Главная страница
Навигация по странице:

  • Қауіп – қатерлі факторлар

  • Бас миының шайқалуы (commotion cerebri)

  • Неврологиялық синдром

  • Диффузды аксональды бас миының зақымдалуы

  • Қаңқа сүйектерінің сынақтары

  • Мидың зақымдалуына байланысты

  • хирургия. Бас ми жарааты басты заымдалуы кезінде дамитын симптокомплекс. Жабы бас ми жарааты бас терісіні бтіндігіні бзылмаандыымен, геморрагиялы сйытыты жоалуымен, яни мрын, ла жолдарынан геморрагиялы сйыты ауы болмауымен ерекшеленеді.


    Скачать 1.49 Mb.
    НазваниеБас ми жарааты басты заымдалуы кезінде дамитын симптокомплекс. Жабы бас ми жарааты бас терісіні бтіндігіні бзылмаандыымен, геморрагиялы сйытыты жоалуымен, яни мрын, ла жолдарынан геморрагиялы сйыты ауы болмауымен ерекшеленеді.
    Дата31.01.2022
    Размер1.49 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлахирургия.docx
    ТипДокументы
    #347901

    Бас ми жарақаты – бастың зақымдалуы кезінде дамитын симптокомплекс. Жабық бас ми жарақаты бас терісінің бүтіндігінің бұзылмағандығымен, геморрагиялық сұйықтықтың жоғалуымен, яғни мұрын, құлақ жолдарынан геморрагиялық сұйықтық ағуы болмауымен ерекшеленеді. Жоғарыда келтірілген бергілерінің біреуі болса, көрінсе – бас ми жарақатын ашық деу керек.
    Қауіп – қатерлі факторлар:

    Классификациясы

    • Бас сүйегі мен бас миының зақымдануы механикалық жарақаттардың аса ауыр түріне жатады. Бас сүйегі мен бас миының жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді.

    • Бас сүйегі мен бас миының жарақаттануы шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы, өте алмайтын (қатты ми қабы жарақаттанбайды ) және (қатты ми қабы зақымданады).

    • Бас миының зақымданған заттардың сипаты бойынша ол мидың шайқалуы, соғылуы және қысылуы болып бөлінеді.


    Бас миының шайқалуы (commotion cerebri) – жабық бас ми жарақатының ең жиі және жиі кездесетін түрі. Жедел госпитализацияланған науқастардың

    75-80% құрайды.Электронды микроскопияда бас миының жасушалық мембранасының және жүйкелік жасушаның жасушааралық басланыстың бұзылысы көрінеді. Бас миының шайқалуы жүйке жүйесінің қайтымды, функциональды бұзылуымен көрінеді.

    Клиникасы: Жалпымилық есінің жоғалуымен (қысқа уақытқа бірнеше секундқа ес жоғалту), басының ауырсынуымен, бас айналуымен, құсумен көрінеді.

    Неврологиялық синдром жалпы әлсіздік, апатия, ұйқышылдық, ұйқы және тәбеттің бұзылысы, ашуланшақтық, кейде эйфория, өз жағдайына баға бере алмайды.
    Бас ми соғылуы (contusion cerebri) қайтымсыз морфологиялық бұзылысымен көрінеді.

    Бас ми соғылуының жеңіл дәрежесі: Ошақтық симптоматика бас миының бір жақ жартышардың қыртысы қабаты бұзылысы, қимыл қозғалысының жеңіл бұзылысы, менингеальды синдромдар, клиникалық көрініс ұзақтығы 2-3аптаға созылады.

    Бас ми соғылуының орташа ауыр дәрежесі: бас ми жартышардағы базальды аймақтағы ошақты бұзылыспен көрінеді. Айқын бас ауырсынуы, жиі қайталамалы құсу, гориззонтальды нистагм, қарашықтың жарыққа реакциясы төмендеген.

    Клиникасы: Ұзақ уақыт есін жоғалту (бірнеше секундтан 1-2 сағатқа дейін)

    Айқын жалпымилық симптомдар: психомоторлы қозу, эйфория, психикасының бұзылуы.

    Дөрекі ошақты симптомдар: орталық қимыл – қозғалыс пен сезімталдықтың зақымдалуы жүреді.

    Негізгі бас сүйегінің сынығы кезінде қаңқа ми нервтері, әсіресі VIII, VII, II, III, VI нервтері зақымдалады.

    Клиникалық көрініс ұзақтығы – 3-6апта.

    Жүйке жүйесі зақымдалуы тұрақты ошақты симптомдар қалып қалса, науқаста мүгедектікке алып келеді.

    Бас мидың соғылуының ауыр дәрежесі:Ошақтық соғылу бас миының қыртысы және базальды қабаттарымен қоса, үлкен дәрежеде ми бағаны мен диэнцефальды аймақты зақымдайды.

    Клиникасы: зардап шегуші ауыр жарақаттан соң коматозды жағдайда болады. Есінен айырылу ұзақтығы бірнеше күннен бірнеше апта, айға дейін созылады.

    Бірден тыныс алу орталығы бұзылады, оған перифериялық тыныс алуда қосылады.

    Бағаналық симптомдар – көз алмасының жылжуы, анизокория.
    Диффузды аксональды бас миының зақымдалуы

    Көбінде балалар мен жас өспірімдерде кездеседі.

    Патоморфологиялық өзгеріс – аксондардың созылуы мен жарылуы жарты шардың ақ заты мен ми бағанасында болады.

    Клиника: Ұзақ коматозды жағдай, бұлшықет тонусының дөрекі жоғарылауы, вегетативті бұзылыс.
    Қаңқа сүйектерінің сынақтары

    Бас миының соғылуы 20-35% жағдайда қаңқа сүйектерінің сынықтарымен жүреді.

    Түрлері:

    - ашық (сынған сүйектердің түрлері: тіндердегі зақымдануы);

    - жабық ( жұмсақ тін зақымданбаған);

    - кірген ( мидың қатты қабатының зақымдануымен);

    - кірмеген (мидың қатты қабаты бүтіндей қалады).

    Сызықтың сынықтары- ең жиі ми қаңқасының зақымдануымен жүреді.




    Қысылған сынықтар:

    - импрессионды(А) – воронкотәріздес қысылған

    сынықтар

    - депрессионды (Б) – біртекті қысылған сынықтар.
    Клиникалық көріністері ми қаңқасындағы сынықтар кезінде

    Қаңқаның алдыңғы шұңқырындағы сынықтар

    - Құлақтан қан кету және ликворея

    - Сынық жаққа қарай вестибулокохеарлы және бет нерв қызметтері түседі (кереңдік, мимикалық бұлшықеттегі парез)

    - Самай бұлшықеттен қан кету
    Қанқаның артқы шұңқырындағы сынықтар:

    Гематома апоневроз астында емізік тәрізді өсінді артында.

    Бас мидың қысылуы

    1. Қанқаішілік гематома ( эпидуральды, субдуральді, миішілік, қарыншаішілік).

    2. Қысылған сынықтар қаңқа күмбезіндегі сүйектерде.

    3. Контузионды ошақтар, бас ми сынықтың жылжуы және ісік.

    4. Субдуральды гидромо.



    Қанқаішілік гематома

    Эпидуральды гематома – мидың қатты

    қабығының жоғарғы беткейі мен қаңқа

    сүйегіндегі арасында қан жиналу.




    Субдуральды гематома – қанның мидың

    қатты қабығының астында жиналу.

    Ол көбіне мидың беткейінен баратын

    венаның зақымдануынан болады




    Миішілік гематома – мидың ошақты

    соғылуы және жаншылуы кезіндегі қан

    тамырлардағы зақымдалу.



    Субарахноидальды қан құйылу бас

    миының соғылуымен жүреді, мидың жұмсақ

    қабатының қан тамырының бұзылуымен

    қоса ликворға қан құйылуына әкеледі.

    К онтузионды ошақ бас мидағы

    Ми затының үлкен аймағындағы

    деструкциядан, имбибированный кровью,

    ісік және мидың дислокациясын шақырады.

    Клиника қанқаішілік гематомаға ұқсас.



    Жедел субдуральды гидрома

    Бұл субдуральды кеңістікте ликвордың жиналуы.
    Зерттеу әдістері

    - Компьютерлік томография;

    - МРТ

    - Жалпы хирургиялық және неврологиялық тексеру;

    - Бас рентгенографиясы;

    - Эхоэжнцефалография;

    - Каротидті ангиография;

    - Электроэнцефалография;

    - Реоэнцелография;

    - Краниография;
    Алғашқы медициналық көмек көрсету:
    Алғашқы медициналық жәрдем. Ең алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын ( ашық немесе жабық) және зардап шегушінің жәй – күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылуы, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.

    Қан аққан кезде жараға таза қатты таңғыш байлайдығ Тыныс алу бұзылған кезде ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдары босаған соң жасанды тыныс алу шарасын жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың тілін байқаған жөн, өйткені ол қозғалыс кезінде тыныс жолдарын жауып тастау мүмкін.

    Тыныс жолдарына қанның, құсықтың түсуін ескерту мақсатында жаралыны бүйірлеп жатқызып тыныштықта қалдырады. Мұндай кезде оған 50%-2мл аналгин және 1%-2мл димедрол ерітіндісін немесе 2% супрастин енгізеді. Ашық жарақат кезінде пенициллин тағайындайды. Басұа мұз салынған қуық қояды.

    Мидың зақымдалуына байланысты








    Емдеу тәсілі:

    Ес жоғалтқанда және құсу болғанда – тұрақты бүйірлік қалып, ол құсық массасының жеңіл кетуіне көмектеседі және аспирациялық пневмонияның алдын алады. Шок кезінде, терминалдық жағдайда және клиникалық өлім кезінде – инфузиялық ем, жүрек – өкпе реанимациясы көрсеткіштер бойынша.

    Психомоторлық қозу кезінде, тырысулы синдром кезінде, тырысуға дайындық кезінде – атропин 0,1%ерітіндісі 0,5-


    написать администратору сайта