Баяндама бейімделу. Балалы шатан ткен, біра ересектікке жетпеген 1115 жас аралыындаы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеіндегілер деп атайды
Скачать 18.9 Kb.
|
Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке жетпеген 11-15 жас аралығындағы балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп атайды. Жеткіншектің кезеңінің шектері шамамен балардың орта мектептің V-VIII сыныптарында оқитын кезеңімен сәйкес келеді. Жеткіншек кезеңінің баланың дамуындағы ерекше орны оны «өтпелі, бетбұрыс, қиын, сыналатын» кезең деген атауларды бейнеленген. Бұл атауларды осы жастарда болатын, өмірдің бір дәуірден екіншісіне өтуімен байланысты даму процесінің күрделілігі мен маңыздылығы айтылған. Балалық шақтан ересектікке өту осы кезеңдегі дене, ақыл-ой, адамгершілік, әлеуметтік дамудың барлық жақтарынынң негізгі мазмұны мен өзіне тән ерекшелігі болып табылады. Барлық бағыттарда сапалық жаңа құрылымдар қалыптасады, организмнің сана-сезімінің, үлкендермен және жолдастарымен қарым-қатынасын, олармен әлеуметтік өзара іс-әрекет әдістерінің, мүдделердің, танымдық және оқу іс-әрекетінің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын моральдық-этикалық нормалар мазмұнының қайта құрылуы нәтижесінде ересектік элементтері пайда болады. Жеткіншектің жеке басының дамуының аса маңызды факторы – оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі; ол белгілі бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендерден және жолдастарымен, ақырында өзіне қанағаттанарлық қарым-қатынас орнатуға (өзінің жеке басы мен өзінің болашағын, ниетін, мақсаты мен міндетін жүзеге асыру әрекеттерінің жолбалануы) бағытталады. Ғылыми тілде адаптация деп аталатын қиындығы көп бейімделу күйін 1 және 5-ші сынып оқушылары бастан өткізеді. Қиындыққа тап болған жас баланы қолдамай, проблемаларын шешуді тек өзіне қалдырар болсақ, не ұтамыз? Ештеңе де. Алайда, жаңаның қалыптасу процесі біраз уақытқа созылады, бұл көптеген жағдайларға байланысты болады. Бұл процесс 5 сынып оқушыларының кіші мектептен орта мектепке өту кезеңінде бастау алады. Адаптация кезеңі 1 айдан 1 жылға дейін созылатынын білеміз. Осы кезеңде мектеп психологының жүйелі жұмыс жүргізуі өте қажетті деп ойлаймын. Себебі бастауыш буыннан орта буынға ауысқан сәтте мұғалім де, бала да, ата-ана да қиналады. Үшеуі біріне-бірі үйрене алмай, түсінісе алмай жатады. Үлгерімдері де әдеттегідей түсіп кетеді. Бастауыш сыныптың түлектері 5-сыныпқа қадам басқанда неге үлгерімі төмендеп кетеді деген сұрақты естігеніме де біраз жыл болды. Бастауыш сыныптан бала меңгеруге тиісті білімнің 100 пайызын түгел алып шығуы мүмкін емес екені анық, 80-90 пайызға дейін меңгеріп шығуы мүмкін. Адамның потенциалы мен интеллектісі еш уақытта да 100 пайыз толық жұмыс жасамайтынын психологтар жақсы біледі. Бастауыш сынып мұғалімінің берген білім негізін орта буын мұғалімдері іліп кете алмай жатады? Неге? Сонда олардың білім беру шеберліктері нашар болғаны ма? Әлде басқа себептері бар ма? Сөйтсек, себептері бар екен. Оны бірнеше фактор ретінде қарастырып көрейік: 1-фактор: Бақылаудың әлсіреуі. Бала бастауыш сыныпта 4 жыл бойы 1 кабинетте, бір ғана мұғалімнің бақылауында тұрақты түрде болады да, оның барлық қимылы мен оқу сапасы туралы мәліметтер ата-анасына күнде белгілі болып отырады. Бастауыш сынып мұғалімі әрі- оның ұстазы, әрі- сынып жетекшісі, әрі- бақылаушысы. Оның талабын тез түсініп алған бала ыңғайына қарай бейімделіп, оқу процесіне өзі де көмектесе бастайды. Мұғалім де әр балаға жеке талап қояды. Түсінбей қалса, сабақтан соң түсіндіреді, әрқашан көмектеседі. 5-сыныпта бұл баланс бұзылады. Әр пәнді әр түрлі мұғалім жүргізгендіктен, әрқайсысының дауысына, сөйлеу мәнеріне, қоятын талабына үйрену қиындық келтіреді. Әрбір баланың мінез-құлқын жаттап, «мәпелеп» отыруға пән мұғалімінің де уақыты болмауы мүмкін. Осы жерде баланың өзін керексіз сезінуі, мақтау естімеуі, мұғалімнің назар салмауы балаға жағымсыз әсер етеді. 2-фактор: Мұғалімнің ауысуы. Бастауыш сынып мұғалімі – әрі ұстазы, әрі анасындай, тіпті туысындай болып кетеді. Балаға білім беріп қана қоймай, өзіне-өзі қызмет көрсетуге, тазалыққа, әдептілікке үйретеді. Жақсы тамақтануын да қадағалайды, көңіл-күйін де аулайды. Бала мұндай адамның қасында өзін панасы бардай, қорғанышты алаңсыз күйде ұстайды. Кенеттен балаға «екінші анасын» ауыстыруға тура келеді. Әр түрлі мінезі бар мұғалімдердің бір мезгілде айналасына қаптап кетуін елестетіп көріңізші. Оның үстіне мұғалімдердің көбі баланың өзі менің талабыма үйрене қоймады деп шәкіртті кінәлайды. Ал шынында дұрыс педагог балаға қарай алғашқы қадамды өзі жасауы керек. Балаға бір емес, бірнеше мұғалімнің алдындағы «авторитетін» қайта құру талабы тұрады. Толқытатын, қорқытатын, шошытатын шындық- осы. 3-фактор: Жұмыс ырғағының ауысуы. Жаңа пәндер қосылып, жұмыс көлемі артады. Бастауышта күніне 2-3 пәнге дайындалса, орта буында 5-6 сабаққа қатар дайындалады. Жаңа пәндерді бірден меңгере алмауы да оқушыны тежейді. Әр мұғалім дәптерді әр түрлі жүргізеді. Тез жаза алмайтын балалар қалып қояды. Жазу көбейіп, бала жалыға бастайды. Тарихшы даталарды жатқа сұраса, математик формуланы жатқа сұрайды, қазақ тілі мұғалімі жеке пікірін есепке алады деген сияқты толып жатқан ұсақ-түйектер баланың мектептегі өмірін қиындатады. Жаңағы талаптың бәрін бір ғана 10 жастағы баланың басына сыйғызу қандай қиын. Ойлап көрсеңіз бәрі де ұсақ-түйектен басталады. Жинала — жинала тамшыдан теңіз құралатыны сияқты проблема күн санап өсе береді. 4-фактор: Білім алшақтығы. Оқулықтардың бастауыш сыныптағы білімнің заңды жалғасы бола алмай отырғандығы рас. Әсіресе, математика пәні бойынша алшақтық көп. Кітапқа түскен әрбір тақырыпты баланың білмейтіні деп қарау керек. Бастауышта түсінбей қалғанын мұғалімі ерінбей түсіндіреді немесе жолын табады. Ал пән мұғалімінде уақыт жоқ. Түсінбестіктер көңіл-күйді түсіріп, осыдан келіп, екіліктер көбейеді. 5-фактор: Мұғалімдердің жүктемесіндегі жүйесіздік. Мысалы, бір мұғалімге жүктеме 5-ші және 10, 11-ші сыныптан беріледі. Ол көбіне оқушыларының жас айырмашылықтарының алшақтығын ескермей, бәріне бірдей өз әдістемесімен сабақ жүргізеді. 11-сыныптан сабақтан шығып, бірден 5-ші сыныпқа кірген кезде балаға олардың жасына сәйкес емес тәсілмен сабақ жүргізеді. Себебі, 5 минуттық қоңырауда мұғалім өзін қайта керекті арнаға бұра алмай қалады. Бұл 5-ші сыныптың баласына 11-ші сыныптың баласындай қарайды деген сөз. Сондықтан, мұғалімге жүктеме баланың жас ерекшелігі мен айырмасын ескеріп берілуі керек. Әрі сол алған сыныбын орта жолда тастамай, бітіріп шыққанша жүргізіп, сыныпта ең болмаса пән мұғалімі тұрақты болғаны дұрыс. «5-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ» Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі кабинеттерде жүреді. Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады. Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді. Оқытудың шарттарның күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады. Баламен мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз: Өзіңіздің қызығушылық сұрақтарыңызды «Сенің мектептегі күнің қалай өтті?» деген қарапайым сұрақтармен шектемеңіз. Әр жұма сайын балаңызбен мектеп жайлы әңгімелесіңіз. Балаңыз айтқан әр есімді, болған оқиғаларды есте сақтаңыз. Бұл есімдерді балаңызбен мектеп жайында әңгілемелескеде қолданасыз. Сонымен қатар балаңыздан өзінің сыныптастары жайлы, сыныптағы іс-әрекеттер жайлы, мектептік пәндер туралы, ұстаздар туралы сұраңыз. Сынып жетекшімен әрқашан тығыз қарым-қатынаста болыңыз. Сынып жетекшімен өз балаңыздың тәртібі, үлгерімі, сыныптастарымен қарым-қатынасы жайлы сұраңыз. Қажет болмаған жағдайдың өзінде сынып жетекшімен кемінде бір айда бір рет кездесіп отырыңыз. Сынып жетекшімен әңгімелесу барысында балаңыздың оқуы үшін барлық жағдай жасайтыныңызды айтыңыз. Егер сынып жетекшімен келіспейтін жағдайда мәселені ұрыссыз шешуге тырысыңыз. Балаңыздың үлгерімі үшін алған бағасын өзіңіздің жазалау немесе мақтау жүйесі есебінде қолданбаңыз. Сіздің балаңыз үлгерімі үшін алған жақсы бағаны мақтау ретінде, нашар бағаны жаза ретінде есептеуі тиіс. Егер балаңыздың үлгерімі жақсы болса, өзіңіздің қуанышыңызды көрсетіңіз, кейде бұл үшін кішігірім мерекелер де ұйымдастыруға болады. Бірақта өзіңіздің қамқорлығыңызды мектепте барлығы ойдағыдай болмаған жағдай да көрсетіңіз. Ата-ана үшін баға емес, баланың алған білімі маңызды екенін түсіндіріңіз. Сондықтан да балаңызға білімнің қашан және не үшін керек екендігін түсіндіріңіз. Балаңыз оқитын мектептің ерекшеліктері мен бағдарламасын білгеніңіз жөн. Балаңыздың мектептегі өмірін, жақсы жағдайда жақсы білім алып отырғанына көз жеткізіңіз. Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті ұйымдастыратын барлық іс-шараларға қатысыңыз. Сонымен қатар мектеп ережесінмен толық танысыңыз. Балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз. Балаңызбен мектепте үйге берілген тапсырманы орындау үшін арнайы уақытты белгілеңіз де, сол уақыттың әркез орындалуын қадағалаңыз. Бұл оқуға деген жақсы әдеттің қалыптасуына көмектеседі. Берілген тапсырмаларға қызығушылық танытып, осы тапсырманың орындау үшін барлық жағдайдың жасалғандығы туралы көз жеткізіңіз. Егер балаңыз үй тапсырмасын орындауда сізден көмек сұраса, шешімін өзіңіз тауып бермей, жауапты табуға түрткі болатын сауалдарды қойып көмектесіңіз. Балаңыздың орта буынға көшуіне байланысты болатын өзгерістерді ескере отырып, жанұяңызда қалыпты атмосфераны орнатуға тырысыңыз. Мектептегі алғашқы айлар, әр жыл сайынғы оқу жылының аяқталуы, бастауыш сыныптан орта буынға ауысуы мектеп жасындағы оқушыға стресс болып табылады. Осы құбылыстар барысында жанұяңызда жағымды атмосфераны сақтап, күрт өзгерістерден сақ болыңыз. Жанұядағы жайлылық балаңыздың мектептік шақта болатын қиындықтарды шешуге көмегін береді. Балаңыздың бос уақытын ұйымдастыруына, тамақтануына баса назар аударыңыз. Қозғалысты аз жасау, таза ауада аз демалу баланың физиологиялық дамуына әсерін береді. Қозғалыс жаттығулары мен ой еңбегін алмастырып отыруға жағдай жасаңыз. Үй тапсырмасын орындауда дұрыс отыруына, жарықтың дұрыс түсуіне баса көңіл бөліңіз. Жақыннан көруді, түзу отыруын бақылап, түзетіп отырыңыз. Баланың тамақ мәзіріне жеміс-жидектерді міндетті түрде енгізіңіз. Дұрыс тамақтануын ұйымдастырыңыз. Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына психологтың ұсынысы 1. Жағдайлардың болатындығы туралы айтыңыз. 2. Шыдамды болыңыз. Баланың жаңаны меңгеруіне уақыт беріңіз. 3. Жағымдылықты қолдаңыз. Баланы қорқытпаңыз. Өзін дұрыс ұстаса қандай жақсы Өзіңіз емес, балаңыздың жасағысы келетін істерге көбіне жол беріңіз. Оны мәжбүрлеу арқылы балада теріс мінездің қалыптасуына жол бересіз. 4. Өзіңіздің талаптарыңыздан демалуға мүмкіндік беріңіз. 5. Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс. 6. Балаға еңбекқор, батыл, ақылды, тапқыр, ұқыпты, сүйікті, керекті дегендей сөздерді жиі айтыңыз. 7. Үй жұмыстарында өз бетіншілік танытуға, міндетті жұмыстарды жүктеңіз. Ол жұмыстардың орындалуына үлкендерге қойылған талаптарды қойыңыз. 8. Бала бойында сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді». 9. Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі. 10. Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз. 11. Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз! |