348 бұйрықМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың. "Білім туралы" азастан Республикасы Заыны 5бабыны
Скачать 147.81 Kb.
|
3-тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар16. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды. 17. ӘАОО үшін оқу-жаттығуларда, далалық жорықтар, полигондарда, практикалардың барлық түрлерін, әскери тағылымдамаларды өткізу кезеңінде оқу жұмысы аптасына оқу сабақтарының 54 сағатына дейінгі есеппен жоспарланады. 18. Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредит/1440 сағатты құрайды. Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған. 19. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең. 20. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды. 4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар21. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді. Дескрипторлар даярлаудың мынадай деңгейлеріне қол жеткізген кезде білім алушылардың қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: - білікті жұмысшы кадрларды даярлау кезінде: қойылған міндеттерге сүйене отырып, белгілі бір еркіндік үлесімен іс-әрекет жүргізу, базалық, жалпы білім беретін және практикаға бағдарланған кәсіби білімді қолдану, стандартты және қарапайым бір типті практикалық міндеттерді шешу, білім мен практикалық тәжірибе негізінде белгілі әрекет тәсілдерін таңдау, алынған нәтижелерді ескере отырып қызметті түзету; - орта буын мамандарын даярлау кезінде: маңызды әлеуметтік және этикалық аспектілерді ескере отырып, басқалардың стандартты жұмысына басшылық жасау, өзінің оқуы мен басқаларды оқытуға жауапты болу, қызметті және практикалық тәжірибені жүзеге асыру үшін кәсіби (практикалық және теориялық) білімді қолдану, жұмыс жағдайын және оның болжамды өзгерістерін дербес талдауды талап ететін кең спектрдің типтік практикалық міндеттерін шешу, қызметті жүзеге асырудың технологиялық жолдарын таңдау, ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзету. 5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар22. ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері біліктіліктердің күрделілігіне және/немесе санына байланысты және МЖБС модельдеріне сәйкес көзделген кредиттер/сағаттардың көлемімен айқындалады.
Техникалық және кәсіптік білім берудің оқу жоспарының моделі
Ескерпе: * "Хореографиялық өнері" мамандығы бойынша 38/912 кредит/ сағатты құрайды. ** Өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% - ын құрайды. *** Біліктіліктің күрделілігіне және (немесе) санына байланысты анықталады. **** Білікті жұмысшы кадрлар деңгейі үшін бөлінген оқу уақытының көлеміне байланысты анықталады.
|