Қазақстандағы қазіргі бұқаралық мәдениет. Баралы мдениет лат масса кесек, цлтре деу, трбиелеу
Скачать 15.34 Kb.
|
Мазмұны: Кіріспе.......................................................................................................................1 ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің дамуы...........................................2 "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы..........................................3 Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................4 Бұқаралық мәдениет - [лат. масса - кесек, цұлтұре - өңдеу, тәрбиелеу] : -әртүрлі тарихи кезеңдерде мәдениеттің әлеуметтік жіктелуі процесі нәтижесінде азды-көпті көрініс табатын әлеуметтік мәдени құбылыстардың жиынтығы; -нақтылы белгілер мен мінездемелерге жауап беретін әлеуметтік феномен (жалпыламалыққа түсетін ауыртпалық, орташа семиотикалық тілдік нормаларға бағытталу, жаңа комуникациялық технологияларға сүйену, қызмет етудің коммерциялық мазмүны және т.б.; -көркем мәдениеттің түрі (стилі) (мәні жағынан поп-мәдениетке, коммерциялық мәдениетке және әнерге жақын және т.б.), "классикалық", халықтық мәдениеттен алшақ және әнердің өмірдің аса маңызды салмақты саласынан ойын-сауық саласына ойысып, "сән сезімін" жоғалту және т.б.; ықпалдасу процестерінің күшеюі нәтижесінде стандартталған мәдени формалардың, ережелер мен бейнелердің кең таралуына жағдай жасайтын, трансұлттық мәдениеттің қалыптасуына себепкер болатын қазіргі мәдениеттің ерекше қабаты; -қарабайыр, күңгірт сананы қалыптастырушы алдап-арбаушы, бірыңғайландырушы тетіктерді қамтамасыз етуші акпараттық қоғамның мәдениетінің тілі, ерекше белгілер жүйесі. ХХ-ХХӀ ғасырларда бұқаралық мәдениеттің кең етек жаюының басты себебі ақпараттандыру мен компьютерлендіруге байланысты. Мәдени өнімдерді тарату, көбейту, өңдеудің жаңа жағдайларында (баспа-көбейту техникаларының жаңаруы, радионың пайда болуы, кинематографияның дамуы, телехабарлардың таралуы, үн және бейне жазушы техникалық қүралдардың жетілдірілуі) ақпараттық-желілік жүйелердің даму қарқындылығы және әзара іс-әрекет принциптері ғылыми-техника- лық қайта құрулардың түбегейлі өзгеруімен, технология саласында күшті дамумен сипатталады (компьютерлік желілердің құрылуы, спутниктік таралым, онлайндық тораптардың және Интернеттің пайда болуы). Постиндустриалды қоғам мәдениеті бұқаралық және ақпараттық сипат алады. Жаһандану жағдайында этникалық мәдениеттің қатаң шекаралары шайылып, оның өзіндік этномәдени ерекшелігін сақтап тұратын "жабықтығы" жойылады. Этникалық мәдениетті діңгек түтатын ұлттық мәдениет - ол тек ресми, мемлекеттік мәдениет қана емес, әртүрлі субмәдениеттердің (оның ішінде бұқаралық мәдениет те кіреді) өзара ықпалдасуы нәтижесінде пайда болған ұлттық мәдениет жиынтығы. Бұқаралық мәдениет те біртұтас емес, ол көпқырлы. Ең күштісі - маргиналдық қабат, одан кейін танымал, жастардың субмәдениеті және т.б. жатады. Қазіргі жаһандану процесі жағдайында бұқаралық мәдениет трансұлттық мәдениеттің болашақ үлгісі ретінде қабылданады, басқа қырынан этникалық құндылықтарға және этномәдени өзіндікке қарсы тұратын мәдениет ретінде түсіндіріледі. Мәдени құндылықтарды конвейерлік тәсілмен өндіру олардың тұлғалық шығармашылық мазмұнын кемітіп, адамдық жатсынудың жаңа формаларын қалыптастырады. Тек пайдалы көздеу ұлттық дәстүрлі мәдениетке жат әсіре сексуалдық, зорлық-зом-былықты, нәпсіқұмарлықты, арсыздықты, руханисыздықты дәріптеуге әкеп соғады. Бұқаралық мәдениет үлгілері қазақ халқының ұлттық құндылықтар сүзгісінен өтуі қажет. Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында өткен дөңгелек үстелге қатысушылар еліміздегі жаңғыру жұмыстары аясындағы отандық бұқаралық мәдениеттің рөлі мен заманауи мәдениеттің ел іші мен шет елдердегі адамдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қаншалықты әсер ете алатындығы туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, қазақстандық мәдениеттің мұқтаждығын ескере отырып мемлекет тарапынан нақты қанда қолдау шаралары жүзеге асырылу керектігі туралы да айтылды. - Бұқаралық мәдениет мемлекет халқының рухани-мәдени дамуындағы деңгейлік көрсеткіш ғана емес, сонымен бірге, ол көптеген адамдардың талғамын, мәдени қажеттіліктерін, ойлау жүйесін дамытады. Бұқаралық мәдениетте қалыптасқан образдар заманауи қоғамның қалыптасуына әсер етеді. Алайда бұқаралық мәдениеттің біртұтастықты сақтаудағы оң әсері тек жеке мәдени кодтың барында ғана мүмкін болады, бұқаралық мәдениет дәстүрлі қалып пен әлемдік жаһанданудағы жаңа тенденциялар арасындағы байланыстырушы болуы керек, Дәстүр мен заманауи үрдістердің астасуы қазақстандық қоғам өмір сүріп жатқан мәдени ландшафты қалыптастырды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанда атқарылып жатқан саяси және экономикалық жаңғыру қоғамдық сананың жаңғыруынсыз өтуі мүмкін еместігін айтты. Қоғамдық өмірді жаңғырту саяси және экономикалық жаңғырудың басты негізі болуы керек - деді пікірталас барысында ӘЭСИ Алматыдағы кеңсесінің жетекшісі Асқар Нұрша. |