Балғабек Қыдырбекұлы Теміржолшы. Балабек ыдырбеклы Темі
Скачать 25 Kb.
|
Балғабек Қыдырбекұлы Теміржолшы Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маңдағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Ауылдан келген жігіттер жұмысқа белсене араласып кетіпті. Кешегі «мен көшемін» деген кісі сайдан топырақ тасып жүр. Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде осылар қазақша сөзімді түсінбес деп жүрексініп еді, олай болмады, кіріп барған жігітке: — Амансың ба? —деп қазақша сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров орнынан тұра келіп қолын өзі берді. — Амансыз ба? —деді, не айтарын білмей қалған Әліш те. — Жұмыс сұрай келдің бе? — Иә. — Ендеше мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар, ол саған жұмыс береді. Ендігі сенін бастығың сол болады. — Құп. Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге топырақ тартты. Аз ғана күн ішінде жап-жазық далада топырақ жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе – көл» деген осы екен-ау деп ойлады Әліш. Аз күнде Әліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы тасылған топырақты тегістеп, нықтап, таптап, енді бірсыпырасы тақтай тілуге кірісті. Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды. Әліш бүгін өзінің бастығы Тарасовқа бір іспен бара қалып еді, ол «сен бүгіннен бастап топырақ тасығаныңды қой да, Сергей Колесниковтың қарауына бар. Жұмысты солармен істе» деді. Бұл сөз Әлішке алдымен қиынырақ тиді. Өйткені Әліш орыс тілін білмейді. Ал Сергейдің жанында бір қазақ жоқ, бәрі де орыс жігіттері. Сондықтан ол осы топырақ тартқан жігіттермен бірге жүре беруді ұнататын. «Бірақ,—деп ойлады ол,— топта сөз сөйлеймін бе, олардың істейтінін істей беруді білемін ғой». Осы екі ойды салмақтап келді де, Әліш тәуекел деп, Сергейдің бригадасына кетті. Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол. (әңгімеден үзінді) Балғабек Қыдырбекұлы Теміржолшы Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маңдағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Ауылдан келген жігіттер жұмысқа белсене араласып кетіпті. Кешегі «мен көшемін» деген кісі сайдан топырақ тасып жүр. Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде осылар қазақша сөзімді түсінбес деп жүрексініп еді, олай болмады, кіріп барған жігітке: — Амансың ба? —деп қазақша сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров орнынан тұра келіп қолын өзі берді. — Амансыз ба? —деді, не айтарын білмей қалған Әліш те. — Жұмыс сұрай келдің бе? — Иә. — Ендеше мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар, ол саған жұмыс береді. Ендігі сенін бастығың сол болады. — Құп. Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге топырақ тартты. Аз ғана күн ішінде жап-жазық далада топырақ жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе – көл» деген осы екен-ау деп ойлады Әліш. Аз күнде Әліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы тасылған топырақты тегістеп, нықтап, таптап, енді бірсыпырасы тақтай тілуге кірісті. Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды. Әліш бүгін өзінің бастығы Тарасовқа бір іспен бара қалып еді, ол «сен бүгіннен бастап топырақ тасығаныңды қой да, Сергей Колесниковтың қарауына бар. Жұмысты солармен істе» деді. Бұл сөз Әлішке алдымен қиынырақ тиді. Өйткені Әліш орыс тілін білмейді. Ал Сергейдің жанында бір қазақ жоқ, бәрі де орыс жігіттері. Сондықтан ол осы топырақ тартқан жігіттермен бірге жүре беруді ұнататын. «Бірақ,—деп ойлады ол,— топта сөз сөйлеймін бе, олардың істейтінін істей беруді білемін ғой». Осы екі ойды салмақтап келді де, Әліш тәуекел деп, Сергейдің бригадасына кетті. Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол. (әңгімеден үзінді) |