Белсенді саяхат түрлерінде тәсілдік өңдеуді құрудың тәсілі мен мазмұны Белсенді туризмнің әдісі мен тәсілдері Белсенді туризм Белсенді туризм – көптеген демалу түрінің бір түрі болып есептеледі. Белсенді туризм түрлері жай туристер ортасында үлкен танымалдылықта болып жүр. Шаршағанды басуға көмектесетін тек қана жағажайдағы демалу емес, сонымен қатар созылған жүйке-жүйе мен физикалық төзімділікте көмектеседі. Көптен көп адамдар таулардың сұлулығын, шығанақтарды, сарқырамаларды көргісі келеді, таулы өзендерде жүзгісі келеді, тау шаңғысымен немесе жылқымен жүргісі келеді және осы арқылы белсенді туризмге туристер үйрене бастайды. Көп уақытта белсенді туризм табиғатқа немесе спортқа тікелей қатысты болып келеді. Белсенді туризм және табиғатта демалу – табиғатқа жақын белсенді туризмнің түрі – қазіргі уақытта танымал экологиялық туризмімен ортақ жақтары бар. Себебі, жайлылықтан бас тартады және табиғатта көлікті қолданудан.[1].Белсенді туризм бұл шаңғы, ат, велосипедті пайдалану арқылы пайда болған туризм түрі болып табылады. Жалпы алғанда белсенді туризмнің екі негізгі түрі бар: активті дәне пассивті белсенді туризм. Бұлай болып бөлінуі саяхаттау жәе демалу барысында қолданылатын құралдардың түріне, олардың болу-болмауына байланысты болып келеді[1]. - Туризм техникасы дегеніміз – туристік маршрутта кездесетін кедергілерден өту әдістерінің жиынтығы және осыларға сәйкес құрал-жабдықтарды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолдана білу.
- Әртүрлі табиғи кедергілерді өту кезіндегі туристер білу қажет:
- 1. Сол бара жатқан маршруттың ерекшелігін білу.
- 2. Кедергілерді өту кезіндегі әдістерді жатқа білу.
- 3. Сол маршруттағы қажет болатын жабдықтарды толықтыру.
- Туризм тактикасы дегеніміз – қойылған мақсатқа адам күшін, қаржысын, жабдықтарын, уақытын, мүмкіндігінше аз мөлшерде жұмсап және қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз етіп, шаралар мен әрекеттер жиынтығын қолдану. Сонымен қатар, тактика – маршрут жолымен өту үшін қажетті құралдармен әрекеттер жиынтығы.
- Белсенді туризмнің тактикалық зерттелуі – жорық кезіндегі мақсаттағы қолданылатын қаражат одан басқа туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрал-жабдықтар жазған құжат.
Спорттық туризм түрлері. Жаяу туризм, шаңғы туризм, тау туризм, тау шаңғы туризм, альпинизм су туризм, су асты туризм, спелеотуризм, желкенді ескекті туризм, салт атты туризм, вело туризм, агротуризм, дельтапланды туризм, мотоциклді туризм, жүгіру туризм.Спорттық туризм.Спорттық туризмге спорттық мақсаттары басым болатын туристік шаралар жатады. Спорттық туризмнің спорт түрлерінің барлық белгілері: жарыстар, ережелер, спорттық дәрежелер және оларға қойылатын талаптар бар.Тау шаңғы туризмі.Тау шаңғы туризмінің тарихы Норвегияда ХІХ ғасырда басталды.ҚазақстандаАлматы маңында Шымбұлақ, Кімасар, Көкжайлау, Табаған, Ақбұлақ тау шаңғы орталықтары орналасқан, сонымен қатар, Шығыс Қазақстан, Көкшетау, Ақмола, Қарағанды облыстарында да бірлі-жарым орындар бар.Дайв-туризмАғылшын тілінен аударсақ, бұл судың астына сүңгу. Дайвинг Жак-Ив Кусто мен инженер Э.Ганьян ойлап жасаған автономдық акваланг (1945 ж.) арқасында пайда болды.Экстремалды туризмБұл сегментке әлемнің туристік нарығының 10 % жатады. Экстремалды туризм дамуының себептері – мораль мен талғамдардың өзгерісі, қауіпті нәрсені есірткі сияқты аңсау, атаққұмарлық. Экстремалдық туризмге тәуекелді қажет ететін скайсерфинг, трекинг, хели-ски, фри-райд, рафтинг және басқа спорт түрлерін жатқызуға болады. Спелеотуризмерекшеліктері: жер астындағы маршруттардың қиын, күрделі болуы, жоғары салыстырмалы ылғалдылық (100 % дейін), ауаның төменгі температурасы, қараңғылық. Белсенді саяхаттардың түрлері Белсенді туризм– маршрут бойынша белсенді түрде яғни өз күшін жұмсап қозғалып өтетін туристік саяхаттардың барлық түрлері. Белсенді туризмге өзіндік туристік саяхаттардың көптеген түрлері жатады. Белсенді туризмнің мақсатыжорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Жорық мақсаттарын атап шықсақ, олар мынадай: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу (экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздестіру-құтқару мақсаттары. Спорттық жорық мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу. |