1 сынып Түсінік хат. Біл і м т у ралы
Скачать 33.6 Kb.
|
Түсінік хат 2021-2022 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастыру кезінде «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып,келесі нормативтік құжаттар негізінде жасалды: - «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) ҚР БҒМ (бұдан әрі – ҚР БҒМ) 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (өзгерістермен және толықтырулармен 2020 жылғы 28 тамыздағы №372 бұйрық) - «Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2021-2022 оқу жылындағы ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат; - Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық тасымалдау құралдары тізбесін бекіту туралы»(ҚР БҒМ 2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрығы); - «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығы; - «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығы; «ҚР БҒМ 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығының 14-тармағында бастауыш сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің атауы «Цифрлық сауаттылық» болып өзгертілді. Пән мазмұны мен оқу жүктемесі өзгертілген жоқ. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген №496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына(4-қосымша) өзгерістер енгізілді). 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-сыныптар үшін, 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2 сыныптар үшін, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап 3 сыныптар үшін, 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап 4 сыныптар үшін қолданысқа енгізілетін көрсетілген қосымшаға қосымшада бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспардың 7 және 21-тармақтары; Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытуда білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытудың белсенді формалары мен әдістері қолданылады. Ұғымдарды жақсы түсіну үшін өмірде жиі кездесетін нақты мысалдармен байланыстыру ұсынылады. Бастауыш мектепте «Цифрлық сауаттылық», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәндерінен бөлімдер мен тоқсан бойынша жиынтық бағалаулар жүргізілмейді. Жартыжылдықтар соңында «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша «есептелді» («есептелмеді») қойылады. Білім алушы оқыту мақсаттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаған жағдайда «есептелді» қойылады. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту 2020 жылғы 27 қарашада бекітілген № 496 «ҚР БҒМ кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізілетін болады (2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына (188-2к қосымша), 2019 жылғы 26 шілдедегі № 334 бұйрығына(4-қосымша) өзгерістер енгізілді). "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқыту мақсаты – білім алушыларды компьютер құрылғысы, ақпаратты ұсыну және өңдеу, Интернет желісінде жұмыс істеу, есептік ойлау, робототехника мәселелері бойынша заманауи ақпараттық технологияларды практикада пайдалану үшін базалық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. "Цифрлық сауаттылық" оқу пәні бойынша сабақтарды тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі: 1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар); 2) мұғалімдер мен білім алушылардың құрылғылары мен қарым-қатынасы арасында деректермен алмасуды қамтамасыз ететін кең жолақты Интернетке жоғары сапалы ашық қатынас желісі; 3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; 4) робототехникаға арналған жиынтықтар."; 1-сыныптағы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны білім алушылардың алгоритмдік ойлау қабілетін ойын программалау ортасында қалыптастыруға, робототехника жиынтығының негізгі компоненттерімен таныстыруға, қарапайым роботтар жинауға және оларды басқаруға бағытталған. 1-сыныпқа арналған "Цифрлық сауаттылық" оқу пәнінің базалық мазмұны: 1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі; 2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері; 3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу; 4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус)."; Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Цифрлық сауаттылық» пәні, 1-сынып Аптасына: 0,5 сағат, барлығы: 17 сағат
|