осд. Ұлттық құндылықтар және дін-тәрбиенің діңгегі Баракатова Айжан. Баракатова Айжан Сейткуловна, 47 жалпы білім беретін орта мектебіні тарих пні малімі лтты ндылытар жне дін
Скачать 18 Kb.
|
Баракатова Айжан Сейткуловна, №47 жалпы білім беретін орта мектебінің тарих пәні мұғалімі "Ұлттық құндылықтар және дін – тәрбенің діңгегі" Еліміздің тәуелсіздігін алғаннан кейін халқымыз имандылық жолына бет бұрып, бірте-бірте рухани даму жолына түсуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ұлтымыз жайлы «қазақ кеңпейіл, адами құндылықтарды бағалайтын, адам баласының бәрін бауырым дейтін кемеңгер халық» деген аталы сөзін ұстана отырып, дін мен ғылым, мәдениет пен өнерге аянбай тер төккен рухани ірі тұлғаларымыздың бай мұраларын зерделеп, жұртымен қайта қауыштырылып жатқандығы көңілге қуаныш ұялатады. Сондай-ақ Елбасымыздың: «Біз-тегіміз түрік, дініміз Ислам екенін ұмытпауымыз қажет. Ол үшін Қасиетті кітап-Құран Кәрімді насихаттауды естен шығармауымыз керек», - деген парасатты сөзі әрбір мұсылманның жүрегінен берік орын алуы тиіс. «Біз суннит (Пайғамбар жолын ұстаған) мұсылмандармыз және осы жолдан айнымауға тиіспіз» дегені де тәуелсіздіктің сара да жарын жолын айқындаумен қатар, Ислам дінінің түркі тектілер үшін өте маңызды екенін көрсетіп бергенін де жадымыздан шығармауымыз қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев тағы бір сөзінде: «Ислам – дін ғана емес, ол – біздің мәдениетіміз» ̶ деген ойлы сөзін ескерсек, Ислам дінін рухани мәдениеттің де ошағы деп санауға мүмкіндік береді. Қазақ тәрбиесіндегі әдептілік қағидалары Құран мен хадистерден алынып отыр. Хадис пен сүннет мұсылман қоғамының іргетасын қалап, күнделікті өмірімізге сіңіп кеткендігін аңғаруға болады. Оның нәтижесін ата-бабаларымыз хадистердің мазмұнын мақал-мәтелге айналдырып халық арасында насихатталып жүруінен байқалады. Айталық, «өтіріктен сақтан, себебі өтірік пен иман бір жерде болмайды» ̶ деген хадисті, «өтірікшіде иман жоқ» ̶ деген мақалға айналдырып, өскелең ұрпаққа өтіріктен бойын аулақ ұстауды үйреткен. Дана қазақ халқымыз: «Әдептің басы- тіл», «Тіл тәрбиелілік пен қайырымдылықтың басы» дейді. Тіл және қатынас құралы ғана емес, сол халықтың, оның тарихы мен мәдениетінің өзіндік және бірегей болмысын танытады. Ойлау мен тіл бірлікте. Осыған орай, ұлттың тілінде оның жері, тарихы, тұрмысы, мінез-құлқы айнадай ашық көрініп тұрады деген ұлы М.Жұмабаевтың сөзі өте орынды айтылған. М.Қашқар бойынша «Адам мәңгі жасамас, көрге кірсе кері қайтпас» деген екен. Сонау тамырын түркілерден бастау алатын қазақ халқы құндылықтарға өте бай. Біріншіден, табиғатынан қиналғанда қол ұшын беруге даяр тұратыны, асыл қасиетіміз. Қонақжайлылығы да кеңпейілділігі де осы сезімнен туындаған. Екіншіден, ізеттілік, яғни үлкенді сыйлау, кішінің көңіліне қаяу салмау- атадан балаға беріліп келе жатқан құндылықтарымыздың бірі. Қазақтар ренішінің өзін ишаралап жеткізеді. Бұл шын көңілден шыққан ибалылық пен имандылық. Үшіншіден, отбасындағы ынтымақ - аға ұрпақ пен жас ұрпақ арасындағы рухани келісім. Ата-ананы, аруақтарды қастерлеу, анасының, әйелінің, қарындасының, әжесінің арына кір жұқтырмай сақтау- биік адамгершілік -имандылық деңгейіне көтерілген. Төртіншіден, адалдық. Досқа, ағайынға, ұлтқа, Отанға, адалдық қазақ ұғымында ерекше. Ата-бабаларымыздың ғасырлар тереңінен жеткен аманаты болып табылады. Бесіншіден, қазақтар баласын жастайынан білімге, ғылымға ұмтылуға тәрбиелеген. «Бақыттың белгісі – білім» деп М.Қашқари айтқандай баланың білімі мен тоқуына біздер үлкен мән берудеміз. Осылай бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелей аламыз. Білімді жастар, ертеңгі еліміздің болашағы. Алтыншыдан, қазақ халқы еркіндікті, ой еркіндігін, пікір дербестігін, жеке бас бостандығын жоғары қоятын халық. Иә, мәңгілік құндылықтарын қадірлеген халықтың ғана болашағы зор болатындығы күмәнсіз. Адамзат тарихында ХІХ ғасырдың рөлі айрықша. Міне осы кезеңде Қазақстанда Ш.Уәлихановтың қоғамдық ойлары, Құрманғазы мен Дәулеткерейдің музыкасы, Ы.Алтынсариннің оқу-ағартуы дүниеге келді. Ал ХХ ғасыр болса: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Шоқай жатады. Тәуелсіздік пен егемендікті ту етіп, ұлттық идеяны іске асыруға тырысты. ХХІ ғасырда егеменді тәуелсіз еліміз, қарыштап даму жолында. «Қазіргінің талай елін қайран қалдырған осынау кең байтақ кеңістікті кернеген поэззиялық әлем, - деп көрсетті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында, - тек қана сұлулық пен сезімнің шеңберінде шектелмеген. Ол жаңашылдықтың жалынын лаулата да білген. Яғни осынау кең байтақ еліміз Батыс пен Шығыс және ежелгі өркениетті Қытайдың қақ ортасында орналасқан. Сол себепті ұлттық құндылықтарымызды сақтау, одан әрі дамыту өзекті болып қала бермек. |