Басшыны аты
Скачать 15.58 Kb.
|
(жұмыс берушінің атауы) _________________________________ (басшының аты-жөні) _________________________________ _________________________________ (өтініш иесінің толық аты-жөні) _________________________________ (қызметіңіз) ЖСН ___________________________ Өтініш Қазақстан Республикасының «САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ)» Кодексінің 349-бабына сәйкес, «Сыйақылар бойынша салықтық шегерім» 1. Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақстан Респуликасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасына жұмсалған, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақыны төлеуге арналған шығыстар бойынша қолданады. 2. Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді қолдану үшін мыналар растайтын құжаттар болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен жасалған ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты; 2) сыйақы сомалары бөліп көрсетілген ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі; 3) осындай қарыз бойынша сыйақының өтелгенін растайтын құжат. 3. Салықтық шегерімдер неғұрлым кеш болатын мынадай күндердің біріне тура келетін салықтық кезеңде қолданылады: ипотекалық тұрғын үй қарызын өтеу кестесі бойынша сыйақыны өтеу күні; сыйақыны төлеу күні. Мен және «Отбасы банкі» АҚ (бұрынғы атауы – «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі») арамызда «___» ___________ 20__ жылы ипотекалық несие алу туралы келісім шарт жасалған. Осы келісім шартқа тіркелген қосымша - ай сайынғы төлем кестесінде көрсетілген ай сайынғы сыйақы сомасының көлеміне сай менің жалақымнан табыс салығын ұстамауды, сыйақының мөлшеріне сәйкес мені табыс салығынан босатуды сұраймын. Қосымша тіркелген құжаттар: Ипотекалық несие алу туралы келісім шарт Келісім шартқа қосымша - ай сайынғы төлем кестесі
|