Главная страница
Навигация по странице:

  • Т алғат Жақыпбекұлы Бигелдинов

  • М әншүк Мәметова

  • Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

  • 9 мамыр. Бауыржан Момышлы


    Скачать 323.33 Kb.
    НазваниеБауыржан Момышлы
    Дата31.10.2022
    Размер323.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9 мамыр.docx
    ТипДокументы
    #764535

    Бауыржан Момышұлы

    ( 24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл)

    1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген бала Бауыржан мектепті үздік бітіреді, Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, жастайынан мектепте мұғалім, Шымкент, Алматы өнеркәсіп банкілерінде қаржы қызметкері ретінде еңбек етеді. Қызыл Армия қатарына алынған жас Бауыржан взвод, рота командирі, полк штабы басшысының көмекшісі, Қазақ әскери комиссариаты нұсқаушысы қызметтерін атқарып ысылады.

    Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда қолбасшы Бауыржан 316 атқыштар дивизиясының (кейінірек Панфилов атындағы 8 гвардиялық дивизия) жасақталуына белсене атсалысып, осы бөлім құрамында батальон, полк командирі, кейін дивизия командирі ретінде Мәскеу түбінде, Калинин майданында ерлігімен даңқы шығады. Батыр Бауыржан соғыстан кейін де он жылдай әскери қызметте болып, Ворошилов атындағы академияны, Кеңес Армиясы Бас Штабының жанындағы Жоғары әскери академияны аяқтап, осы әскери оқу орындарында генералдарға сабақ беріп, ұстаздық етеді.

    Әскери қызметтен кейін жазушы Бауыржан әдебиет майданында да ерліктің үлгісін көрсетті. Оның қарымды қаламынан «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Біздің семья», «Москва үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер», «Генерал Панфилов», «Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса», «Ұшқан ұя», «Адам қайраты» тәрізді кітаптар жарық көрді. Көзінің тірісінде аңызға айналған ұлы тұлға – қазақтың Бауыржаны 1982 жылы 10-маусымда дүниеден өтіп, кезінде ерлігі еленбеген оған 1990 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

    Т алғат Жақыпбекұлы Бигелдинов

    (5 тамыз 1922 - 9 қараша 2014)

    Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.

    Арғын тайпасы Қуандық руының Ағыс бұтағынан шыққан.

    • Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.

    • Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.

    • Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.

    • Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.

    • Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.

    • Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.

    • 1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.

    • 1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.

    • 1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.



    Луганский Сергей Данилович
    1918 жылы 1-қазанда Алматы қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. 1938 ж. Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 ж. Мәскеудегі әскери-әуе академиясын бітірген. 1939- 1940 жж. кеңес-фин соғысына қатысты. Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 2 рет әуе таранын жасады. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО ҚК-нің әскери әуе күштері саласында әр түрлі жоғары басшылық қызметтерде болды. 1941 жылы қазан айында майданға аттанған С.Д.Луганский 1942 жылдың мамыр айынан 271-ші авиациялық атқыштар полкінде, сол жылдың маусым айынан 1945 жылдың наурыз айына дейін 270-ші авиациялық атқыштар полкінің қатарында болды. 1943 жылдың тамыз айында 270-ші авиациялық атқыштар полкының эскадрилья командирі капитан С.Д.Луганский 221 рет ұшып, жеке өзі 18 жау ұшағын және ұшқыштар тобымен бірігіп 1 ұшақты жер жастандырды. 1943 жылдың 2-қыркүйегінде жаумен шайқаста көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 1944 жылдың 1 шілдесінде Украина бірінші майданының бас қолбасшысы И.С.Коневтің жеке нұсқауымен «Алтын жұлдыз» медалін иеленді. Бұл уақытта ол 355 әскери ұшуды жүзеге асырып, жаудың 33 ұшағын атып құлатқан болатын. С.Д.Луганский 1963 жылға дейін «МиГ-15»-тен бастап «МиГ-19»-ға дейінгі түрлі реактивті ұшақтарда ұшты. Соғыстан кейін әуе қорғанысы күштерінде қызмет етті. 1949 жылы әскери әуе академиясын тәмамдады. 1964 жылдан запастағы авиация генерал-майоры. Ол сондай-ақ "Hа глубоких виражах", "Hебо остается чистым" сынды шығармалардың авторы. Майдангер 1977 жылы 16 қаңтарда көз жұмды. Алматы қаласында жерленген.

    М әншүк Мәметова

    1922 жылы Орал облысында туылған. Шын есімі – Мәнсия. Қызды үлкен қоңыр көздері мен алғырлығы үшін, «Моншақ» деп еркелеткен. Ал, ол өзін Мәншүк деп атаған. Ата-анасы ерте қайтыс болғандықтан, әкесінің ағасы Ахметтің қолында тәрбие алды. 1937 жылы жаппай қуғын-сүргін басталып, Мәншүктің әкесі Ахмет, халық жауы деген айыппен қамауға алынды. Бірақ, Мәншүк одан бас тартқан жоқ. Әкесі қателікпен тұтқынға алынғанына сенімді болды. Кейбір жағдайларда, репрессияға ұшырағандардың туыстары соғысқа кетсе, олар түрмеден босатылатын. Бұл мүмкіндікті жібермеу үшін, өз еркімен майданға кетуге бел буды. Өкінішке орай, Ахмет бұл кезде ату жазасына кесіліп кеткен. Мәншік мұны білмеді. Мектепті бітірген соң, медициналық училищеге оқуға түсті. Ұлы Отан соғысы басталған жылы, оның жасы 18-де болды. Майданға аттану үшін әскери комиссариатқа өтініш жасап, 1942 жылы 100-ші атқыштар бригадасына ілікті. 1943 жылы 15 қазанда Невель қаласының шетіндегі ұрыс кезінде, Кеңес әскері жаудың қатты қарсылығына тап болды. Олар біздің бөлімшелеріміздің алға жылжуын тоқтатуға тырысып, үздіксіз оқ жаудырды. Мәншүктің дивизиясына, стратегиялық басымдылық беретін биіктікті бағындыру туралы бұйрық берілді. Егер бөлімшелер бұл биіктікте орнығып алса, бұл шайқастың нәтижесін шешетін еді. Мұны түсінген неміс дивизиясы, өз қарсыластарын минометпен атқылай бастады. Нәтижесінде, екі миномет есебі жойылып, тек Мәметованың пулеметі ғана аман қалды. Фашистер оның жалғыз қалғанын біліп, әртүрлі бағыттардан шабуыл жасауға кірісті. Шабуылға тойтарыс беру үшін, Мәншүкке үш пулеметтен кезекпен оқ боратуға тура келді. Содан кейін, ол басынан ауыр жарақат алып, есінен танып қалды. Оянған кезде, оған қарай жақындап келе жатқан немістерді көріп, жауға пулеметтен оқ жаудыруға күш тапты. Бұл шайқаста 70-тен астам жауынгердің көзін құртып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болды (қайтыс болғаннан кейін).


    Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова

    (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысы Новосокольники ауданы, Казачиха ауылы, РКФСР) — қазақ Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор. 1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

    1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

    Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 ж. 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды.


    написать администратору сайта