Главная страница
Навигация по странице:

  • : тұрақсыз назар, әлсіз зерде, төмен қабілет

  • 1 тапсырма. Баяндама Трбиеші ретінде балаларды бос уаытын алай йымдастыруа болады


    Скачать 17.5 Kb.
    НазваниеБаяндама Трбиеші ретінде балаларды бос уаытын алай йымдастыруа болады
    Дата15.05.2022
    Размер17.5 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 тапсырма.docx
    ТипДокументы
    #530697

    Баяндама
    Тәрбиеші ретінде балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыруға болады
    Баланың өміріндегі білімге деген талпыныс өз күшін жоймайды. Ол осы жастағы баланың дамуындағы психикалық өзгерістерді анықтайды. Бұл жаста алдағы өмірінің дамуының іргетасын қалыптастырудағы маңызды жетістіктерін көрсететін психологиялық өзгерістер қалыптаса бастайды. Бірақ, бастауыш сынып оқушысы жаңа жетістіктерді игеріп бекітетін бекітетін әрекеттің басқа түрлеріне де белсене араласады.

    Бұл жастағы балалармен қарым-қатынас жасауда ересектердің басты міндеті әр баланың даралығы мен қызығушылығын ескеріп, олардың өз мүмкіндігін ашуына толық жағдай туғызу. Әсіресе, бейімдеу орталығы жағдайында тәрбиеленушілермен жұмыс жүргізуде дара жанасу мен баланың қызығушылығын ескеру өте маңызды. Бейімдеу орталығына келгенге дейін баланың дамуында әртүрлі келеңсіздіктер орын алуы мүмкін.

    Баланың дамуына дер кезінде көңіл бөлмеу таным үдерісінің олқылығына әкеліп соғады: тұрақсыз назар, әлсіз зерде, төмен қабілет т. с. с.

    Егер отбасында тәрбиеленуші балаға уақытты ұтымды ұйымдастыруға ата-анасы немесе отбасының басқа да мүшелері көмектессе, бейімдеу орталығы немесе балалар үйінде тәрбиеленетін баланың жағдайы педагогтардан балалардың бос уақытын мазмұнды өткізу үшін ерекше жанасуды талап етеді.

    Балалар үйінде тәрбиеленетін балалар өздеріне ерекше қамқорлықты қажет етеді. Балалар үйі тәрбиеленушісіне өмірде дұрыс бағыт алуына жәрдемдесетін адам, оның жанын түсінетін дос керек, сондықтан бейімдеу орталығы тәрбиеленушілерімен жұмысты, әсіресе, бос уақытын ұйымдастыруда назарда болуы тиіс.

    Бос уақыт – қоғамдық және тұрмыстық еңбектен тыс, адам еңбек әрекеті кезінде жетілдіруіне мүмкіншілігі жетпейтін, өзінің еңбек икемділігі мен басқа да қабілеттерін жетілдіре алатын уақыты.

    Бірақ «бос уақыт» ұғымы «не қаласам, соны істеймін» дегенді білдірмейтінін, мәнсіз-мағынасыз уақыт өткізу еместігін түсіну өте маңызды. Бұл адам өзінің алдына қойған мақсаты мен қызығушылығын жүзеге асыруға арналған уақыт. Ол мәдени құндылықтарды игеруге, жаңаны білуге, шығармашылық пен спортқа, туризм мен саяхатқа, адамның сүйікті ісін орындауына арналуы мүмкін. Бос уақытындағы әрекетін жалпы мақсатқа, өзінің өмірлік бағдарламасын жүзеге асыруға бағыттай білу – адамның бос уақытын бағалай білуін көрсетеді.

    Жалпы бос уақытты пайдалану үш топқа бөлінеді:

    а) ойын-сауықтармен еркін демалыс;

    ә) мәдени құндылықтарды меңгеру;

    б) шығармашылықпен айналысу.

    Бос уақытта:

    - Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;

    - Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін  толықтай көрсете алуына;

    -  Өзін-өзі сынау, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалауына ;

    -  Белсенді қарым-қатынас арқылы әртүрлі ұйымдармен бірлестіктерде өз мүмкіншіліктерін  жүзеге  асыруға жағдай туындайды.

    Қазіргі балалардың өмірі физикалық, психикалық, интеллектуалдық күшті талап ететін жарнамаға толы. Сондықтан баланың бойында жиналған мазасыздық пен шаршауды сейілту мақсатында олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білу өте маңызды. Бос уақыт аясында осыған дейін жұмсалған күшті қалпына келтіруге мүмкіндік туады. Ойын барысында балалар өздерінің іс-тәжірибесінде болған материалдарды шығармашылықпен пайдаланып, өрлей түседі. Зор белсенділікпен атқарылған шығармашылық іс-әрекеті баланың алдағы өміріне де өз ізін қалдырады

    Ойын бағдарламалары өзін өзгелермен салыстыруына, кемшіліктері мен жетістіктерін өз көзімен көруіне мүмкіндік береді. Қарым-қатынас нәтижесінде бала әлеуметтік межелер мен эталондардан бағдар ала отырып өзіне баға береді.

    Бос уақытты дұрыс пайдалану баланың танымдық әрекетін тереңдетуде маңызды орын алады. Балалар бос уақыттарында кітап оқиды, фильмдер қарайды, телехабарлар мен спектакльдер тамашалайды. Бос уақытта білімнің түрлі салаларынан көптеген жаңалықтар біле алады; көркемдік шеберліктерін кеңейтеді; тарихпен тереңірек таныса алады, қысқасын айтқанда әр саладан мол жаңалықтар жинай алады.

    Бейімдеу орталығы жағдайында тәрбиеленушілермен ойын ұйымдастыру барысында ойынға араласқан тәрбиеші баланың қызығушылығын бәсеңдетпеу үшін, қарсылас –серіктес бола тұра кейде жеңіліп, кейде ақыл сұрап отыруына тура келеді. Алдымен балаға қызықты және табысқа жетуге бағытталған, оларды тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін, ойынды таңдаған дұрыс.

    Баланың бос уақыты әртүрлі қызығушылық түрін – ағарту, шығармашылық, спорттық әрекетті қанағаттандыратындай жан-жақты болумен қатар бала әрекет түрін еркін таңдайтындай ойластырылуы керек.

    Әсіресе жаз мезгілі – балалардың айналадағы табиғат дүниесін еркін танып білуіне бірден бір қолайлы, тамаша мезгіл.

    Жаз – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және қимыл белсенділігін арттыруына және рухани өмірдің құндылығын бағалауына зор мүмкіндік туғызады.

    Жаз – бүлдіршіннң қауіпсіз және салауатты өмір салтының негізін меңгеру үшін өз қабілетін көрсетуде белсенділік танытып, айналасындағылардың құрметіне ие болуға мол мүмкіндік туғызады.

    Біздің айтпағымыз басқа жыл мезгілдерде көре алмайтын қызықты табиғат заттарды жаз мезгілінде толық көрсетілуі қажет. Таза ауа, саябақтың жасылдылығы, ормандар мен жазық жерлері – бұл барлығы балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен табиғатты қорғауға тәрбиелеуге, табиғат құбылыстарына қызығушылығын арттырады. Жаз балаларға табиғат туралы шыңайы көрініс беріп, балаларға логикалық түрде ойлану, бақылау әрекеттерін дамытады. Өсімдіктер мен жануарларға ұзақ уақытта бақылау жұмысы табиғатта барлық заттардың өзара байланысын анықтауға көмектеседі. Табиғат – тәрбие берудің ең негізгі факторы. Балаларға бұл факторды түсінікті етіп көрсету – мектептен тыс тәрбиелеу ошақтарының негізгі мақсаттарының бірі, балалардың өмірлерін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастырады. Күннің көп бөлігі ойындарға берілген. Балалар таңғы ас ішуге дейін, таңғы ас пен түскі ас арасында, кешкі мезгілде ойын ойнайды. Жаз уақытында ойындардың тақырыптары алуан түрі, бірақ бұл ойындардың ең негізгі мақсаттары балалардың денелерін дамыту, жақсы демалыс болып табылады. Тәрбиеші ойын барысында жыл бойы алынған білімдерін қайталатып бекіту, толықтыру жұмыстарын жүргізеді.

    Тәрбиешінің мақсаты – балаларды ойын ойнауды үйрету, өз білімдерін пайдалану, ойын материалдарын пайдалана алуын үйрету, ойын барысында дұрыс қарым – қатынас құру. Құм мен сумен ойындар арнайы орынды қажет етеді. Құм жүйелі түрде тазартылып, аптасына бір рет қайнаған сумен құйып, кешке және ойынға дейін су құйылуы қажет: құм таза және пластикалық болады. Сумен ойын ойнау үшін әр түрлі пішінді ыдыстар, ойыншықтар, пластмастан жасалған ыдыстар пайдалануға болады. Бейімдеу орталығы қызметкерлерінің мақсаты - жаз уақытында балалардың денсаулықтарын толық түрде сауықтандыру мен нығайту және әр түрлі қауіптілерден сақтап қалу. Бұл мақсат педагогтық, медициналық және қызмет көрсету қызметкерлермен бірігіп жұмыс жасау барысында жүзеге асады. Тәрбиеші ойындарды ұйымдастыру барысында балалардың іс – әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруы қажет, мысалы: жылдам қозғалыстарды қажет ететін ойындардан кейін байсалды ойындарды ойнау керек. Тәрбиеші балалардың күнге күйіп қалмауын, дене қалпыларын өзгертулерін қадағалап отыруы қажет, өйткені бала көп уақытта бір қалпында отырса, немесе жатса оның бел омыртқасы қисайып, тыныс алу мен қан айналымның қиындауы мүмкін екенін естен шығармауы тиіс.


    написать администратору сайта