Главная страница
Навигация по странице:

  • Эльдар

  • Бейбарыс

  • Элдар

  • сөздері. Бекжан ассалаумаалейкм, Сй аа Эльдар (Сйінбай)


    Скачать 22 Kb.
    НазваниеБекжан ассалаумаалейкм, Сй аа Эльдар (Сйінбай)
    Дата21.12.2022
    Размер22 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласөздері.docx
    ТипДокументы
    #856459

    1-көрініс

    Бекжан: -Ассалаумағалейкүм, Сүй аға?

    Эльдар (Сүйінбай): - Уағалейкүмассалам, аман ба, балам? Баяғының жаушыларындай қос иығынан дем алуына қарағанда, жайшылық па?

    Бекжан: -Сүй аға, ешкімнен өлең қарызға сұрап көрмеген шапырашты едік. Сіз сырқаттанып келе алмаған соң, Құлмамбет екпін шыдатар емес. Бізден түскен ақынның бәрі жеңілді. Сізге де, мына Жамбылға да тіл тигізді. Есеміз кетіп барады. Құлмамбеттің жағына құм құйылсын. Көкірегінде намысы болса, тез жетсін деп Құдайберген Жамбылды шақыртып отыр.

    Эльдар: -Бұл өңірде Құлмамбетті бір сүріндірсе, Жамбыл ғана сүріндіруі мүмкін. Нағыз сынға түсетін кезің енді келді, Жамбыл. Өзің шеш.

    Ернұр: (Жамбыл)-Әрине, жол сіздік еді, аға! Ел намысы сынға түскен кезде, тәуекел! Алдымда Алатаудай мына сіз, артымда қалың ел тұрған кезде мен неден тайсалайын.

    Эльдар: -Бәрекелді! Құлмамбет айлакер, кәнігі қасқыр ақын. Аңдысын аңдып бақ! Орайы түсті-ау деген кезде бұғалығыңды тастап жібер. Ол сенікі. Ал жолың болсын.

    Ернұр: -Айтқаныңыз келсін.

    Эльдар: -Аттаныңдар.

    2-көрініс

    Бейбарыс: -Бәрекелді, Жамбыл келді!

    Бекжан: -Ойпырым-ай, Жамбылдың өзі келді!

    Эльдар: -Қалт жібермей, қағып түсер бұл Жамбыл!

    Бейбарыс: -Құлмамбетке бұзақыны жеңу қиын емес!

    Айтыс

    Арман: (Құлмамбет)

    Үндемей кіріп келдің тайпақ қара,

    Өзің қандай, мен қандай байқап қара.

    Үлкенге сәлемің жоқ, аманың жоқ,

    Не басыңа күн туды дүзі қара? (халықтың шуы, күлкі естіледі)

    Эльдар: -Әй, сабазым-ай, қатырды! Жамбыл не дер екен?

    Ернұр (Жамбыл):

    Қызғанша айғай шығып, едім салғыр,

    Сөйлесең, әр немені тілің шалғыр;

    Келген жерден сөйлейсің тура тістеп,

    Қалайша шайқақтайсың, тәңірі алғыр?

    Сөйлесем өлеңімді түптен бермен,

    Құйылар сөз нөсері көктен, жерден.

    Мылтықта түтеп тұрған мен бір оттық.

    Асықсаң ажалына келші бермен.

    Арман:

    Осыны түлен түртті, құдай тағала,

    Жапанда жалғыз қурай болмас пана!

    Ерлік пенен байлықтан сөз қозғасам,

    Көткеншектеп қашарсың, байғұс бала. (шу, күлкі)

    Қалайша боп отырсың ырғай мойын.

    Аз кідірсең болады сенің тойың.

    Жалпы Дулат бұл жақта жата тұрсын,

    Бабаның қаптатайын қалың қойын.

    Тұра тұр тағы айтайын көптігімді,

    Көптікті айтсам үзем шеттігіңді.

    Шапырашты күйіңмен байлық айтып,

    Ерлікпенен көрсетпе ептігіңді.

    Ернұр:

    Еш нәрсе қанша айтқанмен ете алмайсың,

    Бұлтарып мен тұрғанда кете алмайсың.

    Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

    Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

    Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

    Оны мақтап сандалмай, жөніңе қайт!

    Арман:

    О, жазған, Албан бай ма, Дулат бай ма?

    Бабаны айттым, тұрсын деп Дулат жайға.

    Сенің еліңнің адамы байғұс екен:

    Қазынаны ойлаған Дулаттай ма?

    Жеті мың қой қорада шулап жатыр,

    Бес мың құлын желіде тулап жатыр.

    Он түйеге көшкенде жамбы артады,

    Абекемнің тіккені жібек шатыр.

    Бұл жерден сені жеңбей кетемін бе?

    Ақшаға толтырамын етегіңді.

    Албан жағы тоқтасын мұныменен,

    Қасқараудан салайын Өтегенді.

    Баласы Өтегеннің Нұрақан бай,

    Білемісің мың жылқыны жатыр қандай.

    Сатыбалды, Естемес, Алмақ, Салмақ,

    Бәрін бірдей айтамын біржолата-ай!

    Ернұр:

    Сұраншы, Саурық батырым,

    Шеніне дұшпан келмеген.

    Ақ кіреуке жамылып,

    Ат кетпеген кермеден.

    Садағын белге байланып,

    Жауға қылыш сермеген.

    Қамын ойлап халқының,

    Тар кезеңде бермеген,

    Тоятын тілеп алыстан,

    Тұғырда тұрып жем жеген. (ай иии)

    Барайын енді аяңдап Сыпатайға,

    Айтпай оны кетпеймін тегі жайға;

    Ұлы жүздің тірегі батырым ғой,

    Бір болмаған ығай мен сығайыңа,

    Қайыры қарашыға сондай жақсы.

    Қандырар сусындатып қант пен шайға,

    Байлық, бақыт тек оның ерлігінде,

    Ерлікпен ел намысын берді кімге?

    Өңкей сасық байларың сен мақтаған

    Қолдарынан түк келмей жүр өмірде.

    Бұл сөзді мұнда тастайын,

    Сабыр қылып саспайын.

    Теріскей тұрсын жайына,

    Күнгей жақтан бастайын.

    Ол күнгейді жерлеген,

    Желмая мініп желмеген,

    Өрге салсаң өрлеген,

    Жер жәннәтін жерлеген,

    Байтелі, Қумен, Дәулетті,

    Жапек пенен төртеуі

    Бәрі ерлер әулетті.

    Аспанға қолын сілтегем.

    Көтерілсе талайым,

    Түстік жерге тоқтамай,

    Орынсыз мылтық оқтамай,

    Өтеген, Қазбекке барайын.

    Сол жерде жатқан Өтем деп,

    Атамыз қылған мекен деп,

    Ыбырайымның алты ұлы,

    Алтауы да арыстан.

    Дұшпандарын жанышқан,

    Қазақтың қамқор ерлері,

    Қарулымен қағысқан,

    Азулымен алысқан.

    Уа, Құлмамбет, сөз тыңда!

    Байларым деп салмақтап,

    Не қыласың құр мақтап

    Өңкей надан есекті.

    Елдің сиқын кетірген

    Кәсіп қып өтірік-өсекті.

    Мен сөйлесем, қаларсың,

    Ашылмас тұман ескекке.

    Баймын деп сендей тасыман,

    Кедеймін деп жасыман!

    Берекелі елді айтам,

    Ел тұтқасы ерді айтам,

    Басымнан сөз асырман!

    Арман:

    Барайын Қасқарауда Бекет байға,

    Тарпаң мен Тоқсейіттей байың қайда?

    Саралалы көп жылқы өзінде бар

    Қожамберді атасы Телдітайда.

    Сұлтан жатыр Шоқпардың қайқысында,

    Жазған-ау, өлер жерді өзің ойла.

    Барайын Жолсейітте Шоранбайға,

    Шомалақ пен Шәкейдей байың қайда?

    Эльдар: -Ал кәне, есеңді жіберме, Жамбыл!

    Бекжан: -Беу де, Жамбыл!

    Ернұр:

    Жақсылық, жамандықты тексереді,

    Кім жүйрік, кім шабаны екшеледі.

    Елімнің ерлігімен мақтанамын,

    Сырт дұшпан көрген бізді сескенеді.

    Жалғыз-ақ сен болмасаң, таз Құлмамбет,

    Қай ақынға бұл Жамбыл дес береді.

    Батыр Саурық, Сұраншы жаудан елген,

    Халық үшін шәйіт боп жанын берген.

    Елді қорғап өлгеннің арманы не?

    Шапырашты, Дулаттың бәрі куә,

    Шытыр жеген өгіздей аунап өлген.

     Мақтаған байларыңның оңғаны жоқ,

    Төңіректің төрт бұршын жалмап өлген.

    Түлен түртіп отыр ма, таз Құлмамбет,

    Керікқұл мен Сақаудан аз, Құлмамбет.

    Алақандай басыңнын, бір қылы жоқ,

    Боласың неменеге мәз, Құлмамбет?!

    Құлмамбет, мен білемін, түбің Уақ,

    Арқадан кісі өлтіріп келдің шұбап.

    Басыңды осы арада кесіп алсам,

    Кісі жоқ қылмысыңнан алар ақтап.

    Үстіңе жайдың оғын жайлатармын,

    Екі қолыңды артыңа байлатармын.

    Арада кісі өлтірген қашқын жүр деп

    Жұртыңа здавайттап айдатармын.

    Арқадан ауып келген ақтабансың,

    Елді алдап, ақынмын деп мақтанасың.

    Албанның таз баласы Құлмамбет деп,

    Дүйсенбай, Сәт, Мәңкелер ақтап алсын.

    Элдар: -Жамбыл жеңді!

    Бекжан:- Құлмамбетті ойсырата жеңді!

    Бейбарыс: -Қанша қасқыр болса да, Құлмамбетің қақпанға түсті!

    Эльдар: -«Сөзімнің қыл сыймайды арасына» деген Құлмамбеттің өзін сүріндірді-ау біздің Жамбыл!

    Бейбарыс: -Бәрекелді, дұрыс айтасын! Бұл айтыс Жамбылдың атын алты алашқа жаятын болды!

    Ернұр: (ақырын музыка)

    Он жаста ойнап жүрдім бала болып,

    Өлеңге бөлдім көңіл алаң болып.

    Райыттап тана мініп, қозы бақтым,

    Еңбекті иемденгенде шама келіп.

    Он бесте-ақ домбыраны алдым қолға,

    Тең басқан төрт аяғын болдым жорға.

    Он алты желі ұзатты, өрістетті,

    Түскендей бұлтартпайтын даңғыл жолға.

    Өмірмен араласқан өсті Жамбыл,

    Ел басқан отты, суды кешті Жамбыл.

    Құлыннан құнан да өрлеп, дөнен де өрлеп,

    Шыққандай бола қалды бесті Жамбыл.


    написать администратору сайта