эссе. Балалардаы бас ми жараат ерекшелігі
Скачать 17.06 Kb.
|
Балалардағы бас ми жарақат ерекшелігіАуруханада емделуді қажет ететін жарақаттар ішінде бас-ми жарақаты бірінші орынды алады. Омырау жасындағы балаларда бас сүйек пен мидың жарақаттары төсектен, диваннан, столдан, коляскадан, жерге құлау нәтижесінде туындайды. Құлағанда қорғану қимылы болмағандықтан жас бала басымен соғылып, бас-ми жарақатын алады. Мектеп жасына дейінгі балаларда жарақат терезеден, балконнан, төбеден, кейде аса биіктен құлау салдарынан болса, мектеп жасындағы балаларда қозғалмалы ойын немесе автожол қақтығысу кезінде туындайды. Жалпы бас-ми жарақатын алушылардың жағдайының ауырлығы, клиникалық көрінісі, әсер ету күшіне, механизміне, ми мен бас сүйектерінің зақымдалуының ерекшетіктеріне ғана емес, ол баланың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне: мидың және бас сүйектерінің даму айырмашылықтарына, бас сүйек қуыстарының кеңістіктеріне, бас сүйек күмбездерінің тігістерінің әлсіз қосылуына, еңбектің болуына, қан тамырларымен бас сүйектерінің серпімділігіне, мидың функциялық және морфологиялық жетілмеуіне, мидың сыртқы қабатының сүйекке бекітілуіне, ми тінінің гидрофильділігіне байланысты. Жарақат қатты әсер етсе де, балалар ауыр жағдайдан тез шығып, неврологиялық көріністер кейде бірнеше сағат қана сақталады. |