|
Барлы оушылар істей алады Дене импульсыны анытамасын оны жылдамдыы мен массасыны кбейтіндісі ретінде біледі Кптеген оушылар істей алады
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі және күш импульсі
Бөлімі:
|
| Педагогтің аты-жөні:
|
| Күні:
|
| Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Дене импульсі және күш импульсі
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 9.2.3.1 дене импульсі мен күш импульсін ажырату
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар істей алады: Дене импульсының анықтамасын оның жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде біледі;
Көптеген оқушылар істей алады: Нәтижеге болжамалы баға бере алады;
Кейбір оқушылар істей алады: Күш импульсы дене импульсының өзгеру мөлшері болып табылатынын түсінеді.
| Бағалау критерийлері
| Дене импульсының анықтамасын береді.
Дене импульсының формуласын біледі.
Дене импульсын дененің жылдамдығы мен массасының көбейтіндісі ретінде анықтайды;
Күш импульсын дене импульсының өзгеру мөлшері болып табылатынын түсінеді;
| Құндылықтарға баулу
| Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
10 минут
| Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру. "Өткенге шолу"
Бейне ролик арқылы жаңа тақырапқа ену
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
bilimland.kz сайтынан алынған бейне ролик бойынша оқушылардың ойын талқылау.
Неге денелер өз қозғалыстарын жалғастырады және көпшілігі түбінде тоқтайды, осыған не себеп болады?
Импульс деген не?
Импульс қалай анықталады?
Неге ғарыштағы дене шексіз импульске ие бола алады?
|
Оқушылар өткен тақырып сұрақтарына жылдам жауап беріп, бүгінгі тақырыппен танысады.
| Дескриптор:
Оқушылыр бұрынғы өткен тақырыптарды еске түсіреді.
-Импульс анықтамасын дұрыс айтады
-Импульсті анықтау тәсілдерін дұрыс анықтайды
-Әр түрлі ортадағы импульстерді талдай алады Жалпы тапсырма- 3 балл
| Оқулық
Слайд
Слайд /бейнеролик/
Презентация https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/dinamika/lesson/impuls-momenti
| Сабақтың ортасы 10 минут
10 минут
| Жаңа тақырып
Миға шабуыл - проблемалық сұрақтары
Неге адам үлкен жылдамдықпен ұшып келе жатқан допты аяғымен немесе басымен тоқтата алады, ал өте баяу қозғалып келе жатқан вагонды тоқтата алмайды? Тенис добы адамға тиген кезде оған ешқандай зиян келтірмейді, ал массасы кішкентай бірақ жылдамдығы жоғары (600—800 м/с) оқ адам үшін өте қаупті болып келеді?
| Оқушылар сұрақтарға бүгінгі өткен тақырыпты талдай отырып, жауап береді. Әр түрлі мысалдар келтіру арқылы дененің импульсін салыстырады
|
Дескриптор -жылдамдықтарын және массаларын салыстырады
-доптың және вагонның импульстерін салыстырады.
-Тенис добы мен оқтың импульстерін салыстырады
Жалпы 3 балл
|
Презентация
| Жеке жұмыс
1. Көлемдері бірдей екі дене темір және қорғасын тең жылдамдықпен қозғалады. ( =11340 кг/м3, = 7800 кг/м3)
А) қандай дененің импульсі артық?
Б) импульстер бір-бірінен неше есе артық?
В) импульстерін теңестіру үшін, импульсі кішірек дененің жылдамдығын қалай өзгерту керек? 2. Массасы 100 г шар горизонталь жазықтыққа жоғарыдан еркін құлайды, соғылу кезінде жылдамдығы 10 м/с тең. Абсолютті серпімді және абсолюті серпімсіз соғылудағы импульс өзгерістерін анықтаңдар. Шарға әрекет ететін орташа күшті анықтаңдар, егер абсолютті серпімсіз соқтығысу уақыты -0,05с созылды, ал серпімді соққы – 0,01с.
| Жауаптары:
Әр дұрыс жауап 1 балл мен бағаланады
(қорғасын)
(1,45 есе)
(1,45 есе арттыру) (абсолютті серпімді ∆p=2кгм/с; серпімсіз ∆p=1кгм/с; серпімсіз Fорт=20Н; серпімді Fорт= 200 Н)
|
Үлестірмелі материал,
Слайд
| Сабақтың соңы.
10мин
Рефлекция
Бағалау
Үй тапсырмасы
| Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:
Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау
-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.
| Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.
| Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл
| Үлестірме стикерлер
Дескриптор
Оқулық
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,
Мотивациясы жоғары оқушылар:
Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.
Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.
«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді
| Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.
Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады
| Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.
| Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
| |
|
|