Главная страница

қазахский язык Алия. Бесікке салу


Скачать 456.5 Kb.
НазваниеБесікке салу
Дата06.04.2022
Размер456.5 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлақазахский язык Алия.docx
ТипДокументы
#447613

Бесікке салу:

Шілдехана өткеннен кейін баланың әкешешеесі бесік тойын жасайды.Ағаштан жасалған бесікті баланың нағашылары немесе жасы үлкен, қадірлі аналардың бірі әкеліп,сыйға береді.Оның себебі сәби де пен байланысты.Баланы бесікке салу рәсімін бесік сыйлаған анаға тапсырады.Ең алдымен бесікке салушы әйел бесіктің өзін жыншайтандырды қуу үшін, түрлі иістерден арылту үшін өтпен аластап шығады.содан кейін көрпешелер мен жастықшалары баптап салады.Баланы жатқызып,бөлейді.Қолбау,белбеу және аяқбаумен тартып байлап қояды.Әйел тілектерін айта отырып бесіктің үстіне алдымен көрпе жабады.Бала халықшыл болсын деп тон.шапан жабады,атжалын тартып мінсін деп қамшы іледі,көзтимесіе деп тұмар тағады,қырындай көрген болсын деп бүркіттің тұяғын байлайды.Тойға келгендер шашу шашып,балаға батасын береді.



Қырқынан шығару:

Туғанына қырық күн толғанада баланы қырқынан шығарады.Қырық күн өткеннен кейін баланың өмірінде жаңа кезең басталады деп есептеледі.Қазақ халқының ұғымында қырық саны-қасиетті сандардың бірі.Қырқынан шығаруға жиналған әйелдер баланы теңге,сақиналар салынған тегешке шомылдырады.Әйелдердің үлкені {Отыз омыртқан жылдам бекісін, қырық қасық су құяды.Сақиналарды баланы шомылдыруға қатысқан әйелдер бөліседі.Келесі кезекте баланың шашын,тырнағын алады.Шашын шүберекке түйіп,киімнің иығына қадайды. Тырнағын адам баспайтын жерге көмеді. Бала қырқынан шыққанға дейін киген ит жейдесіне тәттілерді түйіп, иттің мойнына байлап қоя береді.Балалар итті қуып жетіп,тәттілерді бөліседі.Баланы қырқынан шығару дәстүрін бесік тойымен бірге өткізу жиі кездеседі.



Тұсау кесу:

Тұсау кесу-сәби қаз кейін тез, жығылмай, сүрінбей жүріп кетсін, болашағы жарқын болсын деген тілекпен жасалатын дәстүр. Арнайы дайындалған ала жіппен баланың аяғын тұсап байлайды. Ала жіппен тұсаудың негізінде {Болашақта бала ешкімнің ала жібіна аттамасын!} деген тілек бар. Тұсау кескен әйелге баланың әке – шешесі арнайы сыйлық береді.Тұсауы кесілген баланы екі адам екі қолынан ұстап тез жүгіртеді.Баланың алғашқы қадамына арналған той қызу әнгірмемен, ән-күймен жалғасады.


написать администратору сайта