балабақшадағы флипчарт. БАЛАБАҚШАДА ФЛИПЧАРТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ. Балабашада флипчарт технологиясы арылы білім беру Баялиева Акнур Акылбаевна, трбиеші, жоары білімді 37 Бйтерек
Скачать 23.7 Kb.
|
«Балабақшада флипчарт технологиясы арқылы білім беру» Баялиева Акнур Акылбаевна, тәрбиеші, жоғары білімді №37 «Бәйтерек» бөбекжай-бақшасы, Тараз қаласы aida-aidara@mail.ru Аңдатпа: Бұл мақалада балабақшада жаңа инновациялық технология «флипчарт» бағдарламасы негізінде сабақты құру, өту, білім беру туралы айтылған. Аннотация: В данной статье рассказывается о создании, прохождении, обучении занятий в детском саду на основе новой инновационной технологии «флипчарт». Abstract: This article describes the creation, passage, and training of classes in kindergarten based on the new innovative technology "flipchart". Түйін сөздер: флипчарт, мультимедия, интербелсенді тақта, балабақша. ХХІ ғасыр ақпараттың ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық аса қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы орайда еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек»[1] деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға көшуіміз керек. Балабақшадағы оқу қызметтері өзіндік спецификаға ие, олар эмоцияға толы, қанық, көбіне түрлі-түсті көрнекіліктер қолданылған, бейне және дыбыстық жазбаларды қолдану арқылы өтіледі. Мұның барлығын бізге өзіндік мультимедиялық қабілеттерге ие компьютерлік техникалар қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, компьютер қазіргі таңда тәрбиешінің жанама көмекші құралына айналуда. Мектепке дейінгі балалық шақ – жеке тұлғаны қалыптастырудың ұтымды кезеңі. Осы кезеңде баланың қоршаған орта туралы танымы, интеллектуалды және психикалық дамуы қалыптасады. Ақпараттық технологиялардың бірі – интербелсенді тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интербелсенді тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта еліміздегі балабақшалардың барлығында дерлік интербелсенді тақтамен қамтамасыз етілген. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл балаларға өз бетімен немесе бірлескен түрде ұжымдық шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді. Ол үшін педагог өткізетін сабағының түрін дұрыс таңдай білуі қажет. Қазіргі кезде оқыту үрдісіне заманауи технологияларды кеңінен енгізу – сапалы білім берудің алғышарты болып отыр. Солардың бірі – флипчарт технологиясы бойынша құрылған сабақтар. Флипчарт сабағын Activ Studio немесе Activ Inspire бағдарламасымен құрастырып, дайындаймыз. Бұл дайындаған сабағымыздың екінші нұсқасын ашу үшін арнайы интербелсенді тақта керек. Интербелсенді тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де ақпараттық бейнесі мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрылғы. Ескі үлгідегі тақта мен бордың, тақта мен магниттің орнына жаңа интербелсенді тақталар келуде. Оның ішінде интербелсенді тақта проекторымен бірге, кез-келген жерден сабақты жүргізуге арналған сенсорлы қалам бар. Сенсорлы қалам кәдімгі бордың қызметін атқарады. « flip» сөзі «сальто, лақтырып тастау, қанаты арқылы айналдыру», ал chart – «диаграмма, сызба, карта, кесте, тірек»[2] деген ұғымдарды білдіреді. Флипчарты жетпісінші жылдардың ортасында Питер Кент ойлап тапқан деген анықтама бар, алайда бұл жаңсақ пікір. Флипчарт тақтасын ең алғаш болып америкалық NCRC компаниясының негізін қалаушы Джон Генри Паттерсон ойлап тапқан. Бұл туралы «Home Field Advantage» кітабында жарық көрген оның өмірбаянында айтылған және де 1912 жылы Джеффри Гитомирдың «The Patterson Principles of Selling» кітабының бір тарауында «The Power of a Flipchart» тақырыбымен толық жазылып, көрсетілген[3]. Флипчартты жаңа парақтан бастап жасауға болады, сонымен қатар дайын презентацияны флипчартта дайындауға болады, бірақ Power Point бағдарламасында дайындалған презентацияда тек суреттер мен текстер ғана көрінеді. Презентация беттеріндегі флипчарт толық көріну үшін, дайындалған флипчартты тиісті беттерге сілтеме түрінде қойып шығу қажет. Тыңдаушылардың назарын өзіне аудару үшін әрбір флипчарт сілтемелері сурет, белгі, текст түрінде беріледі және сол бейнелердің үстіне басқан кезде флипчарт беті ашылады. Бейнесілтеме белгісіне басып флипчартта дайындалған бейнематериалды көруге болады. Жинақталған материалдар әр түрлі болғанмен, олардың барлығы бір флипчартта орналасуы мүмкін. Яғни, барлық мәліметтер бір құжатта орналастырылса, керек құжатты тез арада тауып, уақыт үнемдеуге және жұмыс жасауға қолайлы мүмкіндік беріледі. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады. ACTIVstudio немесе Activ Inspire бағдарламасы іске қосылғанда бірден компьютердің экранына сай келетін жаңа флипчарт парақшасы құрылады. Бұл бірінші флипчарттың қолдануға дайын беті. Флипчарт батырмасын басқаннан кейін ғана іске қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio, Activ Inspire мен Windows арасында байланыс жасауға қолданылады. Флипчартты сабақта қолдану оң атмосфераны туғызады, балалар арасында бірлесе жұмыс жасау дағдысына ие болады. Белсенді және тынымсыз балаларға тосқаулықтар мен шектеулер болмайды. Баяу қабылдайтын балалар да үлкен экраннан көрген дүниені тез есте сақтай алады. Балалар тақтаға қуана шығып геометриялық фигуралар сызуға, тірек-сызба жасауға, тақтаға маркермен жазып, оны сүртуде белсене жұмыс жасайды. Сондай-ақ интербелсенді тақтада жұмыс жасау, баланы белсенділікке тәрбиелейді, суреттермен, текстермен жұмыс жасауда қызығушылықпен орындайды. Сабақта интербелсенді тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интербелсенді тақтаны пайдалану аркылы балалардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Балалардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Қазіргі заманның даму қарқыны педагогтар шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасыр – информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету педагогтың шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі жоғары деп есептеймін. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматы ретінде де арманым еліміздің әрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, әрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Ол үшін оларға білім беретін ұстаздар өз пәнін жетік меңгерген, теория мен тәжірибені оқушылар бойына сіңіре алатын шығармашыл, ізденімпаз, ең бастысы еңбекқор болуы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Н.Назарбаев «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту стратегиясы және өркениеттер серіктестігі», Алматы. - Жібек Жолы, 2012 ж. О.Бочкарева «ФЛИПЧАРТ –УРОК? Что это?»/ http://blog.rusinntorg.ru/chto_takoe_flipchart/ Джеффри Гитомир «Принципы Паттерсона и продажи в XXI веке», Издательский дом «Питер», 2006 г. |