история казахстана. 15. Монғол және алтын орда тест. Барлы монолдарды мiршiсi болып жарияланды а 1201 в 1155 с 1206
Скачать 26.95 Kb.
|
Тақырыптық тест 15. Монғол шапқыншылығы және Алтын орда 1. Қай жылы Шыңғысхан монғол ақсүйектерiнiң құрылтайында барлық монғолдардың әмiршiсi болып жарияланды: А) 1201 В) 1155 С) 1206 D) 1204 Е) 1227 2. Монғол империясының орталығы: А) Қарақорым B) Битөбе C) Балықты D) Ғұз орда E) Битиян 3. Монғол шапқыншылығына қарсы жеті тәулік бойы жауға берілмеген қала: A) Баласағұн B) Сығанақ С) Отырар D) Самарқанды E) Ашнас 4. Шыңғысхан жаулап алған жерлерін балаларына бөліп берген. Үлкен ұлы Жошыға тиісті ұлыс қай жерлерді қамтыды: А) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан В) Ертіс өзенінен Едiлге дейiнгi С) Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғарғы ағысы D) Монғолия Е) Мәуераннахр 5. Алтын Орда ханы Өзбектің есімімен байланысты емес іс-әрекет: А) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады В) Египет сұлтанымен жақсы қарым-қатынас орнатты С) Мешіт-медреселерді көптеп салдыртты D) Қалалық өмірдің дамуына көңіл бөлді Е) Алтын Орданың негізін қалады 6. Алтын Орданың астанасы: А) Сарай В) Самарқанд С) Баласағұн D) Отырар Е) Янгикент. 7. Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің басты заңы: А) Қасқа жол В) Жеті жарғы С) Ескі жол D) Яса (жасақ) Е) Дұрыс жауабы жоқ. 8. Алтын Ордаға бірнеше рет шабуыл жасап, мемлекетті бас көтере алмастай талқандаған: А) Шыңғыс хан В) Шейх-Ахмед хан С) Әмір Темір D) Тоқтамыс хан Е) Шайбани хан 9. Алтын Орданың негізін қалаушы: А) Жошы В) Бату С) Шыңғысхан D) Берке хан Е) Шағатай 10. Алтын Орданың саяси дербестігін алып, Жошы ұлысын билеушiлердiң iшiнен бiрiншi болып, өз атынан теңге соқтырып, жарлықтар шығарды: А) Бату хан В) Берке хан С) Тохты хан D) Мөңке-Темір хан Е) Өзбек хан 11. Шыңғысхан мен Жошы қайтыс болған жыл: А) 1225 ж. В) 1226 ж. С) 1227 ж. D) 1228 ж. Е) 1229 ж 12. Моңғол шапқыншылығы қарсаңында Қазақстанның көптеген аумағына иелік еткен хандық: А) Қарлұқ В) Қимақ С) Түркеш D) Оғыз Е) Қыпшақ 13. Шыңғысханның Қазақстан мен Орта Азияға соғыс жариялап, жорыққа шығуына сылтау болған оқиға: А) Жошы ханның өлімі В) Хорезм билігінің әлсіреуі С) «Отырар опаты» D) «Сауран опаты» Е) Моңғолиядағы жұт 14. Египет сұлтаны Бейбарыспен елшілік алмасып, байланыс жасаған Алтын Орда ханы: А) Тоқтамыс В) Өзбек С) Берке D) Жәнібек Е) Бату 15. Алтын Орда Тоқтамыс Мәскеудi өртеп, орыс князьдарының салық төлеуін қалпына келтірді: А) 1380 ж. В) 1382 ж. С) 1383 ж . D) 1385 ж . Е) 1386 ж. 16. Әскери iс-қимылдар нәтижесiнде Темучин керейіттерді, наймандар мен меркіттерді талқандаған мерзiм: А) 1218–1223 жылдар B) 1203–1204 жылдар C) 1220–1225 жылдар D) 1221–1226 жылдар E) 1222–1225 жылдар 17. Монғолдарда қабырға бұзатын тас және от лақтырғыш қарулардың пайда болуына себеп болған және бағынған ел: А) Қытай В) Үндiстан С) Мауараннахр D) Қарахан мемлекетi Е) Иран 18. Бату жорығының барысында Ертiстен Дунайға дейiнгi кеңiстiкке билiк еткен әулет ұрпақтары: А) Шағатай B) Үгедей C) Төле D) Кебек E) Жошы 19. Алтын Орда хандарының iшiнде бiрiншi болып исламды ресми дін етіп бекітіп, орталыққа тәуелсiз саясат жүргiзе бастаған билеушi: А) Өзбек B) Жошы C) Берке D) Тоқтамыс E) Бату 20. Батудың билік еткен кезеңі: А) 1230–1240 жылдар B) 1238–1250 жылдар C) 1240–1262 жылдар D) 1227–1255 жылдар E) 1232–1262 жылдар 21. Алтын Ордадағы ханнан кейiнгi тұлға, әскерлердiң бас қолбасшысы: А) беклербек B) жабғу C) бек D) ноян E) басқақ 22. Алтын ордада салық жинауды iске асыратын, Оларды орыс князьдықтары «татар слободасы» деген ату қойды: А) беклербек B) жабғу C) бек D) ноян E) басқақ 23. Атқарушы билік органы – диуан басшысының лауазымы: А) жабғу B) уәзiр C) бек D) ноян E) басқақ 24. Мамайдың Дм. Донский әскерлерінен Куликов шайқасында жеңілуі болды: А) 1380 ж. В) 1381 ж. С) 1382 ж. D) 1383 ж. Е) 1385 ж. 25. Отырарды қоршауға алған Шыңғысханның ұлдары: A) Жошы мен Шағатай B) Шағатай мен Төле C) Шағатай мен Үгедей D) Жошы мен Төле E) Жошы мен Үгедей 26. Батыйдың батысқа жасаған жорығы созылды: А) 1227-1230 жж. В) 1236-1240 жж. С) 1234-1242 жж. D) 1235-1241 жж. Е) 1236 -1242 жж. 27. «Отырар опаты» болған жыл: A) 1204 ж. B) 1206 ж. C) 1208 ж. D) 1215 ж. E) 1218 ж. 28. Моңғолдармен соғыспай, қақпасын ашып «Қайырымды қала» атағын алған қала: А) Иасы В) Испиджаб С) Сығанақ D) Отырар Е) Баласағұн 29. Шыңғысхан өзi негiзгi күштермен басып алуға аттанған қала: А) Бұхара В) Баласағұн С) Жент D) Үзкент Е) Сығанақ 30. Отырар қаласын моңғолдаррдан 6 ай бойы қорғаған қала билеушісі: A) Мұхаммед B) Ахмет C) Жолбарыс D) Қайырхан E) Тоқтамыс 31. моңғол әскерлері Қыпшақтар мен орыстардың бірлескен қолын талқандаған өзен: A) Еділ бойы B) Дон өзені C) Дунай жағасы D) Днепр бойы E) Қалқа бойы 32. Жошы, Шағатай және Үгедей ұлыстарының түйіскен жері болған аймақ: A) Алтай B) Мәуереннахр C) Сырдария бойы D) Жетісу E) Ферғана 33. Қазақстан аумағында қалған монғолдар қай ғасырға қарай толықтай түркiлендi: A) XIII ғасырда B) ХIV ғасырда C) XV ғасырда D) XVI ғасырда E) XVII ғасырда 34. Қыпшақтар «Сайынхан» (ақылды хан) атаған Алтын орда ханы: A) Бату B) Берке C) Өзбек D Жәнібек E) Бердібек 35. ХIV ғасырдың бiрiншi жартысында Алтын Орданың өркендеуі кезінде билік жүргізген хандар: A) Бату мен Бердібек хан B) Берке мен Шейх-Ахмед C) Тохты мен Бейбарыс D) Өзбек пен Жәнібек E) Тоқтамыс пен Мамай 36. Бұл қалада ХIII ғасырдың 30-жылдарының өзiнде ақша сарайы жұмыс iстедi. Бұл сарай үш түрлi теңге (алтын динарлар, күмiс дирхемдер, мыс фельстер) шығарды. A) Тараз B) Баласағұн C) Отырар D) Самарқанд E) Сауран 37. 1357–1359 жылдар Алтын ордадағы тақ таласы барысында Батудың тiкелей ұрпақтарынан ешкiм қалдырмай қырғындаған хан: A) Жәнібек B) Тохты C) Тоқтамыс D) Бердібек E) Шейх-Ахмед 38. Мамайдың Куликовтағы жеңiлiсiн пайдаланып, Әмiр Темiрдiң қолдауымен Алтын Ордадағы билiктi тартып алған Шыңғыс ұрпағы: А) Тоқтамыс В) Шейх-Ахмед С) Берке D) Бердібек Е) Мөңке Темір 39. 1395 жылы тақтан түсіп, 1404 жылы Түмен қаласы маңында қаза тапты Алтын Орда ханы: А) Жәнібек В) Тохты С) Берке D) Тоқтамыс Е) Әмір Темір 40. Монғол мемлекетінің құрылуына байланысты оқиғалардың хронологиялық ретін анықтаңыз : І. Хорезмшахтар мемлекетінің билеушісі Мұхаммедке Шыңғысхан алтын, күміс, жібек, бағалы тері және басқа заттар тиген 500 түйеден тұратын 450 адамы бар сауда керуенін жіберді. ІІ. Керейіттерді , наймандар мен меркіттерді талқандап, Темучин Монғолияның негізгі тайпаларын біріктіруді аяқтады . ІІІ. Шыңғысханның ұлы Жошы Сығанаққа жақын келді . ІV. Шыңғыс хан Амурдан, батысы Әмударияға дейінгі аумаққа өз билігін орнатты . A) I , III , IV , 11 B) I , II , III, IV C) II , I , III , IV D) IV . III , 1.11 Е) III , IV , II , І 41. Алтын Орда билеyшілерін хронологиялық ретімен орналастырыңыз: a) Берке хан b) Бату хан c) Жәнібек хан d) Өзбек хан e) Мөңке Темір хан A) I-c, II-d, III-e, IV-b, V-a B) I-e, II-a, III-b, IV-c, V-d C) I-b, II-a, Ill-e, IV-d, V-c D) I-c, II-a, III-d, IV-b, V-e E) I-d, II-b, III-c, IV-e, V-a 42. Алтын Орда мемлекетінің тарихына қатысты оқиғаларды хронологиялық ретімен орналастырыңыз: a) Нәyбет кезеңі мен сарай төңкерістері кезеңі b) Бату хан билік етті c) Ислам мемлекеттік дін деп жарияланды d) Берке хан ислам дінін қабылдады e) Бердібек хан билік етті A) I-c, II-d, III-e, IV-b, V-a B) I-e, II-a, III-b, IV-c, V-d C) I-b, II-d, III-e, IV-a, V-c D) I-c, II-a, III-d, IV-b, V-e E) I-b, II-d, III-c, IV-e, V-a 43. «Мен өз бетінше жүрген ұсақ билеушілерді, мұқтаждықта және езгiде жүрген адамдарды бағындырдым, мен оларды жинап бiртұтас еттiм» - деп өз халқына мәлiмдеме жасаған: A) Шыңғыс хан B) Бату хан C) Жошы Хан D) Өзбек Хан E) Тоқтамыс хан 44. Қалалар және ауылдармен бірге мәдениет ошақтары, кітапханалар жойылды. Араб тарихшысы монғол шапқыншылығына былай деп баға берді: Бұл күн мен түн жаратылғаннан бастап, адамзат білмеген қасырет болды, Жылнамаларда осыған дейін мұндай апат сипатталмаған.» Берілген мәтіндегі монғол шапқыншылығына баға берген Араб тарихшысын табыңыз: A) Һарун ар-Рашид B) Ибн Рушд C) Әл-Масуди D) Ибн әл-Асир E) Махмұд Қашғари 45. Шыңғысхан туралы былай деп жазады: «Ол қандай да бiр аймақты жаулап алған кезде тұрғындарды ренжiтпедi, олардың меншiкке құқығын бұзбады, олардың арасына өз адамдарын қойды. Бағынған елдiң адамдарын қорғады. Ешқандай да зиян шекпейтіндігіне көзі жеткен тұрғындар оған жан-тәнімен берілді. Бұрынғы дұшпаннан енді адал қызметшiлерiне айналды». - «қалаларға «әскердiң кiруiне кедергi жасамау үшiн қамал-қабырғалар мен қақпалар болуына» рұқсат етiлмедi.» A) Марко Поло B) Өтемiс қажы C) Карпини D) Рубрук E) Ибн Рузбихан 46. «Жошы өлген кезде, - деп жазады ол, – оның үлкен ұлдары арасында олардың iшiнде қайсысы ұлыс басшысы болатындығы туралы дау туды. Билiк туралы дауды шешу үшiн Шыңғысханға аттанды. Ханзадаларды қабылдаған ұлы аталары үш киiз үй: алтын босағалы Ақ Орданы – Батуға; күмiс босағалы Көк Орданы – Орда Еженге; болат босағалы Боз Орданы – Шайбанға тiгуге бұйрық бердi». Мәтін авторы: A) Марко Поло B) Өтемiс қажы C) Карпини D) Рубрук E) Ибн Рузбихан |