тезис. Білім саласындаы апаратты технологиялар Оразалиызы . ылыми жетекші Мханова А.. Мейірбике колледджі жшс
Скачать 14.42 Kb.
|
Білім саласындағы ақпараттық технологиялар Оразғалиқызы Ұ. Ғылыми жетекші: Мұханова А.Қ. «Мейірбике» колледджі» ЖШС Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. 2020 жылдың 16 наурызынан бастап пандемияға байланысты Қазақстанда жалпы карантиндік режим енгізілген кезден бастап, барлық оқу орындары қашықтықтан оқытуға көшкендігі белгілі. Жоғары оқу орындарына бұл соққы оңай тигенімен, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары қиындықтарға тап болғаны белгілі. Осы кезден бастап, Қазақстан Республикасының оқу орындары қашықтықтан білім беру барысында қолдануға болатын тиімді ақпараттық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалануға көшті. Ақпараттық технологиялар жақсы дамығанымен ол оқытудың басты құралы болып есептелмейтіндігі белгілі. Ол үшін оқу бағдарламасында және оқыту әдістеріне өзгеріс енгізу керек болды. Жаңа технологияны қолдану оқытушыларға дайындық жұмыстарына көп уақытты керек еткенімен, біздің оқытушыларымыз тез бейімделді деп айтуға болады. Әрбір оқытушыдан ізденуді, шығармашылық жұмыс жасауды, алыс – жақын шетелдердің озық тәжірибелерімен танысуды және оны күнделікті өмірде қолдануды қажет етті. Қашықтықтан оқыту – ақпараттық құралдар және ғылыми негізделген тәсілдер арқылы білім алу формасы. Қашықтықтан оқытуда екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қашықтықтан білім берудің маңызды артықшылығы - заман ағымына сай, интернет арқылы оқытуға мүмкіндік бере отырып, оқыту немесе қайта даярлау үшін бірқатар ақпараттық технологияларды қолданады. MOODLE технологиясы - қашықтықтан оқытудың көптеген оқу орындары мен қайта даярлау курстарына негізделген оқыту технологиясы болып табылады, бұл білім беру ұйымдарына оқыту, тестілеу және емтихан тапсыру үшін онлайн ресурстар құруға мүмкіндік береді. Бұл технологияның мәні - білім беру мекемесінің интерактивті интернет-сайтын құру, онда осы оқу орнында қашықтықтан оқитын студенттер де, олардың оқытушылары да міндетті түрде тіркеледі. Бүкіл қашықтықтан оқыту процесі жүретін білім беру платформасы болып табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясының барлығы интернет - технологияларды қолдануға негізделгендіктен, интернетсіз қашықтықтан білім беру мүмкін емес. |