Главная страница

автобус мусиндеу. Білім беру саласы Шыармашылы Оу ызметі Аппликация


Скачать 21.71 Kb.
НазваниеБілім беру саласы Шыармашылы Оу ызметі Аппликация
Дата28.03.2022
Размер21.71 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаавтобус мусиндеу.docx
ТипДокументы
#420869

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Оқу қызметі: Аппликация.

Тақырыбы: «Автобус».

Мақсаты: Балаларды көлік туралы және олардың түрлерімен таныстыра отырып, автобус туралы мағлұмат беру. Үлгіге қарай отырып, автобустың бөлшектерін жапсыра білу дағдыландыру.

Әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру, сөздік жұмыс, дидактикалық ойын.                   

Көрнекіліктері: Автобус суреті, тақырып, үлгі суреттер, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, ақ парақ, көліктер түрлері, бағдаршам.

Оқу қызметінің кезеңдері

                                 Тәрбиешінің қызметі

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

- Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Қараңдаршы, бізге  көп қонақтар, апайлар келіпті. Келіңдер шаттық шеңберге тұрып сәлемдесейік.

Шаттық шеңбері:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

- Жарайсыңдар, балалар өз орындарымызға жайғасайық.

Балалар шеңберге тұрып, педагогтің іс-әрекетін қайталап, қимыл –қозғалыспен орындайды.

Ұйымдастыру

шылық –ізденушілік

 

 

 

 

 

 

 

- Балалар, қазір жылдың  қай мезгілі?

- Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қазір қыс мезгілінің қай айы?

- Қыс мезгілінде ауа-райы қандай  болады?

- Қандай өзгерістер болады?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар!

- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер жауабын ойланып отырып  шешуін табыңдар.

                  Жұмбақтар:

Құстан аумайды,

Көкте зулайды.   

                             (Ұшақ)

Арқасында ауыл жүр,

Ала тайым  шауып жүр.

                                (Автобус)

- Балалар, ұшақ, автобус,жүк машина, жеңіл машинаны т.б бір сөзбен көліктер деп атайды.

Суретпен жұмыс:

Балалар - көліктер әуеде, суда, жерде жүретін болып үшке бөлінеді.

- Әуе көліктеріне қандай көліктер жатады? ұшақ, зымырант.б)    

- Ал су көліктеріне  қандай көліктер жатады?  (кеме, қайық)       

- Ал  жер көліктеріне қандай көліктер  жатады? (жеңіл машина, автобус, жүк көлігі, трамвай,тролейбус) 

- Бұл көліктердің  бәрін арнайы  мамандар жүргізеді. Көліктердің пайдасы адамның уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Көліктердің адамдарға пайдалы жағы да, зиянды да жағы  бар.

Пайдасы: адам баратын жеріне тез жетеді.

Зиянды жағы: көліктерден бөлініп шығатын газдар мен түтіндер ауаны ластайды.

Ауаны тазарту үшін жыл сайын көктемде  ағаштар , гүлдер  отырғызылады.

- Балалар жүк көліктері жүк тасиды,бірі  адам тасиды. Адам таситын көліктің түрі автобуспен танысайық.

Суретпен жұмыс.

- Үлкен қалаларда үлкендер, яғни адамдар жұмысқа, балалар мектепке, бір қаладан екінші қалаға қыдырып автобуспен  барады.

- Балалар, сендер автобусты көрдіңдер ме, кім көрген?

- Автобус туралы қандай тақпақтар білеміз, кім айтады?

Тақпақтар:

 

 

 

 

 

   

 

 

- Ендеше балалар менің қолымда  автобусқа қараңдаршы.Осы автобустың құрылысымен танысайық.

1-нші жүргізуші отыратын кабинасы, жолаушы отыратын орындықтар.

2-нші терезелері.

3-нші дөңгелектері.

-Ал , балалар автобус туралы түсінікті болса, онда түрлі түсті қағаздан  автобустың макетін қиып, жапсырайық.

Балалар жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсірейік: қайшыны ұстағанда бір-біріне сілтемеңдер және қолдарыңды кесіп алмаңдар. Пайдаланып болған соң, үстел үстіне қойыңдар. Желімді ауызға салуға болмайды, пайдаланып болған соң, қақпағын жауып қоямыз.

  Жұмыстың жүру барысы.

1. Автобус құрылыстарын түгелдеп қиып алу.

     - Балалар шаршаған шығарсыңдар сергіту жаттығуын жасайық.      

                Сергіту жаттығуы.

Қане қанат жазайық.

Ұшақ болып ұшайық.

Ұшып–ұшып алайық,

Қайта келіп қонайық.

- Ал балалар, қырқып дайындаған автобус бөліктерін  жапсырайық.

1. Үлгі бойынша алдымен негізгі бөлігін жапсыру.

2. Дөңгелектерін жапсыру.

3. Терезелерін жапсыру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

 Балалардың жапсырған жұмыстарын қарастыру.

Тәрбиеші:

- Жарайсыңдар, балалар жұмыстарыңды жақсы жасадыңдар.

- Балалар көліктердің жол ережесін бағдаршам реттеп отырады.

- Бағдаршамда қанша түс болады, білесіңдер ме?

- Ойын ойнағыларың келе ме?

Дидактикалық ойын: «Бағдаршам»

Ойын шарты: ортаға  балалар екі топқа бөлініп шығып , екі бала автобус жүргізушілері болады, қалаған балалар  екі автобус ішіндегі жолаушы болады, тағы екі бала ортаға шығып  бағдаршам болады.Бағдаршамда қандай түс көрсетілсе, сол түске қарай қимыл жасап, екі жүргізуші екі бағытта  жүріп өтеді. Жүргізуші жүріп орнына жайғасады.

-Ой жарайсыңдар,балалар ойынды  керемет ойнап шықтыңдар.Ал енді орнымызға жайғасайық.

Балалар тәрбиешінің  сұрақтарына жауап береді.

 

 

 

 

Жұмбақтардың шешуін табады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттен көргендерін айтып, сұрақтарға жауап берді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сезім:

Автобусқа мінемін,

Қалаларды көремін.

Көрген әсем жерлерді,

Есіме сақтап жүремін.

               Мереке.

Автобус алға зулайды,

Бағыттан еш аумайды.

Зыр айналар дөңгелек,

Көлік бізге ең керек.

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін бірге қимыл қозғалыстар жасайды.

 

 

 

Балалар педагогтің нұсқауымен жапсыруды жүзеге асырады.

 

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Рефлексиялық

Түзетушілік.

Рефлексия:

- Қандай көлік түрлерін білесіңдер?

- Әуе көліктеріне не жатады?

- Су үсті көліктеріне нелер жатады?

- Жер беті көліктеріне нелер жатады?

- Бүгінгі ашық оқу қызметінде қандай көлік түрімен таныстық?

- Балалар біз  не жасадық?

  Бүгінгі белсенділіктерің үшін көп рақмет.

Балалар сұрақтарға жауап берді.

 

 

 

- Автобус.

                                       

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көлік түрлерін;

Түсінеді: жұмысты ұқыпты, реттілікпен жасауды, автобустың басқа көліктерден айырмашылығын;

Қолданады: түрлі-түсті қағазды пайдалана отырып, бөлшектерді қиып жапсыруды.


написать администратору сайта