Главная страница
Навигация по странице:

  • Бауыр аурулары: Өт өндірілуі мен өттің ішекке шығарылуы бұзылыстарымен көрінеді.

  • Бауыр жасушаларында зат алмасуларының біріншілік бұзылыстарынан дамитын дистрофиялармен (гепатоздармен);

  • . Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім

  • ІІІ. Қорытынды. ІV. Пайдаланылған әдебиеттер. Бауырдың өзіндік бүліністерінің этиологиясы.

  • Қарапайым жәндіктер мен құрттар (амеба, лямблийлер, эхинококтар, бөсір (аскарида) т.б);

  • Өт жолдары қабынуларынан, тас байлануынан т.б жағдайлардан дамитын өттің іркіліп тұрып қалуы;

  • Қан жүйесінің ауруларынан (анемиялар, лейкоздар);

  • Эндокриндік бездердің ауруларынан (бүйрек үсті бездері сыртқы қабатының жіті жеткіліксіздігі, қантты диабет);

  • Тұқым қуатын зат алмасуларының ауруларынан;

  • Бауыр ауруларының патогенезі

  • Бауырдың қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

  • Бауыр қызметінің жеткіліксіздігі Көмірсу алмасуларының бұзылыстары

  • Гликогеннің түзілуі төмендейді, оның ыдырауы бұзылады;

  • Қанда глюкозаның деңгейі төмендейді (гипогликемия);

  • • Фосфолипидтер түзілуінің азаюы май қышқылдарының тотығуын, төмендетеді;

  • Нәруыздар алмасуының бұзылыстары

  • Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тамырлары межеқуатының бұзылыстары

  • Пайдаланылған әдебиттер

  • презентация. Бауыр патофизиологиясы. Бауыр патофизиологиясы


    Скачать 2.23 Mb.
    НазваниеБауыр патофизиологиясы
    Анкорпрезентация
    Дата05.04.2023
    Размер2.23 Mb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаБауыр патофизиологиясы.pptx
    ТипДокументы
    #1038618

    Бауыр патофизиологиясы

    Жоспар


    І. Кіріспе

    ІІ. Негізгі бөлім

    а) Бауыр аурулары

    б) Бауырдың өзіндік бүліністерінің этиологиясы.

    в) Бауыр ауруларының патогенезі

    г) Бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігі

    д) Бауырдың қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

    е) Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тасырлары межеқуатының бұзылыстары

    ІІІ. Қорытынды.

    ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

    Бауыр аурулары:
    • Өт өндірілуі мен өттің ішекке шығарылуы бұзылыстарымен көрінеді.
    • Өспе өсуімен;
    • Бауырда дәнекер тіннің көптеп өсіп-өнуінен оның беріштенуімен (цирроз);
    • Бауыр жасушаларында зат алмасуларының біріншілік бұзылыстарынан дамитын дистрофиялармен (гепатоздармен);
    • Қабынумен (гепатит);

    Жоспар

    І. Кіріспе

    ІІ. Негізгі бөлім

    а) Бауыр аурулары

    б) Бауырдың өзіндік бүліністерінің этиологиясы.

    в) Бауыр ауруларының патогенезі

    г) Бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігі

    д) Бауырдың қорғаныстық қызметінің бұзылыстары

    е) Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тасырлары межеқуатының бұзылыстары

     ІІІ. Қорытынды.

    ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.

    Бауырдың өзіндік бүліністерінің этиологиясы.

    • Бактериялар мен вирустар ( вирустық гепатиттер А, В, С, Д, Е, нтеровирустар, туберкулез, мерез, іш сүзегі т.б қоздырғыштар);
    • Қарапайым жәндіктер мен құрттар (амеба, лямблийлер, эхинококтар, бөсір (аскарида) т.б);
    • Экзогендік, эндогендік улы өнімдер, дәрі-дәрімектер (сынап, фосфор, сульфаниламидтер, антибиотиктер, ішімдік, тіннің ыдырау өнімдері т.б);
    • Өт жолдары қабынуларынан, тас байлануынан т.б жағдайлардан дамитын өттің іркіліп тұрып қалуы;
    • Аллергиялық серпілістер (екпе, емдік сарысу, тағамдық немесе дәрілік аллергендер оргаизмге енгенде);
    • Организмнің гипоксиясынан;
    • Қан жүйесінің ауруларынан (анемиялар, лейкоздар);
    • Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен;
    • Витаминдердің, әсіресе Е витаминінің тапшылығынан;
    • Эндокриндік бездердің ауруларынан (бүйрек үсті бездері сыртқы қабатының жіті жеткіліксіздігі, қантты диабет);
    • Өспелердің бауырдағы метастазаларынан;
    • Тұқым қуатын зат алмасуларының ауруларынан;
    • Темір иондарының артық жиналып қалуынан бауырда гемосидероз дамуынан т.б жағдайлардан байқалады.

    Бауыр ауруларының патогенезі

    Жасуша мембраналарының бүліністері үлкен  маңызды орын алады. Әртүрлі ықпалдардың  әсерлерінен жасушалардың мембранларындағы май қышқылдарының асқын тотығуы, фосфолипаза ферменттерінің қатты әсерленуі, жасуша ішінде кальций мен натрий иондарының көптеп түсуі гепатоциттердің бүліністеріне әкеледі. Жасуша мембраналарының өткізгіштігі жоғарлануына байланысты оның ішіндегі нәруыздар жалпы қанайналымға түсіп, организмнің иммундық жүйесімен түйісудің нәтижесінде меншік бауыр жасушаларына қарсы аутоантиденелер мен сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер түзілуі мүмкін.

    Бауырдың қорғаныстық  қызметінің бұзылыстары

    Көптеген экзогендік және ндогендік улы қосындылар бауырда өңдеуден өтіп, усыз заттарға айналады. Онда ацетилдеу, метилдеу, тотықтыру, тотықсыздандыру, ыдырату үрдістері және клюкурон, күкірт қышқылдарымен, гликокол, цистеинмен жұп қосындылар құру арқылы уытты заттар уытсыздандырылады. Сонымен қатар бауырда уытты заттардың бейспецикалық микросомалық монооксигеназа жүйесімен усыздануы болады. Бұл кезде, жорамал бойынша , улы зат бауыр жасушаларынң ндоплазмалық торшаларыны кіріп, сутегі иондарын байланыстырады. Содан суда еритін қоспаларға айналады да, оргаизмнен сыртқа шығарылады.

    Бауыр жасушаларының эндоплазмалық торшаларының қабығымен байланысқан гемопротиендерге жатады. Оның қатысуымен дәрілердің алмасуы кезінде бос радикалдар пайда болуы мүмкін. Олар, дер кезінде бейтарапталмаса, жасуша нәруыздарымен байланысып, мембраналарында май қышқылдарының асқын тотығуын туындатады. Сондықтан пайда болған бос радикалдар цитоплазмадағы глутатион С-трансфераза ферменттерінің қатысуымен глутатионға байланыстырылады. Сонымен бірге, микросомалық уридиндифосфатглукуронилтрансфераза және цитоплазмадағы сульфатрансфераза ферменттірінің қатысуымен глюкурон және күкірт қышқылдарымен жұп қосындылар түзеді. Осы көрсетілген тетіктердің бұзылуы бауырды уытсыздандыру қызметінің әлсіреуіне әкеледі. Бұл кезде организмде аммиак, фенолдар т.б уытты өнімдер жиналып қалады. Осыдан мидың қызметтері бұзылыстарымен сипатталатын организмнің уыттануы болып, бауырлық кома дамиды. Ол терең жүйкелік-жандүниелік бұзылыстармен, тырыспа-селкілдек дамуымен, шартсыз рефлекстердің жоғалуымен, естен танумен т.б организмнің тіршілігін қауіпті жағдайлармен сипатталады.

    Бауыр қызметінің  жеткіліксіздігі

    Көмірсу алмасуларының бұзылыстары:

    Май алмасуының бұзылыстары:

    Нәруыздар алмасуының бұзылыстары:
    • Гликогеннің түзілуі төмендейді, оның ыдырауы бұзылады;
    • Глюкозаның басқа өнімдерінен (аминқышқылдарынан, май қышқылдарынан) түзілуі (глюконеогенез) азаяды;
    • Қанда глюкозаның деңгейі төмендейді (гипогликемия);

    Көмірсу алмасуларының  бұзылыстары:
    • • Май қышқылдарының, үшглицеридтердің, фосфолипидтердің, холестериннің және оның әтірлерінің түзілуі мен ыдырауы бұзылады;
    • • Фосфолипидтер түзілуінің азаюы май қышқылдарының тотығуын, төмендетеді;

    Май алмасуының бұзылыстары:

    • Бауырда амин қышқылдарын дезаминдеу, трансаминдеу, декарбоксилеу үрдістерін сергітететін ферменттердің белсенділігі төмендейді. Осыданм амин қышқылдарының, биогендік аминдердің құрылуы және ыдырауы бұзылады, нәруыздардың түзілуі азаяды;

    • Плазмалық нәруыздар альбуминнің, глобулиндердің, фибриогеннің, пртромбиннің т.б қан ұю факторларының түзілуі төмендейді. Сондықтан гипопротеинемия, гипоонкия, дененің ісуі, қан кету синдромдары дамиды.

    Нәруыздар алмасуының бұзылыстары:

    Бауырлық команың патогенезі.

    Бауыр жасушаларының уытсыздандыру қызметі бұзылғанда немесе қақпа көктамыры мен қуыс көктамырларының арасында тікелей байланыстар пайда болғанда (қақпа көктамырында қан қысымы көтерілгенде), қанда:

    Аммиак, улы полипиптидтер, амин қышқылдарының бактериялық декарбоксилдеу өнімдері (тирамин) т.б, өзгерген бауыр жасушаларымен уытсыздандырылмаған, ішектерден түсетін фенол, кадаверин, путресцин т.с.с заттар жиналады. Аммиак мида α-кетоглютар қышқылын байланыстырып, оны үшкарбон қышқылы оралымынан аластайды. Сондықтан мида тотығу-тотықсыздану үрдісі тежеледі, макроэргиялық фосфорлық қосындылардың түзілуі азаяды, энергия тапшылықтық жағдай дамиды;

    Бауыр жеткіліксіздігі кезіндегі қан тамырлары межеқуатының бұзылыстары

    Бауыр жеткіліксіздігі кезінде артериялық қан қысымының төмендеуі байқалады. Оның пайда болу негізінде бүлінген бауыр жасушаларымен пнгиотензиногеннің түзілуі азаюы жатады. Соынмен бірге, бауырлы немесе механикалық сарғыштықтар кездеріндегі холемиялық синдроның даму нәтижесінде, өт қышқылдарының тамырларды кеңітуінен, гипотензия дамуы мүмкін.

    Қорытынды

    Бауыр аурулары кездерінде бауырда эритроциттер мен гемоглобин түзілуіне қажетті кобаламиннің, фолий қышқылының, темірдің жинақталуы азаяды. Осыдан эритроциттер өндірілуі бұзылып, тапшылықты анемиялар дамиды.

    Бауыр жасушалары қызметтерінің бұзылыстарына байланысты протромбиннің, фибриногеннің, Ү, ҮІІ, ІХ, Х қан ұю факторларының түзілуі азаяды. Қан ұю төмендейді, протромбин уақыты (қалыпты жағдайда 15 сек дейін) ұзарады.

    Пайдаланылған әдебиттер:

    1. «Жалпы патофизиология» Алматы 2007

    2. Интернет www.google.kz

    3. «Патофизиология» оқулығы, авторы Әділман Нұрмұхамбетұлы, Алматы 2007

    4. Вельдман А.В, Игнатов В.Д., Наука 2002г.,

    5. «Патологиялық анатомия» авторы Жауғашты Байназарұлы Ахметов, Алматы- 2004 жыл

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


    написать администратору сайта