Жазғы мектептің жұмыс жоспары. Бекітемін 7 мектепинтернаты кмм директорыны м а
Скачать 50.77 Kb.
|
Қарағанды облысы білім басқармасының Саран қаласы білім бөлімінің «№7 мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2021-2022 оқу жылының жазғы мектептің жұмыс жоспары Түсінік хат «№7 мектеп-интернаты» КММ 2021-2022 оқу жылы жазғы мектеп жұмысы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұсынымы бойынша 26 мамыр - 17 маусым аралығында барлық тілек білдірген білім алушылар үшін ата-аналарының өтініші бойынша ұйымдастырылады. Мақсаты: -оқыту сапасын арттыру; -шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру; -әр негізгі пән бойынша тиісті оқу материалын әр оқушының білуін қамтамасыз ету. ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ЖАЗҒЫ МЕКТЕПКЕ ҚАБЫЛДАУ Ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші Жазғы мектепте оқыту тегін Үлгерімі нашар оқушыларға баса назар аудара отырып сабақтарды ұйымдастыру Сабақтарға еркін формада қатысу ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН САҚТАУ Жазғы мектептің барлық қатысушыларына санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау туралы нұсқау беру Кіре берістегі температураны күнделікті өлшеу, маскалар Қолды жиі жуу Бөлмелерді ылғалды сүрту, желдету, кварцтау Бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ Әдістемелік бірлестіктерде пәндер бойынша ең күрделі тақырыптарды таңдау және олардың санын ТАЛҚЫЛАУ Оқытудың ОҢТАЙЛЫ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІН ТАҢДАУ (оқу материалын бекіту үшін) Бірлескен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын ҚҰРУ Білім алушыларға арналған ЖЕКЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР НЕГІЗГІ ПӘНДЕР БОЙЫНША, оның ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының,колледждердің студенттерін тарта отырып, КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР Құпиялылық режимінен шыққан PISA тапсырмаларын сабақтарда БЕЛСЕНДІ ҚОЛДАНУ Оқу сауаттылығы ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ («Оқитын мектеп») Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ Шаблондық алгоритмдерді қолданудың орнына ерекше практикалық-бағдарланған тәсілдерді іздей отырып, математикадағы күрделі есептерді шешу ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ МӘТІНМЕН ЖҰМЫС, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) Практикалық тапсырмаларды ОРЫНДАУ Жазғы мектепте сабақтар 1-6 сыныптар үшін 10 сағат апталық жүктемемен және 7,8,10 сыныптар үшін 15 сағат апталық жүктемемен негізгі пәндерден өткізіледі. 1-6 сынып білімалушылары 3 сабақта өздерінің қалаған пәндері бойынша жеке сабақ ала алады. Қамтылған пәндердің тізімі мен сағат сандары төмендегідей: Жазғы мектепте өткізілетін сабақтар саны (қазақ тілінде оқытылатын сыныптар үшін)
Жазғы мектепте өткізілетін сабақтар саны (орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін)
|