Бастауыш және орта сынып. Бастауыш пен орта терия исправленный. Бастауыш пен орта буын сабатастыындаы педагогпен жйелі жмыс жргізу жолдары
Скачать 35.39 Kb.
|
БАСТАУЫШ ПЕН ОРТА БУЫН САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГПЕН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ Сабақтастық дегеніміз, біріншіден, екі буын арасындағы ортақ мақсат міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі. Ә. Бидосов былай деген “Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”. Сөздіктердің анықтамалары Сабақтастық кезеңдері Битянова бойынша Сабақтастықтың түрлері: 1. МАД тобымен бірінші сынып арасындағы сабақтастық. 2. Бастауышпен орта буын сабақтастығы 3. 9 сынып пен 10 сынып сабақтастығы 4. 10-11 сынып сабақтастығы 0 БАСТАУЫШ ПЕН ОРТА БУЫН САБАҚТАСТЫҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕМЕЛЕР Бастауыш класс оқушыларының орта буында оқуға дайындығын анықтау 1. Есте сақтау қабілетін анықтау 2. Мағыналы есте ақтау 3. Ойлау мен логикалық операцияларды меңгеруін анықтау 4. Топтастыру 5. Нақтылау 6. Салыстыру 7.Аналогия (түсініктер қатынасын талдау) 8. Өзін- өзі басқару жүйесі 9. Сөйлеу қабілетінің дамуы 10. Есте сақтау түрлерін анықтау тестісі ( көріп есте сақтау, естіп есте сақтау) 12. Оқу себептілігін және оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы 13. Филлипстің « Мектептегі қобалжу деңгейін анықтау» әдістемесі. Қарастырған психологтар?????? Қазіргі заманда, әсіресе қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда өзін жақсы сезіну, жағдайларға икемделе, бейімделе алу өте маңызды. Бала кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуде психологиялық өзгерістер болады.Өйткені бастауыш сыныпта оқушы тек бір мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген. Ал орта сыныпқа келген кезінде балаға бірнеше мұғалімдер сабақ беруі, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастармен, жаңа мұғалімдермен қарым қатынас жасау, мұның барлығы оқушының оқу мотивациясына әсер етеді. Сондықтан бүгінгі күнде педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселесі өзекті болып табылады. Оқушылармен жұмыс істеу барысында, ортаңғы буынға ауысқан кезде оқу және қарым -қатынас үрдісінде туындайтын мазасыздықтары жоғары, әрі мұғалімдермен және сыныптастармен қарым- қатынаста қиындықтар пайда болатыны белгілі . Сонымен бірге оқудағы жүктеменің және сабақтың бірден көбейіп кетуі балалардың психологиялық денсаулығының нашарлауына әкелді: қорқыныш, үрей, невроз. Орта буын оқуындағы өзіндік қиындықтар, оқушы психикасының өзгеруіне, эмоционалдық сферасын игерудегі қиналыстар, оқу үлгеріміне, психикалық саулығының төмендеуіне әсер етеді.Демек, отбасы және мектепте жағымды психологиялық жағдай тудырып, айналасындағылар балаға жағымды қолдау көрсетсе ғана бала бейімделуде қиындықтарды жеңе алатынына еш күмән жоқ. Психолог, педагогтар, ата-аналармен жұмысты бірлескен іс әрекетте жүргізсе, қиындықтардың азаятынына және балалардың психологиялық денсаулығын нашарламауын қамтамасыз етеміз деген ойдамыз. Мәселе көп, олар тек оқу үрдісімен шектелмейді, сонымен қатар мектептегі өмірді ұйымдастырумен қатар, жанұядағы психологиялық атмосфераға да байланысты.Өзін түсіну жолы қиын, өзін тұлға ретінде айқындау,осы уақытқа дейін балаға әсерін тигізетін, ол бірінші кезекте жанұясы, ата-анасынан, өзін басқалардан алшақтатуға қажеттілік туындайды. Сырттай бұл алшақтық – ересектердің сезімдеріне, кез-келген ұсыныстарына қарсы болу, негативизм ретінде көрініс береді. Осыдан ересектермен конфликтіге түседі. Кіші жеткіншек бала өзінің қайталанбас даралығын, өзінің жеке «Менін» тануға тырысады. Кейбір жағымсыз жағдайлар туындауына ішкі дискомфорттың және конфликтіге әкеледі. Кіші жеткіншекте адаптацияның сәттілігі, оның интеллектуалды дайындығына емес, сонымен қатар сыныптастарымен және мұғалімдермен жақсы қарым-қатынас жасай білулеріне, мектеп ережелерін сақтауға, жаңа жағдайларды шеше білулеріне де байланысты. БЕЙІМДЕЛУ ҚИЫНДЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КЕЛЕСІ БЕЛГІЛЕРДЕН АНЫҚТАУҒА БОЛАДЫ: Баланың шаршаған келбеті. Өткізілген күні туралы өз ойымен бөліскісі келмеуі. Мектеп өңірегіндегі әңгімеде ата-аналарының зейінін басқа тақырыпқа аударып жіберуі. Үй жұмысын орындағысы келмеуі. Мектеп мұғалімдер мен сынып оқушылар атына жағымсыз мінездеме беруі. Мектеп пен байланысты жағдайларға шағымдануы. Тынышсыз ұйықтауы. Таңертең қиын оянуы. Өзінің көңіл-күйінің болмауын айтуы,өзін-өзі үнемі салғырт сезінуі. Бейімделу процесінің аяқталмаған жағдайында, бұл бейімделудің сәтсіздігі, яғни, бейімделе алмау дейміз, өмірдің әртүрлі жағдайларын шеше алмау белгісі. Осы орайда біздің жалғыз міндетіміз бастауыш сыныптан орта буынға өткен оқушылардың сәтті оқуына жағдай жасаумен қорытындыланады. Ең бастысы – орта мектепте баланың бейімделу жағдайына көмектесу, оның әрі қарай дамуын, оның психологиялық саулығын қамтамасыз ету. Осыны түсіну үшін балаға қандай көмек қажет екенін, ол қандай қиындықтармен кездесетінін, қазіргі жағдайда қандай мәселелер орын алып тұрғанын білу маңызды. Оқу әрекетінде, сабақта, балалардың жұмыс істеу әдісі ғана әр түрлі емес, сонымен қатар жауап беру мәнері, сабақтағы белсенділік деңгейінің біркелкі еместігі, шаршау деңгейлері де әртүрлі екендігі белгілі. Қоршаған адамдардың талабына сай келмеуі үнемі қорқынышқа әкеледі, қабілетті бала да өзінің мүмкіндігін қажетті деңгейде көрсете алмауы да мүмкін. Қиыншылықтар мен мұғаліммен қарым-қатынас жасаудағы қорқыныштар барлық 4-5 –сынып оқушыларының үштен бір бөлігі мен жартысы сезінеді. Ал ата-ана өз тарапынан, баланы «баға үшін» оқуға бағыттау арқылы, өз күшіне сенімсіздік тудырып, жағымсыз бағаға қобалжуы, мектепшілік қорқыныштың туындауына итермелейді. Сондықтан, барлығында туындайтын: 5- сынып оқушыларына қалай көмектесу керек деген сұрақтың себебі белгілі. Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет. Бастауыш сыныптың түлегінің орта буындағы оқуы табысты болу үшін, бейімделу кезінде балаға көмектесу оны психологиялық жағынан дайындау мақсатында мектебімізде бастауыш класс пен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізуде апталық өтті. 1 . МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖҰМЫС Ата-аналарымен танысуы; Болашақ пән мұғалімдерімен класс жеттекшілері анықталып, әр пәннен сабақ өткізу, сабаққа қатысу Бастауыштағы сынып жетекшісімен оқушылар туралы мәлімет алу бағытында пікір алмасу; Психолог тарапынан әр оқушының жеке даму деңгейіне байланысты психологиялық - педагогикалық мәліметтер алу. 5 сыныпқа сабақ беретін педагогтардың тізімін құру; Орта буын мұғалімдеріне әр оқушының жеке даму деңгейіне байланысты мәліметтер беру; Педагогтармен бастауышпен сабақтастығында апталық ұйымдастыру , ортақ мәселелерді талқылау. Пед консилиум өткізу 2. ОҚУШЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС Орта буындағы оқушылардың мәртебесі
Бастауыштан орта буынға өтетін оқушылармен зерттеу, түзету-дамыту, кеңес беру бағытында психологиялық жұмыс түрлерін жүргізу; ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІНЕ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ҚАТЫНАСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3. АТА –АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС Ата-аналармен ортақ мәселелерді талқылау. Ата-аналар жиналысына қатысып, кеңес беру. Балаңыдың бастауыштан орта буынға көшуіне дайынсызба? «Семинар» ұйымдастыру 5 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНДЫҚТАР Әртүрлі мұғалімдердің көптігі (оларды есте сақтау керек, әрқайсысының қойған талаптарына үйрену керек); Үйреншіксіз сабақ кестесі (жаңа режим); Оқу бөлмелерінің көптігі және олардың әртүрлі жерде орналасуы; Сыныпта жаңадан келген оқушылардың болуы; Жаңа сынып жетекші; Жоғары сынып оқушыларымен тіл табыса алмайтын кездерінің болуы (асханада, үзілісте) Орта буында біз ең кіші сыныппыз, ал бастауышта біз ең үлкен сынып болғанбыз! Бейімделу кезіндегі қиындықтар Баланың денсаулығындағы ауытқулар; Эмоционалдық қиыншылықтар, қобалжу, мектептегі проблемалар туралы уайымдау; Бейімделу кезеңінің дұрыс өтпеуі; Интеллектуалдық іс-әрекеттің бұзылуы; Өз сыныптарынан даму жағынан қалып қоюы; Тәртіптілік – моральдық және құқықтық нормаларға сәйкес келмейтін тәртіптің түрі; Коммуникативтік проблемалар – үлкендермен өз құрдастары мен қарым-қатынас жасай алмауы. Бейімделудегі қиыншылықтар мынадай белгілер арқылы байқалады: баланың сыртқы келбеті шаршаңқы; өткен күн туралы айтпайды; Мектептен тыс басқа тақырыптарға әңгімелесіп кетуі; Үй жұмысын орындауға еріну; Мектеп атына, мұғалімдерге, оқушыларға кір келтіріп сөйлеу; Мектепке байланысты кейбір оқиғаларды жамандау; Тұрақсыз ұйқы; Таңертең тұрғанда қиналу; Үнемі өзін жаман сезіну. МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР Бірге толғана, сын айтыңыз. Бұл орайда төмендегі тәсілдерді пайдаланыңыз. Қолдау қуаттау сыны (ештеңе етпес. Бұл жолы болмаса ендігіде жақсылап орындайсың) Сәйкес сын (сендей кезімде, мен де тап осы қателікке душар болғанмын) Сын үміт (ендігі мәрте тапсырманы жақсы орындап келетініңе сенемін) Мақтау сын (жұмыс жақсы орындалған, бірақ жағдайдан уақытынан сәл бұрын) Бірге қинала сынау (сені түсініп тұрмын, жағдайыңды да білемін, бірақ сен мені түсінші) Сын өкініш (өкінішті –ақ, бірақ айтпасам болмайды: жұмыс сапасыз орындалған) Сынай қателікті жұмсарту (мүмкін, істің бұлай болғанына тек сен айыпты емес шығарсың) - Өз оқушыңыздың аты мен беделін ардақтай жүріңіз. Бала сізден қорықпасын десеңіз: оның қателерін кешіруге; жазаламауға; ол үшін барлық нәрсеге дайын екеніңізді көрсетуге; сүйіспеншілігіңізді көрсетуге тырысыңыз Балалар сізден жалықпасын десеңіз: сан рет қайталаудан; стіне түсіп әрдайым өбектеуден; Әр қадамын аңдудан; берген сөздеріңізді ұмытудан аулақ болыңыз! Оқушыларға сабақ беретін ұстаз: Өзінің педагогикалық концепциясы бар; Өз мамандығы бойынша құзыретті; Коммуникативті; Жан-жақты дамыған; Жаңашыл; Шығармашыл БОЛУЫ КЕРЕК! Жұмыстың нәтежесінде 1.Бастауышпен орта буын сабақтастығындағы жұмыс жүргізудегі апталық барысындағы пән мұғалімдері өзара пікір алмасты. 2.Орта буында кездесетін қиындықтар және оны жеңу жолдары туралы өз ойлары айтылып, әр түрлі әдіс-тәсілдер ортаға салынды 3. 5 сынып оқушылары орта буынға жақсы бейімделуіне жағдай жасалынды. |