Бекітемін______________
Директордың ОТІЖ орынбасары
Қ.Щ.Еспаганбетова
« » _____________2022 ж «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ» КММ
(білім беруұйымының атауы) Сабақтың тақырыбы: «Айналайын, Ақ Жайық» толғауы
Бөлім:
| 1-бөлім. Туған жерім - аялы алтын бесігім
| Педагогтің аты-жөні:
| Ибрахимқызы Айдана
| Күні:
| 18.10.2022 ж
| Сыныбы: 6
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| «Айналайын, Ақ Жайық» толғауы
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
| 6.1.4.1 көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту; 6.2.3.1 шығармадағы көркем ауыстыруларды (троптарды: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау) анықтау.
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар үшін:
Көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Шығармадағы көркем ауыстыруларды анықтайды.
Кейбір оқушылар үшін:
Шығармадан метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градацияларды табады.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру. Топтастыру.
| Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
| Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
| Фигуралар салынған конверт
| Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сұрақтар:
1. Толғаудың «Айналайын, Ақ Жайық» деп аталу себебі неде?
2. Толғаудың түпкі мағынасы қандай?
| Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын қадағалайды.
Кері байланыс орнатады.
| Төмендегі жолдар өлеңнің идеясын аша ала ма?
Өлеңнің идеясы не?
Кетбұғадай билерден
Кеңес сұрар күн қайда?!
Еділдің бойын ен жайлап,
Шалғынға бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп-ойнап,
Қымыз ішер күн қайда?
| Дескриптор:
-Өз ойын түйіндейді.
-Өлең жазады.
Жалпы - 5 балл
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
| Жұптық жұмыс
| Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
| Толғамалы ақ балта
Толғап ұстар күн қайда?!
Алты құлаш ақ найза
Ұсынып шаншар күн қайда?!
Садақ толған сайгез оқ
Масағынан өткеріп,
Басын қолға жеткеріп,
Созып тартар күн қайда?!
Ақын неліктен ақ балта, ақ найза, сайгез оқты қолға алуды аңсайды? Ойыңды 4 сөйлем тәсілі арқылы жеткіз
| Дескриптор:
-Өз ойларын түйіндейді.
-Сипаттайды.
-Сыни үндеу жазады.
Жалпы - 5 балл
| Оқулық, жұмыс дәптерлері
| Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.
- бүгін сабақта қуантқаны.....
- мен өзімді.....үшін мақтар едім.
- маған ерекше ұнағаны.....
- сабақтан соң маған........келді
- бүгін маған..........сәті түсті.
- қызықты болғаны.....
- ......қиындық тудырды.
- менің түсінгенім.....
- енді мен......аламын.
| Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!
Жақсы!
Талпын! Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
| Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
|
Бекітемін______________
Директордың ОТІЖ орынбасары
Қ.Щ.Еспаганбетова
« » _____________2022 ж «Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖББОМ» КММ
(білім беруұйымының атауы) Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы қандай тауларды білесің?
Бөлім:
| «Таулар сыры»
| Педагогтің аты-жөні:
| Ибрахимқызы Айдана
| Күні:
| 04.10.2022
| Сыныбы:7
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Қазақстандағы қандай тауларды білесің?
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 6.О1.Мәтіндегінегізгі және жанама ақпартты анықтау,өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру.
6.ТБ1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба ауызша жұмыстарда орынды қолдану
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі және жанама ақпартты анықтау. Өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыра отырып,өз ойларын жеткізе білу. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба ауызша жұмыстарда орынды қолдану.
| Құндылықтарға баулу:
| «Мәңгілік ел »ұлттық идеясының құндылығы:
-Қоғамымыздағы ұлттық бірлік ,бейбітшілік пен келісім
-Оқушылардың бойында ұлттық және адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.
Орта білім беру құндылығы:
-құндылықтарға бағытталған тәсілдер арқылы оқушының бойында азаматтық жауапкершілікті,ұлттық бірлік пен елжандылықты дамыту.
| Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
«Шаттық шеңбері» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл-күй сыйлайды.
| Топқа бөлу.Сандар бойынша 2топқа бөлінеді.
1-топ «Сарыарқа»
2-топ «Мұғалжар»
| Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
| Сандар жазылған қималар, А4 қағазы,маркерлер,топ аттары жазылған қағаздар
| Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар беріледі:
.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| -Сен Қазақстанның қай аймағында тұрасың? -Сен тұратын жерде тау барма? -Қазақстандағы қандай тауларды білесің?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
| Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
| Мәтінмен жұмыс.
Оқылым
Мәтінді оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз
|
Қазақстанда Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау,Алтай,Жоңғар Алатауы,Тянь-Шань таулары бар.Сарыарқа таулары Орталық Қазақстанда орналасқан.Олар-ұсақ шоқылы аласа таулар.Орташа биіктігі -500-600м.Сарыарқаның ең биік нүктесі-Ақсораң.Ақсораңның биіктігі-1565м.
Мұғалжар- аса биік емес,тастақ таулар тізбегі.Ең биік нүктесі-Боқтыбай тауы.Биіктігі-657м.
Маңғыстау тауларына Қаратаудың батыс,шығыс жоталары,Ақтаудың оңтүстік, солтүстік жоталары кіреді.Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі-Қаратау Бесшоқы.Оның биіктігі-556м.
Қазақстанға алып Алтай тауларының бір бөлігі енеді.Алтай таулары Зайсаң көлі мен Байкал көлдерінің аралығында жатыр.Алтайдың ең биік шыны-Мұзтау(Белуха).Оның биіктігі-4506м.
Оңтүстік-шығыста Тянь-Шань таулары орналасқан.Орталық,Батыс,Солтүстік Тянь-Шань таулары Қазақстан жерінде жатыр.Ал Орталық Тянь-Шань Қытай,Қазақстан,Қырғызстан шекараларында орналасқан.Қазақстанның ең биік нүктесі-Хантәңірі.Оның биіктігі-6995м.
Жоңғар Алатауы Қазақстанның шығысында Қытай мен Қазақстанның шекарасында орналасқан.Жоңғар Алатауы Тянь-Шань тауларына жатады.Ол Алакөл мен Іле өзенінің аралығында.Орташа биіктігі-3580м.
Дескриптор: Жалпы-3 балл.
- Мәтінді толық оқу
- Мәтінде не туралы жазылғанын топпен қорғау
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
| Жеке жұмыс
| «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі аркылы ақпараттың дұрыс бұрыс анықта
| Оқиғалар:
1.Мұғалжар -аса биік емес,тастақ таулар тізбегі.
2.Олар-ұсақ шоқылы биік таулар
3.Ол Алакөл мен Іле өзенінің аралығында
4.Оның биіктігі-456м
Дескриптор:
Жалпы - 3 балл.
-Мәтіннің мазмұнын түсініп оқи алады ;
-Мәтіндегі ақпаратты анықтай алады;
|
| Мәтіннен сан есімдерді тауып, реттік және жинақтық сан есімдерді «Қос диаграмма» әдісі арқылы орналастыр
|
Дескриптор:
Жалпы-4балл.
- тапсырманы орындайды
| Оқулық, жұмыс дәптерлері.
| Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Жетістік баспалдағы» әдісі бойынша оқушылар өздеріне баға береді.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| «Кері байланыс бутерброды» әдісі арқылы оқушылардың сабақтан алған білімдерін жинақтау.
-Маған ұнады ..............................................
-Себебі .......................................................
-Келесі жолы .............................................
| Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды. СОнымен қатар, оқушыларды ынталандыру үшін
«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.
|
| Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
| «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
| Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
| |