей келсек, Құрметті ата-ана!

  • 7. «Болашаққа тілек» әдісі

  • Сіз қандай ата-анасыз Сауалнама

  • «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

  • ата ана үндестік сабақ. Бала трбиесі баршаа орта


    Скачать 19.14 Kb.
    НазваниеБала трбиесі баршаа орта
    Дата24.05.2023
    Размер19.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаата ана үндестік сабақ.docx
    ТипДокументы
    #1157579

    Тақырыбы: Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

    (Ата –аналармен, оқушылармен бірлескен тренинг сабақ)

    Мақсаты: Баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре отырып қарым –қатынас орнату.
    Міндеттері: Ата-аналардың мектеппен, тығыз байланысын арттыру, балаларын, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. 
    Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, қалам,

    және т.б
    Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап, тест психологиялық жаттығулар.
    Тренинг бағдарламасы:
    1. Амандасу
    2. «5 қадам» әдісі
    3. «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» дәріс оқу
    4. Ой жинақтау
    5. Суретті жалғастыр
    6. Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    7. Болашаққа балама тілек

    8. Сауалнама
    9. Қорытынды
    Тренинг барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты тренинг сабағымызға қош келдіңіздер! Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
    Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана. Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын ата - аналар 3 түсті жүрекшелерден бір - бірден таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
    1.«Есімдер аллитерациясы»
    Нұсқау: Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
    Мысалы: Мен сәнді –Сандуғашпын
    Мен гүлдей- Гүлнармын
    Мен айдай – Айдынмын
    2.Топқа бөлу түрлі түсті қағаздан жасалған жүректерді түсіне қарай таңдайды. Түстер бойынша топ құрып ,бөлініп отырады.
    3.Дәріс оқу Тақырыбы: «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»
    4. Ой жинақтау
    Үш топқа тақырып беріледі.
    Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.
    I.Бала –білімді әрі тәрбиелі болып өсуі үшін ата-ана қандай жағдай жасауы керек.
    II. Балаларды теріс қылығы үшін жазалау керек пе?
    III. Мұғалім мен ата –ана байланысының тиімділігі бар ма?


    5. Суретті жалғастыр әдісі. Бұл тапсырмада бала өзінің қиялындағы бір суретті салады,ал ата-ана ары қарай баласының ішкі ойын түсініп,суретті ары қарай жалғастырады.Соңында шыққан суретті бағалап,әркім өзі салған суретпен нені бейнелеуге тырысқанын және қандай сурет нәтижесінде шыққанын бағалайды.

    6. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» әдісі.

    Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып су толған ыдысты төкпей жерге қою.Бұл жердегі мақсат ата-аналардың бірлесіп,бірігуі арқылы ғана мақсатқа жететінімізді көрсетеді.

    Осы әдісті түйіндей келсек, Құрметті ата-ана! 

    Бала тәрбиесі - ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адамда сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Сіздерге ұсынылып отырған осы әдіс арқылы ата-аналармен бірлесе жасалатын жұмыс қана жаксы нәтиже беретіні көрсетілген, яғни біз бірлескен кезде ғана жұмылы көтерген жүк жеңіл болып мақсатқа жете аламыз. Қазақта «Баланың бас ұстазы - ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Әрине, ата-аналар балаларының оқу - үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруларыңыз қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндер дегенді білмейді.

    7. «Болашаққа тілек» әдісі

    Ата-аналар тақтада ілініп тұрған балалардың қолдарына жазылған хаттардан баласының жазуынан ата-анаға жазылған хатты табуы кажет. Бұл жерде ата-ана балаларының жазуынан тани қоя ма екен?! Хатты тапқан соң өз балаларына А4 қағазынан баланың бейнесін жасап сол бейнеге баласына болашаққа тілек жазып, оны тақтаға іледі.
    7.Қорытынды
    Бала дегеніміз –болашақ. Балаларымызды қалай тәрбиелесек болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда.
    Ұлт тәрбиесі- ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Білімді денсаулығы мықты азамат өсіру үшін, мектеп болып ынтымақтасып та ат салысуымыз қажет. Кейін опық жеп бармақ тістемеу үшін баланы қаршадайынан дұрыс тәрбиелеуге, бала бақытының шынайы бағбаны болуға атсалысқанымыз жөн. Бала бақытының кепілі-ата –ананың өнегелі тәрбиесінде.
    Сіз қандай ата-анасыз?

    Сауалнама

     

    1.         Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?

    2.         Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?

    3.         Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?

    4.         Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?

    5.         Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?

    6.         Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?

    7.         Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?

    8.         Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?

    9.         Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?

    10.       Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?

    11.       Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?

    12.       Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?

    13.       Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?

    Жауабы:

    1.         Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай

    2.         Кейде ғана келісемін - 2 ұпай

    3.         Келіспеймін - 1 ұпай

     

         0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру

    үшін педагог немесе  психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.

        17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда

    тәрбиелік қабілет бар,  тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен

    әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.

          31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек

    түсініп қана қоймай,  әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.

    8. Қорытынды сөз.

    Құрметті ата – ана! Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет деп бүгінгі жиналысымызды аяқтағалы отырмыз.

    Өздеріңіздің ұсыныс-тілектеріңізді бір парақ қағазға жазып кетіңіздер.
    «Жаңаауыл жалпы білім беретін мектебі» КММ

    Тақырыбы:

    «Бала тәрбиесі баршаға ортақ»

    (Ата –аналармен тренинг сабақ)

    Сынып жетекшілері: Байтенова А.Д.

    Жұмаділла А.А.

    2022-2023 оқу жылы


    написать администратору сайта