ПРАКТИКА. баяндама. Баяндама 3 дегейдегі жалпы сйлеу тіліні дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларда ауызша байланыстырып сйлеуін алыптастырудаы тзетудамыту жмысы
Скачать 17.6 Kb.
|
Баяндама 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балаларда ауызша байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудағы түзету-дамыту жұмысы Қазіргі уақытта әлем бойынша ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді қоғамға әлеуметтік бейімдеу мәселесіне ерекше назар аударылуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беру жүйесін дамыту міндеті көзделген [1]. Баланың толық тұлғалық, жағымды психофизиологиялық дамуын қалыптастыру, мектепте дұрыс білім алуы үшін уақытында сөйлеу тілін меңгеру өте маңызды. Осыған байланысты, соңғы кездері арнайы психология мен педагогикада мектепке дейінгі жастағы жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар үлкен қызығушылық тудырып отыр. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы сөйлеу тілінің дамымауын жеңу – бұл қазіргі заманғы логопедияның өзекті мәселелерінің бірі. Сол себепті, бұл балалармен логопедиялық жұмысты жүйелі түрде ерте кезден бастау керек. ІІІ деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балаларда байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру үшін түзету-дамыту жұмысын жүргізу логопедиялық жұмыстың бір бағыты болып есептеледі. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) бар балаларда байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру мәселесімен К. Д. Ушинский, В. И. Тихеева, Е. А. Флерина, А. М. Бородич, А.С.Жукова, Е. М. Мастюкова, В. П. Глухов, Т. А. Ткаченко және т.б. ғалымдар айналысқан. Зерттеу мақсаты: ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балаларда ауызша байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастырудағы түзету-дамыту жұмыстарын әзірлеу. Зерттеу міндеттері: 1. Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерге шолу жасау. 2. ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша байланыстырып сөйлеу тілінің деңгейін анықтау; әдістемелік әдебиеттерді талдау. 3. ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалармен ауызша байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру бойынша түзету-дамыту жұмысын өткізу және тиімділігін анықтау. Зерттеу нысаны: ІІІ деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалар. Зерттеу пәні: ІІІ деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудағы түзету-дамыту жұмысы. Болжамы: Егер ІІІ деңгейдегі ЖСТД бар мектепке дейінгі балаларда лексикалық тақырыптар бойынша тапсырмалар, ойындар мен ойын жаттығуларын бір жүйеге келтіріп, түзету-дамыту жұмысында қолдансақ, онда балалардың талғамы күшейіп, сөйлеу мәдениеті мен ауызша байланыстырып сөйлеуінің деңгейі көтеріледі. Зерттеу базасы: Павлодар қаласының сөйлеу қабілеттері бұзылған балаларға арналған №26 арнайы балабақшасы. «Балдырған» ересек тобы, барлығы 22 бала, оның ішінде 19 ұл, 3 қыз. Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді талдау; бақылау; эксперимент; психикалық диагностика әдістері; анализ-синтез; алынған зерттеу нәтижелерінің сапалық және сандық талдауы. Зерттеу жұмыстары үш кезеңнен тұрды: айқындаушы, қалыптастырушы және қорытынды. Диагностика жұмысын В.П. Глуховтың әдістемесіне сүйене отырып өткізілді. 6 тапсырма дайындалды. Балаларға ұсынылған тапсырмалар: 1) Берілген суреттер бойынша сөйлем құрастыру (объект+іс-әрекет). Бұл тапсырма баланың фраза деңгейінде (суретте бейнеленген іс-әрекет бойынша) аяқталған сөйлем құрау қабілетін анықтау үшін қолданылды. Балаға кезекпен бірнеше суреттер ұсынылды: Қыз сурет салып отыр. Ұл кітап оқып жатыр. Балалар балық аулап отыр. 2) Берілген 3 карточкадағы сөздерді қатыстырып, бір сөйлем құрастыру. Бұл тапсырма балалардың суреттердің арасында логикалық-мағыналық қарым-қатынас орнату және оларды аяқталған фраза-сөйлемдер түрінде жеткізу қабілетін анықтауға бағытталған. Балаға суреттерді атап, содан кейін барлық үш затты байланыстыру үшін сөйлем құрастыру ұсынылды. Тапсырманы жеңілдету үшін көмекші сұрақ ұсынылады: «бала не істеп жатыр?» Бала әр суреттің семантикалық мәніне және педагогтің сұрағына сүйене отырып, оны аяқталған фраза түрінде жеткізуі керек. 3) Таныс ертегіні немесе қысқа әңгімені мазмұндау. Үшінші тапсырма ЖСТД бар балалардың көлемі жағынан шағын және құрылымы жағынан қарапайым мәтінді айтып бере алу мүмкіндігін анықтау мақсатында болды. Балаларға таныс ертегілер қолданылды: «Шалқан, Бауырсақ». Ертегі мәтіні балаларға екі рет оқылды; қайталап оқу алдында мазмұндау үшін жағдай жасалды. 4) Сюжеттік картинкаларға сүйеніп, ертегіні (әңгіме) айту немесе құрастыру. Бұл кезде балаларға таныс ертегіні алу қажет. Төртінші тапсырма суреттер сериясы бойынша, яғни дәйекті үзінді-эпизодтардың негізінде байланыстырылған сюжеттік әңгіме құрудағы балалардың мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған. Үш-төрт сюжеттік суреттің сериялары қолданылды. Суреттер баланың алдында дұрыс ретпен қойылады және оларды мұқият қарастыру үшін уақыт берілді. 5) Жеке тәжірибесіне сүйеніп, әңгіме құрастыру. Мысалы: Менің отбасым, Менің балабақшам, Ойын алаңы, т.б. Бесінші тапсырма – жеке тәжірибесінен әңгіме құру – баланың өмірлік әсерлерін жеткізу кезінде фразалық және монологиялық байланыстырып сөйлеудің деңгейін және ерекшеліктерін анықтау мақсатында болды. 6) Сипаттау әңгімесін құрастыру. Баланың қолына ойыншық беріп, оны сипаттауын сұраймыз. Машина, қуыршақ алынды. Түсі қандай, формасы қандай, қандай бөліктерден тұратынын айтып сипаттау әңгіме құрастыруын сұраймыз. Бұл тапсырмада баланың сөз тіркестерін қолданып толыққанды байланыстырып жеткізуіне назар аударылды. В.П.Глухов, Т. Б. Филичева, Г. В. Чиркинаның жұмыстарына сүйене отырып және зерттеу нәтижелерін негізге ала отырып, 3 деңгейдегі ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балаларға ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту үшін әдістемелік құрал жасалды. Бұл әдістемелік құрал лексикалық тақырыптарды қамтиды. Әр тақырыпқа 6-7 тапсырма құрастырылған. Бұл тапсырмалар 2-3 сабаққа бөлініп өткізілді. Әр лексикалық тақырып 1 жұма қарастырылды. Байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша көрсетілетін жұмыс қарым-қатынастағы сөйлеу қажеттілігін, сөздік қорды толықтыру, сөйлеуді түсіну, көру зейінінің толықтырылуын негізге алады. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту бойынша жұмыстың бағыттары: - көрсетілген іс - әрекет бойынша әңгімені мазмұндау; - көрсетілген сурет бойынша әңгіме құрастыру (іс – әрекетті сипаттау); - сюжеттік суреттерге қарап, әңгімені мазмұндау; - сюжеттік суреттердің сериясы бойынша әңгіме құрастыру; - бір сюжеттік картинаны пайдалану кезінде әңгіме құру. Жұмыстың негізгі түрі шағын топта (5-6 бала) жүргізілетін логопедиялық сабақтар болды. Сабақ №26 балабақшада өткізілді. Сабақтың ұзақтағы – 25 минут. Логопедиялық сабақтарда келесі тақырыптық циклдар пысықталды: «Қыс», «Үй жануарлары», «Спорт», «Жабайы жануарлар мен аңдар», «Көліктер» және т.б. Дипломдық жұмыста сюжеттік суреттер сериясы бойынша сипаттау әңгімелерін құрастыру үшін қажетті әртүрлі тапсырмалар қарастырылады. Жұмыстың сипатталған жүйесі балаларға күнделікті өмірде қолданылатын тілдік категориялардың (лексикалық, грамматикалық) қорын айтарлықтай нақтылауға, кеңейтуге мүмкіндік береді және оларды мектепте қазақ тілі бойынша бағдарламаны меңгеруге дайындайды. Алдын ала оқыған мәтіндерге және тірек суреттерге сүйене отырып ертегіні құрастыру бойынша ұсынылған жұмыс жүйесі шығармашылық элементтерімен өз бетінше әңгіме құрастыру мен мазмұндау дағдыларын табысты қалыптастыруға ықпал етеді. Жүргізілген түзету жұмысы ЖСТД бар мектеп жасына дейінгі балаларда байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру және дамыту кезінде тиімділігін көрсетті деп қорытынды жасауға болады. Эксперимент басында қойылған болжам расталды. Баланың одан әрі дамуының қажетті шарттарының бірі – қарым-қатынасқа түсу ұмтылысы, өзі, достары туралы, өмірден алынған бақылаулары туралы айтуға ұмтылысты қалыптастыру болып табылады. Сол себепті логопедтік сабақтар барысында сөйлеуге деген қажеттілікті өзектілендіретін, баланың өз пікірін айтуға, әсерімен бөлісуге өз бетінше ниетінің пайда болуына итермелейтін жағымды жағдайлар жасауды ұсынамыз. Баланың пікірінің негізінде сөйлеу мотиві тікелей жатуы керек. Сонымен қатар түзету-дамыту жұмысы кешенді түрде жүргізілуі керек. Дәстүрлі әдістер мен тәсілдерді жетілдіріп, сондай-ақ жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларда байланыстырып сөйлеуді дамытудың ғылыми негізделген жолдарының неғұрлым жаңа, кешенді, тиімді әдістерді таңдап алып, түзету жұмысында қолданудың қажеттілігі анық. |