Бөлім
| Алгоритмдеу және программалау
|
Педагогтың аты-жөні
|
|
Күні
|
|
Сынып : 10
| Қатысушылар саны:
| Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Жолдармен жұмыс жасау. Жолдық функциялар
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 10.5.1.2 жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды пайдалану
|
Сабақтың мақсаты
| Python тілінде жолдардың жазылу ережесін біледі Python тілінде жолдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функция қызметтерін біледі Python тілінде жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функцияларды қолданып есептер шығарады
|
Бағалау критерийлері
| жолдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функция қызметтерін анықтай алады жолдарды өңдеу түрлеріне мысал келтіреді жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функциялар жазылу ережесін біледі тізім құру ережесін біледі жолдарды өңдеуде процедуралар мен функцияларды қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
| |
Сабақ кезеңі
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Басы
15 минут
| 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгендеу.
3. Алдыңғы сабаққа шолу (жеке тапсырма)
Функция және процедура. LearningApps.
4. Лидер әдісі бойынша оқушыларды 3 топқа бөлу
5. Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстыру
Ұйымдастыру кезеңі
1) Тақырыпты ашу.
«Алтын балықтар» әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу. Алтын балықтарға арналған тапсырма: Мәтінді өңдеуді қажет ететін өмірлік мысалдар келтіру. Мысалы: телефонға пин-код қою барысында міндетті түрде төрт саннан тұратынын тексеру немесе почта адресі міндетті түрде @ таңбасы болуы және т.б. (Алтын балықтар топпен бірге алдымен мысалдар тізімін құрады кейіннен ортаға шығып кезекпен оқиды. Мысал кімде көп болады сол балық командасы жеңіске жетеді.)
2) Сабаққа шолу.
Практикалық демонстрация арқылы түсіндіру
Терминдер. Жолға қолданылатын функциялар мен процедуралардың қолдану барысын көрсету.
Қосымша 1.
Ерекше балаларға: Карточкалар арқылы оқыту. Quizlet.. https://quizlet.com/_9hb6il?x=1jqt&i=2cna3n
Қосымша 2.
| 1.Мұғаліммен сәлемдеседі.
2. Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
3.Қайталау тапсырмасын орындайды
4. Топтарға бөлінеді.
5. Жаңа тақырыпты тыңдайды.
|
Білу
Түсіну
Функционалдық бағалау(Креативті ойлау)
| Оқулық
75 бет. 3.6 тарау.
Алматыкітап 10 ЖМБ. Презентация
|
Ортасы
22
минут
| Қалыптастырушы бағалау ұйымдастыру.
Оқушыларға практикалық тапсырмаларды беру.
Бағалау критерийлері:
А деңгейі – 5 балл
+B деңгейі - 8 балл
+С деңгейі – 10 балл
Топтық қосымша балл:
2 балл – үздік топ
1 балл – екінші топ
0 балл – соңғы топ
А - деңгейі
Quizizz тест – жолдық функциялар қолдану нәтижелерін анықтау. Топтық жарыс. https://quizizz.com/admin/quiz/62c701a6d989ba001eac6705?source=quiz_page
Қосымша 3.
Дескриптор:
жолдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функция қызметтерін дұрыс атайды
B – деңгейі
Python программасында алгоритм жазу.
“String” сөзін ASCII кесте бойынша сандық кодтармен шығарыңыз. 99 114 101 97 116 101
ASCII кесте бойынша сандық кодтар тізбегі берілген. Жасырын сөзді табыңыз.
“INFORMATICS” жолы берілген. Жол индекстерін пайдалану арқылы берілген сөз арқылы келесі сөздерді шығарыңыз.
“FORMAT”
“NIS”
“MAC”
C - деңгейі
Күн жүйесіндегі планеталар туралы ақпарат табыңыз. Планета атауларынан тұратын жолдар тізімін құрыңыз. Тізімнің бірінші және соңғы элементтерін шығарыңыз. Жер планетасының тізімдегі орнын(Индекс әдісі) анықтаңыз.
| 1.Тапсырмаларды орындайды.
2. Топта жұмыс жасайды.
3. Тапсырма нәтижесін мұғалімге тексертеді.
4. Көмек қажет жағдайда мұғалімнен көмек Дескриптор:
жолдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функция қызметтерін анықтай алады жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функциялар жазылу ережесін біледі
жолдарды өңдеуде процедуралар мен функцияларды қолданады
сұрайды. Дескриптор:
жолдарды өңдеуге арналған процедуралар мен функция қызметтерін анықтай алады жолдарды өңдеу үшін процедуралар мен функциялар жазылу ережесін біледі
тізім құру ережесін біледі жолдарды өңдеуде процедуралар мен функцияларды қолданады
| Қолдану Мұғалім 10 балдық жүйемен бағалайды
Математикалық сауаттылық
Оқу сауаттылығы (Жаратылыстану-ғылыми)
|
|
Соңы:
8 минут
| 1. Топтарды бағалау. (1,2,3)
2.Рефлексия
«Плюс Минус Қызықты» әдісі.
Карточкаларды тарату.
Кері байланыс.
| 1. Оқушылар кері байланыс жасайды
2. Карточканы толтырады.
| Өзін-өзі бағалау
|
|