Главная страница
Навигация по странице:

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • «Қоғамдағы аралас неке зардабы» ҚазҰПУ Берікбай Қаламқас docx. Берікбай аламас Бауыржанызы Абай атындаы азПУ, аза филологиясы (Психология), 2 курс студенті ылыми жетекші р бжМ профессоры, Р А профессоры Асылханова М. А. оамдаы аралас неке зардабы


    Скачать 25.98 Kb.
    НазваниеБерікбай аламас Бауыржанызы Абай атындаы азПУ, аза филологиясы (Психология), 2 курс студенті ылыми жетекші р бжМ профессоры, Р А профессоры Асылханова М. А. оамдаы аралас неке зардабы
    Дата14.02.2022
    Размер25.98 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла«Қоғамдағы аралас неке зардабы» ҚазҰПУ Берікбай Қаламқас docx.docx
    ТипДокументы
    #361940


    Берікбай Қаламқас Бауыржанқызы

    Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ филологиясы (Психология), 2 курс студенті

    Ғылыми жетекші: ҚР БжҒМ профессоры, ҚР ҰҒА профессоры Асылханова М.А.

    «Қоғамдағы аралас неке зардабы»

    Соңғы он күндікте елімізде, әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған бұл жағдайға бей жай қарай алмадым.Бұл жағдай- аралас неке мәселесі.Қазақ қызының нигериялық азаматқа тұрмысқа шығып,өз бақытын өзге ұлттан табуы барша қазақ елінің назарына ілікті.Бұл тұста қазақ елі жақтаушылар мен даттаушылар болып екіге бөлінді.Даттағаным емес, барлық әйел адам бақытты болуға лайық, дегенмен, заман өзгерді дей бермей неге адамның өзгергеніне мән бермеске? Біз, қазақ ұл- қыздары, асылдың сынығы,тектінің ұрпағымыз, махаббат өз алдына, жастық шақ өз алдына қан тазалығын, ұлттық құндылықтарымызды сақтай білмесек ұлт болашағы не болмақ? Жыл сайын жүз мыңнан астам жұптың некесі қиылса, оның жиырма мыңы аралас некеге тән екен. Әрине, таң қаларлық дүние емес дегенмен, аралас некенің көбеюін қалай түсінеміз?

    Меніңше, аралас некенің көбеюі – бұл қоғам экономикасының және мәдениетінің жан-жақты дамуының көрсеткіші. Адамдардың  материалдық  және  рухани  қажеттілік-терінде,  талғамдары мен өзара қатынастарында, әртүрлі халық өкілдерінің мінез-құлқы мен психологиясында оларды жақындастыратын ортақ белгілерінің қалыптасуында. Яғни, ұлтқа, текке қарап емес, материалдық ортақтастыққа, жанның еркіндігіне қарай таңдау жасау. Былайша айтқанда, патриоттық сезімге қатысы жоқ жалпы адамзаттық құбылыс.

    [ Мәселен,кейбір қоғамдық ұйымдардың зерттеулеріне назар аударатын болсақ, 18-20 жастағы қазақстандық қыздардың үштен бірі шетелдік жігітке күйеуге шыққысы келеді екен. Бұл бойжеткендердің 50%-ы қазақ қыздары. Шетелдік азаматтармен аралас неке құрушылардың 50%-ы ресейліктердің үлесінде болса, келесі орында – Қырғызстан мен Өзбекстан. Бұл ағайындар соқа басы жұмыс іздеп келіп-ақ, қазақ қыздарын біртіндеп құшып жатыр. Мәселен, Нұрсұлтан қаласының өзін қарасақ, құрылыста жүрген түрік бауырлардан туып қалған жиендер жүздеп емес, мыңдап саналады. Түріктерге тоқалдыққа тиіп кетіп, басы сыймай қайтып келген қазақ қыздары қаншама?! Қуанатын жағдай емес... Соңғы бір мәліметтерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда тұрмыс құрмаған 350 мыңға жуық қыз бар. ] Олардың біразы мансап қуып уақытын өткізіп алса, біразы «көк етікті кездеспей, көн етіктіні менсінбей» жүргендердің бірі. Айналып келгенде бұл аралас некенің бастауы отбасында қазақы тәрбиенің жетіспеушілігіне әкеп соғатын мәселелердің бір ұшының осында жатқанын байқаймыз. Жеті атаға дейін қыз алып, қыз беріспейтін қазақтың бойжеткендерінің жат құшақты сағалап кетуіне отбасындағы ұлттық моральдың әлсіздігі үлкен себеп деп білемін.Бірінші себеп:отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілуі.Тәрбие тал бесіктен отбасыдан басталады емес пе сол себептен де бұл тәрбие ұлттық құндылықтарға толы болуы керек деп білемін.

    Екіншіден, тектілік феномені. Осы тұста Жәнібек ханмен болған оқиғаны сөзге тиек ете өтсем: [ Бірде Жәнібек хан ғұлама ғалым Өтебойдақ Тілеуқабылұлынан «Қандай ауруды емдеу қиын?», – деп сұрағанда емші: «Тұқым қуалайтын ауруды емдеу қиын»,-деп жауап беріпті. «Оның алдын алуға бола ма?» - деген ханның екінші сұрағына Өтебойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өзара қыз алыспауы керек. Жеті – қазақ үшін қасиетті сан»,- деген екен. Сол кезде Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесілсін!» деген жарлық шығарыпты. ] Міне, даналық қараңыздаршы, ДНК-ның не екенін білмеген данышпан бабалардың әлемдегі ең қаны таза ұлт санатына жатуының бірден бір себебі осы емес пе? Мысалы, дамыған, әлем танитын Еуропа елін айтайыншы,қазіргі танда Еуропа елдерінде тұқымның тексізденіп бара жатқанын байқаған генетик ғалымдар үш атадан үзілмей аралас некеден туған ұрпақтың белсіздікке ұшырайтынын ашып айтуда.Мұның сырын зерттеушілер – белсіз еркектер өздерінің қай ұлтқа жататындығын білмегендігімен байланыстырады. Бұл биология ғылымындағы жылқы мен есектің буданынан қашырдың дүниеге келетінін, қашырдан кейін еш ұрпақ болмайтынын еске түсіреді. Түйіп айтқанда, қандас жақын адамдардың қойындасуы мен аралас неке еуропалықтарды тұйыққа тіреуде. Міне, қараңыз, ал осы тұста қазақ елі сонау жылдар бойы қан тазалығы мен ұлт тектілігін сақтай отырып, соны жылдар бойы біле отырып, жат жұрттықтардың етегінен ұстаған кәсіби білікті, көптілді, көрікті қаракөздеріміздің саны жылдан-жылға өсіп жатыр.Сайып келгенде, әлемдік жаһандану бізге де ауыз салды. Мұндайда «жақсыны жатқа жібермеген» бабалар ұстанымын еске түсірсем деймін. Сөзімді тұжырымдасам, қазақтың бекерден-бекерге жеті атаны сұрамайтындығы, мұның шын мәнінде генетикалық қорғаныс екендігін айтқым келеді.

    Үшіншіден, неге қазақ қыздары деген сұрақ? Шетелдіктер нені көздейді?

    Сонымен, белең алып отырған аралас некенің астарында қандай себептер болуы мүмкін? Бұл жерде жүрек мәселесін,махаббат шексіздігін сөзге тиек ететін,оны алға алып жүгіретіндер баршылық. Мүмкін, махаббат дегеніңіз ұлт, жас  таңдамай бара жатқан қоғамда ғашықтыққа кінә арту қисынсыз болар? Бірақ, дегенмен... Қазақ қыздарына үйлену – Қазақстан Республикасының азаматтығын ала алмай жүрген шетелдіктер үшін таптырмас тәсіл дер едім.Әрине, бұл менің ойым.Бұл ойыма негіз болған, ол қоғамда болып жатқан жағдайлар. Көздегеніне қол жеткізген мінсіз күйеу балалардың, артына нәсілі бөлек жиендерді тастап қыр асып кеткені туралы әңгімені қай облысқа барсаңыз еститініңіз мәлім.Алысқа бармай-ақ, шетел инвесторларының шоғырланған жері Атырауды алайыншы, Атыраудың өзінде біз білмейтін, сыбырлап қана айтылатын сорақылықтар қаншама.Ол бір Атырауда ғана емес, еліміздің солтүстіктігі болсын, оңтүстігі болсын,тіпті батыс пен шығысын қарасаңызда болатын және болып жатқан жағдай.Дегенмен, бұл тұста көңілі жарасып, қосағымен қоса ағарып кеткендердің де баршылық екенін жоққа шығармаймын. Бірақ, оларға тиген қазақ қызы да, олардан туған балалардың ұлты қандай болмақ? Не таза қазақ емес, не өзге ұлт емес,бұл екі қосынды ,ауыр айтсам кешіре көріңіздер,өзінің қандай ұлт екенін,өзінің тегін білмейтін дүбара халықтың пайда болуына себеп емес пе? Ақыры, бұл жағдайларға қарсылық тудыра алмайды екенбіз, тыйым салынбағанмен, заң жүзінде қандай да бір шараларды қолға алатын уақыт жеткен секілді. [ Мысал үшін айта өтейін, алты миллионға жуық халқы бар ішкі моңғолдардың этникалық құрамын қараңыз, қатты өзгерген. Қытаймен қаны араласпай таза сақталғаны бір миллионға жетер-жетпес. Қараңыз: өзінің ана тілі бар,  көнеден келе жатқан ұйғыр текті моңғол жазуы бар, ұлан-ғайыр тарихы бар бір этнос аралас некенің нәтижесінде құрдымға бет алды. Ал, Перу мемлекетіндегі жаужүрек тайпа кечуалардың қалай мәңгүрттенгенін тарих өзі дәлелдеп отыр. Метистер құрған мемлекеттің келешегі ешқашан жарқын болмақ емес.Бұл ащы шындық,тарих нәтижесінде көрініс алып отыр емес пе? Францияда екі француздық үйленсе, олардың балаларына кәмелет жасқа дейін ай сайын 2000 евро есепшотына түсіп тұрады екен. Ал, егер некеге тұрғандардың бірі өзге ұлт өкілінен болса, мемлекет тарапынан берілетін жәрдемнен құр алақан қалады. Ал,Америкада көші-қонға жауапты орган аралас некелерді зерттеп, егер оның жалған неке екенін анықтаса, ажыратып жібереді екен. ] Біздің елімізде мұндай органдар қашан ашылмақ екен? Оны уақыт еншісінде қалдырдым...

    Қорытынды ойымды мынадай халық даналығымен аяқтасам:

    [«Ер бұзылса - отбасы бұзылады,
    Əйел бұзылса - ұлт бұзылады». ]

    Еліміз зайырлы демократиялық мемлекет,елімізде неке кодексі өзге ұлттармен шаңырақ көтеруге тыйым салмайды. Ислам дініде де ұлтқа бөлінушілік жоқ. Бірақ, болады екен деп қыздарымыздың өзге ұлт жетегінен,ерлеріміздің өзге ұлт қолынан ұстауы ұлттың тазалығында болатын ұлы патриоттық сезімге сызат түсіреді деп ойламайсыз ба? Патриоттық құндылығы жоқ елдің ертеңі күмәнді. Тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін таза сақтаудың қаншалықты маңызды екендігін ұрпақ санасына кішкене кезінен миына тоқытсақ деймін,мұндағы қыз тәрбиесінеде жіті мән берейік.Меніңше, қыз тәрбиесімен үйреншікті үгіт, жалаң насихаттан гөрі, жаңаша бір көзқараспен айналысатын уақыт жеткен сияқты.  Әйтпесе, аралас некенің көбеюінен ұлт ретінде жойылып кеткен халықтар қатарынан шықпауымызға кім кепіл... [ «Ұлтыңды тәрбиелеймін десең ұлыңды тәрбиеле, қоғамды тәрбиелеймін десең қызыңды тәрбиеле» ] деп, аз сөздің аясына мәні зор салмақты ойды сыйғызған халқымыздың дана дәстүрімен бүгінгі қоғамның заманауи жастарын тәрбиеге сала білейік.

    Пайдаланылған әдебиеттер:
    1.Неке туралы заң. Қазақстан Республикасының Заңы 2011 жылғы 26 желтоқсан ҚР 3.

    2. Астана телеканалы. «Айтарым бар.Күйеу жүз жылдық» бағдарламасы. https://youtu.be/sMWeCgpzrCQ

    3. «Жастар ел ертеңі» Егемен газеті. 2015ж.

    4. Өтебойдақ Тілеуқабылұлының 7 атадан қыз алыспау заңы.


    написать администратору сайта