Ввби тесты. ввби 113-140. Баланы кеудеге дрыс оюды уйрету
Скачать 17.71 Kb.
|
111.Дәрігер анаға жаңа туылған баланың дұрыс күтімі жайлы сауалнама жүргізді, кенеттен пайда болатын өлім жайлы 4-5 профилактикалық іс-шараларды түсіндірді.Жалпы кеңес айтып көрсетіңіз? -Баланы кеудеге дұрыс қоюды уйрету. 112. Баланы қай уақытта тамақтандыру қажет. - Баланың қарны ашқан уақытта және мөлшерімен өзі тойғанда. 113. Бала 4 жаста, учаскелік педиатр уйге шақыртқан,жөтелге, температурасының жоғарылауына,суға және тамаққа тәбетінің болмауына,симптоматикалық терапияны 3 күн қабылдаған,бірақ әсері болмаған. Жалпы қарағанда тері қабаттар бозарған, мұрын ерін аймағында цианоз байқалады. 114. Бициллин қай аурудың алдын алу үшін қолданылады: Ревматикалық қызба 115. 9 айлық бала табиғи тамақтандырылады, тамақтану көлемі қанша болу керек: - 180мл 116.Мезгілі жетіп туылған балаларда физиологиялық сарғаюдың болу ұзақтылығы: -14 күн 117. 18 айлық бала Азиз, анасының шағымдары жөтел, мазасыздық, дене қызуының көтерілуі: -пневмония 118.Медициналық қызметкер 10 күндік жаңа туылған баланың патронажға барғанда кіндік жарасынан шырыш бөліністер барын, кіндік сақинасы қызарғанын анықтады, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, диагноз: - катаральды омфалит 119. Суретте тұрады (баланың басы, желкесінде шашы жоқ). Суретте қай аурудың бастапқы кезеңі көрсетілген: - рахит 120.10 айлық баланың нервтік –психикалық дамуының қалыпты жағдайдағы көрсеткіші: - өз дене мүшелерін ажырата алады 121. 7 жастағы қыз бала зәр шығарудың жиі және ауырсынумен болуына, зәр мөлшерінің аз болуына шағымданады, жалпы зәр анализінде – лейкоцитурия, бактериялар, оксалаттар: - цистит 122.3 айлық бала, туылған кездегі салмағы 3000гр, қарау кезінде 5200 гр, баланың бір тәуліктегі қабылдайтын сүт көлемі қандай болу керек: - 866мл тәулігіне, бір реттік қабылдауы 144 мл. 123.Аурудың 3 күнінде, 6 айлық баланың анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды, шағымдары: мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының 38 ̊С көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, тыныс алу жиілігі-55, стридор және т.б. - қауіптіліктің жалпы симптомдары 124. Аурудың 3 күнінде, 6 айлық баланың анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды, шағымдары: мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының 38 ̊С көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, тексеру кезінде қауіптіліктің жалпы симптомдары анықталмады, тыныс алу жиілігі-55, кеуде торының төменгі жағының тартылуы анықталмады. Болжамды диагноз: - пневмония 125. Аурудың 3 күнінде, 6 айлық баланың анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды, шағымдары: мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының 38 ̊С көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, тексеру кезінде қауіптіліктің жалпы симптомдары анықталмады, тыныс алу жиілігі-55, кеуде торының төменгі жағының тартылуы анықталмады. «Пневмония» диагнозын қою үшін қандай зерттеу жүргізу керек: - рентгенография 126. Аурудың 3 күнінде, 6 айлық баланың анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды, шағымдары: мұрын бітелуі, жөтел, дене қызуының 38 ̊С көтерілуі, тыныс алудың қиындауы, тексеру кезінде қауіптіліктің жалпы симптомдары анықталмады, тыныс алу жиілігі-55, кеуде торының төменгі жағының тартылуы анықталмады. Диагноз «Пневмония» . Антибиотик қанша күнге тағайындалады: -3 күн 127. Ерте жастағы балаларда тыныс алудың жиілігінің төменгі шегін анықтау 3 кезеңге бөлінеді. 2 айға дейін, 2 айдан 12 айға, 12 айдан 5 жасқа дейінгі балалар. 12 айдан 5 жасқа дейінгі баланың тыныс алудың жиілігінің төменгі шегін анықтаңыз: - минутына 40 және одан жоғары 128. 15 күндік бала таңертеңгісін тамақтандырғаннан кейін бір рет құсты, бір сағаттан соң қайталап құсты, анасы жедел жәрдем шақырды, бір рет тырысулар болды, дене қызуы қалыпты, баланың есі сақталған, жүктіліктің 38 аптасында туылған, жүктілік қалыпты гестозсыз өтті, жұқпалы аурулармен қарым- қатынаста болмаған, генетикалық анамнез қалыпты, туылғалы 15 күн ауырмаған. Ми Қанайналымының Жіті Бұзылуы, перинатальды инсульт деген диагноз қойылды. Диагноз қою үшін қандай нақталау зерттеу жүргізу керек: -Бас миының МРТ-сы 129.1,5 жастағы балада кішірек жарақаттар, ойық жаралар, қан кетулер анықталды. Анамнезінде: жанұядағы 1-ші бала қан кетуден шетінеген. Болжамды диагнозыңыз? -гемофилия, антигемофильді фактордың жетіспеушілігі. 130. Ауыр дәрежелі сусызданумен өтетін диарея кезінде, егер бала сұйықтық іше алмаса сұйықтық көк тамырға енгізіледі. Сусызданудың ауыр дәрежесінде көктамырға егізілетін сұйықтықты таңдаңыз: -Рингерлактат ерітіндісі 131.Бала заттарды қысу әдәсәмен алып, кейін шымшу әдәсәмен бір қолдан екінші қолға ауыстырады, геометриялық фигураларды бояй алады. Баланың құандай дамуы жайлы ойлайсыз: -когнитивті 132.Балаға 2 ай, егу кестесі бойынша барлық егулерді алған, 3 айдан кейін қандай егуге алу үшін шақырылады. 3 айында қандай егулер алады: - АКДС, ИП 133. Балаға 7 ай, 2 қосымша тамақ алады, мейірбике анасына рационына ет қосуына кеңес береді, өйткені құрамында гемді темір бар. Қандай аурудың алдын алу мақсатында рационға ет қосылады. -анемия 134. Учаскелік мейірбике егуге шақыру мақсатында 6 айлық баланың үйіне барса , баланың 2 күннен бері ауырғаны анықталды, тәулігіне 3 реттен көп сұйық нәжістің болғанына, бала мазасыз, көздері шүңіреймеген, тері қатпарлары тез қалпына келеді, егер сіз А жоспарын таңдасаңыз балаға қажетті сұйықтықтың көлемі қанша. - әр сұйық нәжістен кейін 50-100мл 135 . Балалар ауруханасына 2 жастаңғы бала улану белгілерімен түсті. Қызба, тыныс алу жиілігі минутына 45, дем алысы шулы, тыныс шығаруы қиындаған. Оған Пневмония диагнозы қойылған. Астмоидтық тыныс алу, 10 000 бірлік әрбір кг дене салмағына антибиотик тағайындалған. Венталин, тез әсер ететін бронхолитиктер. Венталин қандай схемада тағайындалған. 3 цикл, әр 20 мин сайын. 136. Учаскелік мейірбике балаларда әр барған сайын 4 этаптан тұратын қауіптіліктің жалпы белгілерін тексеру керек, бірінші этапта мейірбике нені анықтауы керек: - бала еме алады ма және сұйықтық іше алады ма 137. 1 сынып оқушыларына БЦЖ егуінің алдында жүргізілген Манту сынамасының нәтижесі оң болған. Манту сынамасының қандай жауабы оң болып есептеледі - папула 5мм дан жоғары болса 138.Дәрігердің қабылдауында 8 айлық балада жөтел, тыныс алуының қиындауы, дене қызуының 38̊с жоғарылауы, тері қабаттарының бозаруы, ауыз мұрын үшбұрышының көгеруі, құрғақ және ылғалды сырылдар анықталады, жөтелген кезде қақырық бөлінеді. Болжамды диагноз және іс әрекетіңіз: -бронхопневмония, стационарда емдеу 139. Балаға 3 ай, шағымдары 2 күннен бері іш өту, жылағыштық, қарау кезінде бала мазасыз, су ішкісі келе береді, тері қабаттары қалыпты, көзі шүңіреймеген, БАБЖ бағдарламасы бойынша орташа сусыздану дәрежесі. Диареяның Б жоспары бойынша баланың әр кг салмағына қанша ригидрон тағайындалады -75 мл 140. Жас бала 2 жаста, дене қызуы 39ﹾ°С , мазасызданған, қол аяғы тырысады. Қарағанда мыныдай белгілері бар :тер3 жамылғылары бозарған, еріндері көгерген, цианозды, шулы, қырылмен тыныс алады, көз қарашығы үлкейген, аяө пен қол бұлшықеттері тартылады, есін жоғалтқан. Қандай жағдай туралы айтылған? - тырысу синдромы 141.Жас сәби 10 ай болған. Екі күн бойы мазасыз, жиі жылай береді, мамасының айтуынша үрген тәрізді дөрекі жөтел байқаған. Дене температурасы 38,4, мұрнынан шырышты серозды ағынды, көзі жасаураған, жиі жөтеледі. Қандай ауруға сәйкес келеді? |