Елім деп соғады жүрегім тәрбие сағаты, мектепалды даярлық Устапаева А.М. Железин №3 мектебі. Елім деп соғады жүрегім. Балалар . Трманжановты Туан лкем леін айтады
Скачать 16.28 Kb.
|
Балалар жерде жатады. Аспанда самғап жүрген қыран құстың дауысы қосылады. Балалар оны көріп жатқандай армандарын айта бастайды. Адиет: - Қараңдаршы, аспандағы қыран құс. Қандай әдемі! Мен де осылай еркін жүргім келеді! Еркін құспын мен! Айсана: - Ал мен бұлт боламын. Дильназ: - Мен ше, мен аспанның өзі боламын! Мағжан: - Мен осы құстың иесі болғым келеді! Адиет оған қарсы пікір айтады: - Жоқ, ол еркін құс! Оның иесі бола алмайсың! Мағжан: - Боламын! Екеуі күресіп кетеді. Осы кезде атасы (Мирас) келеді: - Балаларым-ау, сендерге не болған? Екеуің дос емессіңдер ме? Адиет болған мән-жайды айтып береді. Атасы (Мирас) айтады: - Балалар, қыран құс бостандықты, еркіндікті жақсы көреді. Бірақ кейбір адамдар оларды өз мақсаттарын іске асыру үшін пайдаланады. Қандай да құсты еріксіз ұстап тұру – кешірімі жоқ әрекет. Осыны ұмытпаңдар, жарайды ма? – Иә – дейді балалар. Атасы: - Ендеше жан-жағымызға қараңдар. Айналамыз неткен әдемі! Балалар Ө. Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңін айтады. Мағжан: Көгінде күн нұрын төккен, Жерінде гүл жұпар сепкен. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Дильназ: Алтын дәнді даласы бар, Ақ күмістей қаласы бар. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Айсана: Түлігі өскен алуан - алуан, Төс, алқабы малға толған. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Мирас: Ер еңбегі шалқып, тасқан, Ел еркіндеп бақыт тапқан. Неткен сұлу, неткен көркем! Осы менің туған өлкем! Қыздар биі «Қазақша» Дабылды әуен. Осы кезде бала (Мағжан) жүгіріп келеді: - Ата, жаулар келе жатыр! Жаулар келе жатыр! Жерімізді, Елімізді алып қоямыз дейді! Атасы: - Жігіттер, туған елімізді ешкімге беруге болмайды. Күш жинап, бір Аллаға сыйынып, соғысқа аттану керек! Ерасыл: Туған жер-ай, күнім де сен, дінім де сен, Тағдыр сендей сүйесе, сүрінбес ем. Керегі жоқ басқа атақ, Басқа абырой, Жетіп жатыр тек өзің ұлым десең! Адиет: Жерімізді бермейміз, қорғаймыз! Бәрі шулап кетеді: - Иә, иә, әрине, жауға қарсы шығамыз! – Бауырларым, шайқасқа түсейік! Аттандық, Қазақ, Алға! – деп шайқасып тұрғандай қимылдар жасайды. Жігіттер биі («Адай» күйі) (Шайқастағы оқиғаны ашып көрсетеді) Жігіттер келеді. Ауыл халқы қарсы алады. (Бұл жерде Аталары мен қыздар). Құшақтайды. Кейбірі жылайды. Балалар: - Ата, Туған жерімізді аман алып қалдық. Отанымыз еркін құстай өмір сүре береді. Атасы: - Рахмет сендерге, жігіттер! Сендер барда ештеңеден қорықпаймыз! Ән «Қазақ елі» Отан Аяжан: Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Нұргүл: Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған. Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған! Нармин: Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем. Отанды сүймеуің де күйік екен, Отанды сүйгенің де күйік екен... Мұқағали МАҚАТАЕВ Балалар бәрі бірге: ЖЕРІМ МЕНІҢ, ОТАНЫМ, БАЙТАҚ ЕЛІМ, ӘРҚАШАН СЕН ДЕП СОҒАДЫ ЖҮРЕГІМ!!! Батырхан Шүкеновтың «Отан – Ана» әні ойнап тұрады. Балалар еңкейеді, қоштасады. |