Главная страница
Навигация по странице:

  • Бірыңғай сынып сағатының мақсаты

  • Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

  • Ата-аналар

  • Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы

  • тест. 1 ҚыРкҮйЕк ТәРбИе Сағ. Білімге мтылу, ебексйгіштік жне отаншылды


    Скачать 16.42 Kb.
    НазваниеБілімге мтылу, ебексйгіштік жне отаншылды
    Дата11.09.2022
    Размер16.42 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 ҚыРкҮйЕк ТәРбИе Сағ.docx
    ТипДокументы
    #670812

    1-11сыныптарының жетекшілер назарына!

    2022 жылғы 1 қыркүйекте республиканың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі.

    Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.

    Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.

    Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.

    Міндеттері:

    - білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;

    - білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін талқылау;

    - отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;

    - сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

    Ұсынылады:

    - балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу жылынан күтулерін талқылау;

    - заманауи интерактивті технологияларды, қосымша көрнекі құралдарды қолдану, мұражай, кітапхана ресурстарын пайдалану.

    Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс. Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» республикалық онлайнакциясын өткізу.

    Бейнероликті орналастыру күні: 2022 жылғы 1 қыркүйек.

    Әлеуметтік желілерде орналастыру уақыты: 17.00-21.00. Хэштег: Bilim_quni

    Бейнероликке ұсынылатын тақырыптар:

    • Барлық сыныптар үшін: «Менің мектебім-ең керемет мектеп!», «Сәлем, жаңа оқу жылы», «Маған мектеп формасы ұнайды!»;

    • Бірінші сынып оқушыларына арналған «Менің мектептегі алғашқы күнім»;

    • 2-4 сынып оқушыларына арналған «Менің жарқын жазғы оқиғаларым»;

    • 5-8 сынып оқушылары үшін – «Менің саяхатым»;

    • 9-11 сынып оқушылары үшін – «Менің үлкен сыныптастарым», «Менің ойларым, армандарым, үміттерім»;

    • Ата-аналар, 1 сынып оқушылары үшін – «Біздің мектептегі бірінші күніміз», «Бірінші сынып-өмірдің жаңа кезеңі»;

    • Сынып жетекшілері үшін – «Жаңа оқу жылы құтты болсын, менің сүйікті сыныбым!».

    Тәрбие саласындағы мұғалімнің үздіксіз дамуы мектептегі әдістемелік бірлестіктер аясында құндылықтарды қалыптастыру мәселелерін бірлесіп талқылауды, рефлексияны және зерттеуді қамтиды. Педагог үшін білім беру мақсаттарына қол жеткізуде шығармашылық жобалық қызметті, командалық жұмысты, құрдастар арасында өзара оқытуды (peer learning) көтермелеу үшін «төңкерілген сынып», сторителлинг (оқиға арқылы ақпаратты жеткізу), театр педагогикасы сияқты оқытудың тиімді технологияларын үздіксіз жетілдіру және іздеу маңызды. Сонымен қатар, педагогтерге оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың бойында өсуге, өзіне деген сенімділікке, мақсатқа жетуде табандылыққа және осыған сай өзін-өзі бағалауға психологиялық көзқарасты дамыта білу маңызды.


    написать администратору сайта