348 бұйрықМектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың. "Білім туралы" азастан Республикасы Заыны 5бабыны
Скачать 147.81 Kb.
|
3- тарау. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар15. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі күндізгі оқыту нысанында міндетті оқу жүктемесін – аптасына кемінде 36 сағат, сондай-ақ факультативтік сабақ пен консультацияны қоса алғанда 54 сағаттан аспайды. 16. Әрбір оқу жылына арналған міндетті оқу уақытының көлемі 60 кредитті/1440 сағатты құрайды. Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған. 17. Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір модуль немесе оқу жұмысының басқа түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең. 18. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін күндізгі оқыту нысанына көзделген тиісті оқу уақыты көлемінен 70%-ды және сырттай оқу нысаны үшін 30%-ды құрайды. 4-тарау. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар19. Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберлерінің, кәсіптік стандарттар дескрипторларымен айқындалады және қол жеткізілген оқыту нәтижелерінен байқалатын меңгерілген негізгі құзыреттерді көрсетеді. Дескрипторлар білім алушылардың мынадай қабілеттерін сипаттайтын оқыту нәтижелерін көрсетеді: ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсаттары шеңберінде еңбек және оқу қызметінің үдерістерін өз бетінше басқару және бақылау жүргізу, мәселелерді талқылау, қорытындыларды дәлелдеу және ақпаратпен сауатты жұмыс істеу, кәсіби салада теориялық және практикалық білімнің кең ауқымын қолдану, кәсіби міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты өз бетінше іздестіруді орындау, шешу тәсілдерінің алуан түрлілігін және оларды таңдауды болжайтын, шығармашылық тәсілді қолдану (немесе кәсіби проблемаларды шешудің әртүрлі, оның ішінде балама нұсқаларын өз бетінше әзірлеу және ұсыну шеберлігі мен дағдысы), ағымдағы және қорытынды бақылау жүргізу, қызметті бағалау мен түзетуді орындау. 5-тарау. Оқу уақытына қойылатын талаптар20. Білім беру бағдарламаларын игеру мерзімдері білім беру деңгейлеріне байланысты анықталады: - жалпы орта білім базасында 180 кредит; - техникалық және кәсіптік білім базасында білікті жұмысшы біліктілігімен 120 кредит; - техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын маманы біліктілігімен 60 кредит.
Орта білімнен кейінгі білім берудің оқу жоспарының моделі
Ескерпе: * өндірістік оқыту және/немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдің кемінде 40% -ын құрайды. ** орта буын маманының мәндес біліктілігінің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі1. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген). 2. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20580 болып тіркелген). 3. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 372 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21146 болып тіркелген). 4. "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 23 шiлдедегі № 362 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23692 болып тіркелген). |