Главная страница
Навигация по странице:

  • Білім алушы игере білу керек

  • Күкіртсутек газымен улану.

  • Алғашқы көмек.

  • Күкірт қышқылымен улану.

  • Сірке қышқылынан (эссенциядан) улану

  • Ауыр металл тұздарымен улану.

  • Сынап (ІІ) хлоридімен (сулема)

  • Мыс (II) сульфаты (тотяйын),күміс нитраты

  • Дәрілік заттармен улану.

  • Ауырсынуды және дене қызуын басатын дәрілер (

  • Алкоголь сугорраттарымен уланғанда көрсетілетін көмек.

  • Метанолдан уланғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

  • Алкогольмен улану жағдайлары.

  • Күн өту және ыстық өтудің белгілері

  • шұғыл жағдайдағы бірінші көмек. Шұғыл жағдайлар (улану, күн өту, үсу, күйік). Білім алушы білу керек


    Скачать 0.66 Mb.
    НазваниеБілім алушы білу керек
    Анкоршұғыл жағдайдағы бірінші көмек
    Дата16.04.2021
    Размер0.66 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаШұғыл жағдайлар (улану, күн өту, үсу, күйік).docx
    ТипДокументы
    #195427

    Білім алушы білу керек:

    Жедел улану синдромдары (аспен улану,улы газбен улану, сілтімен, қышқылдармен, ауыр металл тұздарымен, дәрі-дәрмектермен, алкоголь және оның суррогаттарымен улану) – улану түсінігі, түрлі генездің клиникалық көріністері. Қызып кету синдромы.Қызба, ыстық және күн өту туралы түсінігі,олардың себептері,клиникалық көріністері. Қатты тоңу синдромы. Үсік туралы түсінік, себептері, клиникалық көріністері.Тәуелсіз шұғыл мейіргерлік араласу ережелері, пациенттің актуалды және потенциалды мәселелері, болуы мүмкін асқынулар.

    Білім алушы игере білу керек:

    Әр түрлі оқыс жағдайларда науқас жағдайын бағалау, диагностика және дәрігерге дейінгі көмек.Мейіргерлік күтімді ұйымдастыру: жедел улануларда, қызбада, қызып кету синдромы, күн өту синдромы, қатты тоңу, үсік, сілтілермен, қышқылдармен, дәрі-дәрмектермен, ауыр металл тұздарымен, алкоголь және оның суррогаттарымен улану. Болуы мүмкін асқынулардың алдын алу. Биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтау.Қолданылған материалдарды жою.


    Улану – сыртқы ортадан (ауыз,тыныс алу жолдары,тері жабындылары, әртүрлі қуыстарына тік ішек,құлақ,және басқалар арқылы) түсетін шығу тегі әртүрлі улы заттардың (өнеркәсіп пен тұрмыста қолданылатын химиялық заттар,өсімдік және жануар текті токсиндер,жауынгершілік уландырушы заттар т.б.) ағзаға әсер етуінің нәтижесінде туындайтын патологиялық үрдіс.Уланудың екі түрі бар: эндогенді және экзогенді.

    Эндогендік – ол ағзада токсиндердің әсерінен пайда болған улану. Экзогендік улану – экзогендік факторлар әсерінен болатын улану түрі. Экзогендік факторлар нәтижесінде пайда болады.Улану түрлері:



    Дәрі-дәрмектермен улану Ауыр металдар әсіресе сынап тұздарымен улану.

    Иісті газбен улану
    Иісті газбен улану

    Иісті газдан улау – адам организміне ену салдарына дамитын патологиялық жедел жағдай. Ауада отынның толық жанбауы кезінде иісті газ пайда болады.Пештегі түтін шығу жолдарын алдын ала жабу кезінде пайда болады.Яғни,химиялық тұрғыдан қарағанда көміртек (IV) оксиді көмірмен қайтадан әрекеттеседі,себебі оттегі жеткіліксіз.Осының арқасында көміртек (II) оксиді пайда болады:

    2C + CO2 = 2CO↑

    Улы газдың аса қауіптілігі – иісі мен түсінің жоқтығы.Улану белгілерін анықтау қиын.

    Клиникалық белгілері.Көзден жас ағу, бас ауруы және бас айналу, әлсіздік,жүрек айну,құрғақ жөтел,сананың шатасуы,құрғақ жөтел, көру есту елестерінің болуы,терінің гиперемиясы,миоз,анизокория, тұншығу, салдану,жүрек қызметінің күрт нашарлауы,команың дамуы.Улану симптомдарын сезінген кезде дереу сыртқа шығару кажет.Ауыр жағдайларда жүректің тоқтауы ықтимал.Зардап шегушіні дереу ауруханаға жеткізу керек.

    Алғашқы көмек.

    1.Иісті газ көп жиналған жайдан жапа шеккен адамды алып шығу,киімінен босату.

    2.Мүсәтір спиртін аз уақытқа иіскету (спиртті тампон мұрынға 1см артық жақындатылмайды,тампонды мұрын тұсына желпілдеткен дұрыс, бұл өте маңызды,себебі мүсәтір спиртін өте жақын иіскегенде тыныс жолдарының параличі болуы мүмкін).

    3.Денені ысқылау,аяғына жылытқыш қою.

    4.Науқас ессіз жағдайда болса,жүрек-өкпе реанимациясын жүргізеді. 5.Уланудың барлық түрінде науқасты госпитализациялау керек,өйткені біраз уақыттан кейін өкпе мен нерв жүйесінде асқынулар болуы мүмкін. Иісті газбен орташа және ауыр деңгейде уланған,әсіресе ессіз жатқан науқастарды емдеудің таңдаулы әдісі – гипербариялық оксигенация ГБО.
    Күкіртсутек газымен улану.Бұл көп жағдайларда күкірт зауыттарында (күкірт қышқылын өндіру,пиритті балқыту өнеркәсібі т.б.) кездесуі мүмкін. Газ көбінесе түссіз,иісі – шіріген жұмыртқаның иісіне ұқсайды.

    Клиникасы. Газбен адам дем алғанда бірден уланады.Бас айналу бас ауруы сезіледі,тұншығу пайда болады.Бұл кезде қан қара түске айналады.Себебі,қан құрамындағы темір күкіртсутекпен әрекеттесіп, тұнба түзеді:

    Fe2+ + S2- = FeS↓

    Осы реакциядан кейін оттегі тасымалдануы қиындайды,эритроциттер химиялық гемолизге ұшырайды. Алғашқы көмек.Науқасты тез арада таза ауаға шығару қажет.Көп жағдайда жүрек-өкпе реанимациясын жасау керек.
    Қышқылдармен улану

    Осы топқа қышқылдардың оттекті және оттексіз,органикалық түрлері жатады.Жиі кездесетін әсіресе тұрмыста сірке қышқылымен улану байқалады.Басқа қышқылдармен көбінесе лабораторияда жұмыс істегенде болуы мүмкін.

    Күкірт қышқылымен улану.Көбінесе онымен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтамаған жағдайда кездеседі.Әсіресе концентрациясы жоғары болғанда(98% H2SO4) тері қабатын бірден күйдіреді,көзге шашырауы мүмкін.Бұл жағдайда күйген жерді таза суға шаю керек.

    Азот қышқылымен улану.Улану көбінесе химиялық лабораторияда кездеседі.Оқушылардың дұрыс қолданбауынан да болуы мүмкін.Теріге жанасқанда бірден күйдіреді.Ең қауіптісі – азот қышқылын жарық жерде сақтауға болмайды! Себебі,ол ыдырап улы газ азот (IV) оксидін түзеді. Бөлінген газ қоңыр түсті,өткір иісті көзге зиянды әсер етеді,дем алғанда қандағы гемоглобинді азайтады.Егер азот қышқылы қолға жанасса,бірден ағынды суға шаю қажет.Қышқылды ұзақ сақтауға болмайды.

    Тұз қышқылымен улану.Улану көбінесе лабораториялық жағдайда және өндіріс орындарында кездесуі мүмкін.Тұз қышқылы теріге жанасқанда күйдіреді.Оны өндірістік және лабораториялық жағдайда алғанда ең бірінші хлорсутек газын синтездейді.Хлорсутек өткір иісті,тұншықтырғыш қасиеті бар.Уланғанда бірден таза ауаға шығару керек. Сірке қышқылынан (эссенциядан) улану.Күйдіретін улармен тұрмыстық жағдайда улану жағдайы бірінші орында.Бұл аталған заттың қолға оңай түсуімен байланысты.(Тұрмыста жиі тамақ өнеркәсібінде қолданатындықтан сатып алу оңай).Бұл қышқыл өзінің химиялық құрылымына қарай липидтерді қатты еріткіш ықпалы бар және тез сіңірілетін қышқыл. Алғашқы көмек.Ауыз қуысын,сілекей мен сілемейден тазарту керек,егер науқаста өңеш пен асқазанның перфарациясы болмаса,зонд арқылы күйдірілген магнезия ерітіндісімен 1л құстыруға болады.Зонд арқылы жуу мүмкін болмаса 3 сағат сайын эмульсия енгізеді,оның құрамына 200мл 10% шемішке майын анестезин 2,0 кіреді.Ауырсынуды басу үшін промедол,атропин,папаверин енігзеді.Эпигастрий аймағына мұзды мұйық қойылады.Науқас ессіз жағдайда реанимациялық шаралар қолданылады.
    Сілтілермен улану

    Улану көбінесе үй жағдайында,өндірісте кездеседі.Құрамында сілтісі бар химиялық заттар тұрмыста медицинада,электролит күйінде,тыңайтқыштар дайындау үшін қолданады.Интоксикация удың іш қуысына немесе оның буы тыныс жолдарына түскенде де болады. Сілтілерге натрий гидроксиді NaOH,калий гидроксиді КОН,кальций гидроксиді (әк) Ca(OH)2 және т.б. жатады

    Белгілері: 1.Еріннің,ауыз қуысының шырышты қабаттарының күюі. 2.Ауыз қуысында,өңештің күюінде қатты ауырсынулар болады. 3.Жүрек айну,құсу болады. 4.Сілекейдің көп бөлінуі. 5.Қатты су ішкісі келуі. 6.Көмейдің күюі,жұтынудың қиындауы.

    7.Қан аралас диария. 8.Тыныс алу функциясының бұзылуы. 9.Жүрек жұмысының бұзылуы.

    Терісіне түскенде қатты күйеді,көзге түскенде ісік,коньюктивит,көрудің бұзылуы дамиды.Асқынулары асқазан перфорациясы мен өңештің,іш қуысына қан кету.

    Алғашқы көмек. 1.Дәрігерді шақыру. 2.Теріге түскенде,уды көп сумен жуады,киімін шешеді. 3.Ауыз қуысын сірке қышқылымен,лимон шырынымен шаяды.Ол сілтіні бейтараптайды.Сірке қышқылымен реакциясы:

    2KOH + 2CH3COOH = 2CH3COOK + H2O

    4.Тамағына жылы компресс қою.Лимон қышқылы немесе сірке қышқылын 6-10 л сумен алғашқы 4 сағатта жуады.

    5.У көзге түскенде 15 мин бойы салқын сумен жуып,новокаин ерітіндісін тамызамыз.

    Жасауға болмайды: 1.Асқазанды жумай тұрып құстыруға; 2.Ішекті босататын дәрілерді қолдануға болмайды; 3.Асқазанды ас содасымен жууға болмайды, себебі ол сілтіні бейтараптамайды; 4.Асқазан тесілгенде оны жууға,су ішкізуге болмайды; 5.Карбол қышқылы,фенол,лизолмен уланғанда сүт,май ішуге болмайды. Күйдірілген магнезий қосылған су ішкізеді. 6.Ауырғанды азайту үшін асқазан тұсына мұзды мұйық қойылады.
    Ауыр металл тұздарымен улану.

    Ауыр металл тұздарына мыс,никель,қорғасын,кобальт,сынап,мырыш, қалайы қосылыстары жатады.Көбінесе ең қауіпті улану – ол сынап тұздары.Себебі,сынаптың барлық қосылыстары улы.Оның ішінде медицинада қолданылатын қосылыстары да бар.

    Сынап (ІІ) хлоридімен (сулема) улану көбінесе көп мөлшерін қолданғанда тері-шырышты қабаттарды күйдіреді.Бұл медицинада өте улы болғандықтан емшараға көп қолданылмайды,тек дезинфекциялаушы зат ретінде онда да аз мөлшері (0,1%) қолданылады.

    Мыс (II) сульфаты (тотяйын),күміс нитраты улану көбінесе емшара кезінде көп мөлшерін қолданғанда болуы мүмкін.Мыс сульфатын коньюктивит кезінде 0,1 немесе 0,25% ерітіндісін көзге тамызады,ал күміс нитратын жаңа туған нәрестелерге бленнореяның алдын алу үшін көзге тамызады.Улану ерітінді құрамындағы тұздың концентрациясына байланысты.



    Сынап хлориді. Дәрілік заттармен улану. Дәріні дұрыс сақталмаған,балаларға қолжетімді жерде сақталған отбасындағы балалар дәрімен уланады.Ересек адамның,улануы дәрінің дозасын байқамай асырып ішкенде,суицид жағдайында және есірткіні қолданған кезде болады.Улану түрлері әртүрлі болып келеді және дәрінің түріне байланысты болады.

    Ауырсынуды және дене қызуын басатын дәрілер (бутадион,анальгин,промедол,аспирин,және т.б.) дозасын асырып ішкенде ОЖЖ тежеу және қозу процестері бұзылады,капилляр кеңейеді және дене жылуды интенсивті түрде бөле бастайды.Бұл жағдайда дене қатты терлейді,әлсіздік пайда болады,адамның ұйқысы келеді.Бұндай жағдай адамды терең ұйқыға,кейде тыныс алуы бұзылған ессіз күйге әкеліп соқтырады. Жиі улану ұйықтататын дәрілердің дозасын асырып ішкенде дамиды (барбамид,небутал және т.б.) Адам уланған кезде ОЖЖ терең тежелуі байқалады.Ұйқы адамды ессіз күйге ұшыратып,ол кейін тыныс алу орталығының параличіне ауысады.Науқастың терісі бозарған,демі үстіртін және сирек,ырғақсыз,шулы болады.Есірткімен уланған адамның басы айналады,жүрегі айниды,әлсіздік,құсады,ұйқы пайда болады.Есірткінің дозасын асырып қолданғанда адам терең ұйқыға кетеді,ессіз күйге ұшырайды.Бұдан кейін тыныс алу және жүрек- қантамырлар орталығының параличі пайда болады.Терісі бозарады,ерні көгереді,көздің қарашығы кішірейеді.

    Антибиотиктермен улану кезінде көбінесе жұқпалы ауруларда кең спектрлі антибиотиктер:левомицетин,тетрациклин т.б.қабылдағанда тоқ ішектің қалыпты микрофлорасы бұзылады яғни,дисбактериоз пайда болады.Осыдан кейін иммунитет төмендеп кетуі мүмкін.Оны болдырмау үшін ең алдымен материалды алып,ондағы қоздырғышты оны қоректік ортада өсіріп,арнайы антибиотиктердің қайсысы тиімді әсер ететінін анықтап,содан кейін науқасқа тағайындалады.

    Алғашқы көмек. Уланған адамды емдеу мекемесіне дереу жеткізген жөн.Науқастың есі сақталса,биігірек жатқызып,түймелерін ағытады.Науқасты басын бір жағына бұрады,ауыз қуысындағы құсық пен сілекейден тазалайды,есін жинауға мүсәтір спиртін иіскетуге болады.Есі сақталған адамның асқазанын жуып,оны белсенді құстыру керек.Зондсыз әдіспен де бірнеше рет қайталап жууға болады.Сүт беруге болмайды,ол улы заттың ішекке тезірек өтіп,удың шығарылуы қиындайды.Адамның тыныс алуы және жүрек қызметінің бұзылған жағдайында реанимациялық шараларды жасау керек.
    Тағамдық уланулар

    Тағамдық уытты жұқпа.Ет өнімдері сапасыз азық-түліктердің(ет,балық, шұжық өнімдері,еттен және балықтан дайындалған консервілер,сүт және сүт өнімдері-крем,балмұздақ және т.б.) жеген кезде астан улану тағамдық уытты жұқпа пайда болады.Осы азық-түлік құрамында бар микробтар және олардың тіршілік қалдықтары-токсиндер ауруды тудырады.Еттен және балықтан улану сапасыз немесе инфекцияланған азық-түліктерді жеген кезде болады.Ауру симптомдары залалданған азық-түлікті жегеннен кейін 2-4 сағат ішінде пайда болады. Ауру кенеттен басталады жалпы әлсіздік пайда болады,жүрек айниды, адам көп рет құсады,іші бүріп ауырады,сұйық сілемейлі,қан аралас нәжіс пайда болады.Улану күшейеді.АҚҚ төмендейді,тамыр соғуы жиілейді және әлсірейді,тері бозарады,адам шөлдейді,дене қызуы көтеріледі (38-39 С).Егер науқасты көмексіз қалдырса,мұндай кезде жүрек қантамырлық жеткіліксіздік өте жылдам дамиды,бұлшық ет құрысып,тарылады,коллапс пайда болады,адам қайтыс болады.


    Алғашқы көмек. 1.Асқазан сүңгі арқылы асқазанды дереу жуу керек және адамды құстыру керек,көп мөлшерде су ішкізу,кейін тіл түбірін тітіркендіреді. 2.Асқазанды таза су құсқанша жуу керек. 3.Науқастың өзі құсқанда оған көп мөлшерде суды беріп тұру керек. 4.Ешбір тамақты жеуге болмайды (1-2 тәулік ішінде).Бірақ суды көп мөлшерде ішіп тұру тағайындалады.

    5.Жіті мерзімде (асқазанды жуғаннан кейін) ыстық шай мен кофе ішуге болады. 6.Науқастың айналасына жылытқышты салып оны жылыту керек. 7.Сульфаниламидтерді дәрігердің тағайындауы бойынша (сульгин,фталазолды 0,5 грамнан күніне 1 рет) немесе антибиотиктерді ішке қабылдау жазылып кетуге көмектеседі.

    8.Науқастың нәжісін және құсығын залалсыздандыру керек. 9.Зәбірленген адамға жедел жәрдем көмегін шақырту немесе емдеу мекемелеріне жеткізу керек.

    Саңырауқұлақпен улану. Саңырауқұлақпен улану улы саңырауқұлақтарды,сонымен қатар жеуге жарамды,бірақ бүлінген саңырауқұлақтарды жеген кезде пайда болады. Ең улы саңырауқұлақ – жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар.Бір саңырауқұлақты жегеннен адам қайтыс болуы мүмкін.Саңырауқұлақты суда қайнатқан кезде оның құрамында болуы бар улы заттектер жойылмайтынын есте сақтау керек. Уланудың алғашқы белгілері бірнеше сағаттан кейін белгілі болады.Дененің жалпы әлсіздігі фонында сілекей ағады,жүрек айниды, адма көп рет құсады,түйіліп қатты ауырады,адамның басы ауырады,айналады.Іш өте бастайды,нерв жүйесінің зақымдану симптомдары пайда болады.Көру қабілеті бұзылады,адам сандырақтайды,галлюцинациялар,қозғалыс қозуы,құрысқақ пайда болады.



    Алғашқы көмек.

    1.Науқастың асқазанын зонд арқылы калий перманганатының әлсіз (қызғылт түсті) ерітіндісімен жуады немесе жасанды әдіс көмегімен адамды құстыру керек.Ерітіндіге адсорбенттерді қосқан пайдалы белсендірілген көмір,карболен.

    2.Бірнеше рет тазарту клизмасын қояды. 3.Науқасты көрпемен жауып,айналасына жылытқыны салып,ыстық шай,кофе береді.

    4.Науқасты дәрігерлік көмекті көрсетілетін емдеу мекемесіне дереу жеткізу керек.

    Алкоголь сугорраттарымен уланғанда көрсетілетін көмек. Барлық алкоголь бұйымдарының ішінде этил спирті бар.Бірақ адамдар сапалы алкоголь бұйымының орнына оның сугорраттарын ішіп қоятын жағдай жиі кездеседі.Сугорраттарды 2 топқа бөлуге болады:құрамында этил спирті бар сугорраттар,құрамында этанол жоқ сугорраттар. Бірінші топқа бутил спирті,гидролиз спирті,сульфат спирті(олар ағаштан алынады) денатурат,одеколондар,лосьондар кіреді.Бұл заттардың әсерінен спиртті қабылдаған адамның терісі мен сілемейлі қабаты көк түске боялады.Бұл топтағы сугорраттармен уланғанда ауру жайлы аяқталады. Екінші топқа метил спирті,этиленгликоль кіреді.

    Метанол өте уытты. Торқабықты,көру нервтерін, бүйректі зақымдайды.Оны қабылдағанда эйфория сезімі және масандық әлсіз білінеді.Бірақ жүректі айнытып құстыртады.Уланғаннан бірінші тәулікте ақ науқас көру қабілетінің нашарлағанын сезеді (көз алды қарауытып,тұманданады) тіпті көзі көрмей қалуы да мүмкін.Бірақ метанолмен улану көрсеткіштері -1-2 тәуліктен кейін білінеді.Денеқызуы 38С-қа көтеріледі.Одан кейін ступор,кома,аяқ-қол параличі дамиды.

    Метанолдан уланғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем.

    Зардап шеккен адамды шұғыл түрде асқазанын жуып,жедел жәрдемді шақыру керек,себебі оны госпитализациялау керек.Асқазанды жуған соң антидоттық терапия өткізу қажет.Егер науқас есінен айырылмаған болса,оған 100мл 30 % этил спиртін ішкізу керек.Бұл әрекет ағзадағы метанол алмасуын бұзады.Асқазанды 3 күн бойы жуу керек,метанол ағзадан асқазанның сілемейлі қабығы арқылы шығады.Егер зардап шегуші ес-түссіз болса,көмекті реанимациялау қажет.

    Этиленгликольден улану.Асқазан ішек жолдарына тез сіңеді.Удың 60% бауырда тотығып,уытты заттектер түзеді.Осы уытты заттектер бауыр мен бүйректің функциясының жіті жеткіліксіздігі дамиды.Уланудың ауыр түрінде дистрофиялық процестер орталық нерв жүйесінің жасушаларында дамиды.

    Алкогольмен улану жағдайлары.Алкогольді көп мөлшерде қабылдаған кезде өлімге әкеп соқтыратын улану болуы мүмкін.Этил спиртінің өлім дозасы дененің 1кг салмағына 8грамм құрайды.Алкоголь жүрекке тамырларға, асқазан-ішек жолдарына бүйрекке,әсіресе ОЖЖ әсер етеді.
    Күн өту және ыстық өту

    Күн және ыстық өту-организмге қызу өтуден пайда болатын сырқат.Балаларға,етженді адамдарға,жүрек-қантамырлары ауруларымен,ауырған адамдарға қызу өткіш келеді.Әсіресе,шақырайған сәулеге басты қыздырғанда күн өтеді.



    Күн өту көбінесе ыстық қапырық ауадан және күн көзінде көп жүруден болады.Әсіресе,ыстыққа төзімсіз,ауыр дене еңбегімен айналысатын адамдарға күн тез өтеді.Жабық бөлмеде де жоғары температураға және ауаның ылғалдылығы жоғары болғанда да (ыстық цехтарда жұмыс істегенде) ыстық ұруы мүмкін.

    Күн өту және ыстық өтудің белгілері Сырқаттың жеңіл дәрежелі түрінде: 1.Әлсіздік;

    2.Бас ауыру; 3.Жүрек айну; 4.Дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі;

    5.Дененің терлеуі; Сырқаттың орташа дәрежелі түрінде: 1.Еңсенің түсуі; 2.Бастың қатты ауруы; 3.Лоқсу және құсу; 4.Құлақтың бітуі; 5.Қорғаншақты қозғалыс; 6.Дем алу мен тамыр соғуының жиілеуі; 7.Кей кездері талып қалу. Сырқаттың ауыр дәрежелі түрінде: 1.Естен тану; 2.Дененің қалшылдауы; 3.Ой-сананың бұзылуы; 4.Сандырақтау; 5.Елестеушілік; 6.Үстіртін дем алу және жиілеуі; 7.Тамырдың соғуы 1 минутта 120-140 рет; 8.Дене қызуының көтерілуі 41-42 С; 9.Зәр мөлшерінің азаюы.

    Күн өту және ыстық өту салдарынан қояншық ауруының ұстауы,бас сүйек ішіндегі қан қысымының жоғарлауы,психикалық және т.б.өзгерістердің болуы байқалады.

    Алғашқы жәрдем Күн өту және ыстық өту белгілері білінгенде дереу дәрігер шақырып немесе ауырған адамды жақын маңдағы емханаға жеткізген жөн.Дәрігер келгенше науқасты көлеңкеге немесе салқын бөлмеге жатқызып,үстіндегі тар киімін шешу керек.Басына,шүйдеіне,қолтығына мұз салынған немесе салқын су құйылған грелка қойған жөн.Науқас адамды ылғалды ақжаймамен орауға да болады,сусынды-тұзды салқын суды,салқын шайды,кофені көбірек ішкен дұрыс.Ыстыққа ұрынған адамның тыныс алуын күшейту үшін мүсәтір спиртін иіскетеді,оттегін жұтқызады,денесін ысқылайды.Дәрігер келгенге дейін бір шай қасық кордиамин 10 проценттік кофеин ерітіндісінің 2 ампуласын ішкізуге болады.Егер тыныс алуы қиындай түссе,қолдан дем алдыру керек.

    Алдын алу.Күн өту және ыстық өтудің алдын алу үшін ауа райының ыстық кезінде жеңіл,қимыл қозғалысқа бөгет жасамайтын ашық түсті киім кию қажет.Ақ түс Күн сәулесін шағылдырады,нәтижесінде күю пайда болмайды.Жағажайда дем алғанда сақ болған дұрыс,ұзақ уақыт бойы күн көзінде жүруге және қапырық бөлмеде отыруға болмайды.



    Күн өту кезіндегі көмек.
    Үсік,үсік шалу

    Үсу,үсік шалу – ызғар немесе төменгі температураның ағзаға жергілікті әсер етуі.Егер суықтың әсер етуі дененің жалпы температурасының төмендеуімен қатар жүрсе,онда ағзаның қатып қалуы мүмкін.Үсу кезінде дененің зақымдалған жерінде шамалы ауырсыну,шаншу мен ашу байқалады.Бұдан кейін бұл сезінулер жоғалады да,жансыздану пайда болады.Тері бозарады,немесе көкшіл реңге ие болады.Тіндердің зақымдану тереңдігіне қарай үсудің 4 дәрежесін ажыратады:жеңіл (I), орташа (II),ауыр (III),өте ауыр (IV).Үсудің бастапқы белгілері кезінде дененің үсіген жерлерін қолмен немесе жұмсақ матамен жақсылап уқалау,онымен бір мезгілде саусақтарды,табанды білезікті белсенді қимылдарға келтіру керек.Егер мүмкіндік болса аяқ-қолдың үсіген жерлерін бөлме температурасындағы (+18,+20 С) жылы суға салу және оны біртіндеп ыстық су қоса отырып, +37 С-қа дейін жеткізу,онымен бір мезгілде аяқ пен қолды абайлап уқалау керек.Жылытып алғаннан кейін теріні спиртпен сүрту және таңғыш таңу керек.Үсудің кез келген дәрежесінде терінің зақымдалған жерін қармен үйкелеуге болмайды.




    Тоңу

    Тоңу дене температурасының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүреді.Әлсіздік пайда болады,қозғалыс баяулайды.Мұндай күйдеі адам әдетте ұйықтап кетеді және есінен танады.Дене температурасы төмендегеннен тыныс алу және жүрек қызметтері әлсірей бастайды.Зардап шегушіні құтқару үшін оны дереу жылы үй жайға апарып жылытып,уқалау шараларын жүргізу қажет.Тәтті ыстық сусындар беріледі.Мүмкіндік болса су температурасы +36,+37 С болатын жылы ванна да пайдалы болады.Спиртті ішімдіктер ішуге болмайды,ол зардап шегушіге үлкен зиян келтіруі мүмкін.Есінен танған,тыныс алуы сиреген,тамыр соғуы жоқ болған кезде жан сақтау шараларын жүргізу керек.



    Қатты тоңу белгілері












    У




























    Л




























    А




























    Н




























    У



















    1.Ызғар немесе төменгі температураның ағзаға жергілікті әсер ететін процесс

    2.Көзден жас ағу бас ауру,бас айналу,әлсіздік тыныстың тоқтауы қай белгіге жатады?

    3. Ет өнімдерімен,азық-түлікпен улану қалай аталады?

    4.Ағзаға токсиндердің әсерінен пайда болған улану

    5.Дене температурасының айтарлықтай төмендеуімен қатар жүретін процесс


    написать администратору сайта